7


  • Учителю
  • Планирование Сочинения: Мен- Қазақстандықпын!

Планирование Сочинения: Мен- Қазақстандықпын!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан-егемен ел, мекенім,

Перзентің боп саған қызмет етемін.

Тәуелсіздік туын тұтып қолыма,

Әлі талай табыстарға жетемін.

«Мен -Қазақстандықпын!»

Мен ұйғырмын!!! Мен Қазақстанда дүниеге келдім, және қазақ елінде туғаныма мақтан тұтамын. Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Отан…Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Осы сөздің астарында қанша мағына жатыр десеңізші?! Отан дегеніміз - туып өскен жерің Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған ауыл. Менің Отаным мен үшін аса қымбат жер. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды.

Ал менің Отаным - Қазақстан.

Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық.

Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көрмеймін? Мен өз Отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды

Ұйғырым мен қазағым,

Аз емес тартқан азабың.

Егеменді ел болып,

Гүлдене бер, Қазақстан.

деп ақындар жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені

Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі.

Қазақстан егеменді ел болғалы республикамыз айтып, жазып тауса алмайтын үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 2011 жылдың қаңтар айында Астана мен Алматыда өткен ҮІІ Қыстық Азиада ойындары Қазақстанның дүние жүзіндегі мәртебесін тағы да көтерді. Азиада ойындарын теледидардан тамашалап отырып осындай елде өмір сүріп жатқаныма өзімді өте бақытты сезіндім. Қазақстандық спортшыларымыздың қол жеткізген жетістіктеріне, атап айтқанда 70 спортшының алтын, күміс, қолқа медальдармен марапатталғанына қалай қуанбайсың. Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің әрбір спортшысына жанкүйер болдым. Әсіресе спортшыларымыз алтыннан алқа тағып, көк туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз шырқалып жатқан уақытта көзіме еріксіз жас келді. Бұл бір қазақ ұлтына деген ұлы махаббаттан деп айта алар едім.Азиада ойындары Қазақстанда халықтар достығының жарасқанын бүкіл әлемге дәлелдеді.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық - нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

«Отан от басынан басталады» демекші. Кішкентай күнімнен ата-анам мені мектепке бермей тұрып-ақ маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Қазір де еліміздің өткен тарихы мені қатты қызықтырады, ол туралы оқудан, танып-білуден жалыққан емеспін. Бұның барлығы менің Отаныма деген сүйіспеншілік, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі уақытта өзіміз секілді жастар бойында бірінші орында мемлекеттік тілге, еліне деген құрметі тұруы басты міндет деп есептеймін.

Қазақстандағы басқа халықтар сияқты біз, ұйғыр халқы да дініміз де, тіліміз де бір қазақ халқымен ежелден егіз өсіп, достығымыз жарасқан халықтармыз. Бұнның солай екеніне тарихтың өзі, ата-бабаларымыздың рұхы куә. Екі ұлттың достығы туралы талай ақындар өлеңдер жазған, әлі де жазады. Себебі ұйғыр -қазақ достығы-мәңгілік достық!

Біз - халқымыздың үміт артарымыз, өлкемізді көркейтіп жасартары да біз-жастар.

Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Туған жер! Мен сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңмін, тәуелсіздікті мықтап қолда ұстайтын патриот қызыңмын!

Шығармамды төмендегі өлең жолдарымен аяқтағым келеді:


Жүзден артық ұлтың бар,

Анадан егіз боп туған.

Ежелден ұйғыр досың бар,

Гүлденеміз біз әрі.



«Кіші Ақсу орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Орындаған: 7-сынып оқушысы Гайнидинова Малика

Пән мұғалімі: Нурпеисова Турсунай





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал