7


  • Учителю
  • Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі 'Бастауышым - балбұлағым'.

Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі 'Бастауышым - балбұлағым'.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

2 Чернорецк орта жалпы білім беру мектебі



(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)



Өткізген :

Сынып жетекшісі

Мугдинова М.Е

2012-2013 оқу жылы

БАСТАУЫШЫМ БАЛБҰЛАҒЫМ


(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол - 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіпкішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат. Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, - дегендей, бұл да бір қуанышты күн. . Ендеше қызыҚты , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. «Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Музыка: фанфары

1-жүргізуші:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты .


2-жүргізуші:

Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар


1-жүргізуші

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!


1-жүргізуші:

Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.


2-жүргізуші:

Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымызбен қоштасқалы отырмыз.


1-жүргізуші:

ал енді замандастарымызды, түлектерді, көңілді де ақылды 4 А сыныбын ортаға шақырайық . Қарсы алайық ағайын.


(Музыкамен оқушылар ортаға шығады). Музыка

1-жүргізуші:

Армысыздар жас достар

Болашаққа жол бастар.


2-жүргізуші:

Білім деген ғажаптың

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Қоштасу тойын бастайық

Ән мен биге басайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың

Ән мен шашу шашайық. шашу


ЖҮРГІЗУШІ

Мектеп деген білім кені ,

жыр кені, Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

1-жүргізуші :

Дұрыс айтасың ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын

2-жүргізуші :

Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

2 оқушы: Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

2-оқушы:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз қадірменді конақтар,

Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Осы сырды үйреткен бастауышым,

Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.

3-оқушы:

Білімнің қайнар бұлағы.

Өнердің жарық шырағы.

Тұрағы өзің, мектебім.

Мектебімде шырқалмаған жыр бар ма?

Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жас жалын.

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға.

6-оқушы:

Есігіңді ашқан балаңа,

Құшақ жайдың мектебім сен қуана.

Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,

Сенен артық дүниені таба алам ба?

Мектебім - мәңгі бапкерім

Қарызбыз саған бәріміз

Өзіңе деген парызды,

Ақтаймыз талай әлі біз.

«Өсіп келе жатырмыз» әні

Жүргізуші :Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.


оқушы:

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.


оқушы: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы


оқушы:

Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.


оқушы:

Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.


оқушы:

Үйренеміз жалықпай,

Орыс тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Мұғалім апай тәлімі

Сәулелісін шашқан жарықтай.

1-жүргізуші : Алдарыңызда Біржан Ділназ «Мектебім» әнімен

2-жүргізуші:

«Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» - деген

Алтынсарин атамыз.

Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің

аспайтыны белгілі.

1-жүргізуші:

Шексіз алғысымызды айта отырып,

құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинацияларда бізге сабақ берген

мұғалімдерді марапаттаймыз.

2-жүргізуші: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен кітапханашы Айсулу апай

марапатталады.


Оқушы:

Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Айсулу апай амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп

Барамын болашаққа қадам басып.


1-жүргізуші:

Кең пейілді, ұлағатты»

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Айбенова Гүлнар Зейноллақызы марапатталады.

Оқушы: Сөз сөйлесе жарқын - ақ

Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Гүлнар Зейноллақызына алғыс айтады түлегі.


Жүргізуші : Алыстан, әдейі келген Қайрат Нұртастың орындауында Қызыл өрік әні сізге арналады .Қабыл алыңыздар!!


2-жүргізуші:

«Кең пейілді, ұлағатты» номинация бойынша Канафина Гүлнар Қайрбаевнаға беріледі.

Вы душевны и добры,

и при этом так умны

Знайте, не забудет

Вас Выпускной четвертый класс! Рая

2-жүргізуші:

«Күміс көмей» номинациясымен ән-күй пәнінің мұғалімі Ахметова Базаргүл Қайырбайқызы марапатталады.

Оқушы:

Әдемі ғой ән сабағы мектептің

Жүректерге әсемдікті сепкен кім?

Базаргүл апай, бас иеміз сізге де

Ән мен сазды талмай бізге үйреткен. Ернар


1-жүргізуші:

«Алтын қолы» номинациясымен еңбек пәнінің мұғалімі Айбенова Гүлбаршин Зейноллақызы марапатталады.


Оқушы:

Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күліп жүрер үнемі.Гүлбаршин Зейноллақызы

Жан жүрегін қашанда ұғынасың. Малика


Жүргізуші : Мың бұрылған бишелерге кезек береміз Қыздар биі

2-жүргізуші:

«Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бальгожинов Бауыржан Зейнелгабиденович марапатталады.

Оқушы:

Спорттан талай шәкірт даярлады,

Шәкіртіне бәрін берді, аямады,

Әзілі бірге жүрер өзімен

Бауыржан ағай қашып кетсек аямады. Ерасыл

1-жүргізуші:

«Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі Гүлнар Жасұлановна марапатталады.

Оқушы:

Адамға деген мейірімнің

өзінен бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем

Ақ халатты, абзал жан Гүлнар апай,

Мың алғыс жолдап сізге тоқтамай

Қашанда шәкірт жанын ұға алады,

Көңілден әр уақытта шыға алады. Дильназ


Келесі биші шетелден келді . Қабыл алыңыздар ! Мейіржан

2-жүргізуші: Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.

1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған - ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы

2-жүргізуші: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.

Оқушы :

Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып

Алдымен адам бол деп жетелеген-

дегендей әкенің орны бөлек ау. Аружан

оқушы:

Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым! Рая

Асыл әже

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Әділет « Мама»


1-жүргізуші: Ата-аналар атынан сөз кезегі ............................................... ..............................................................................................................беріледі. (ата-аналардың ыстық лебіздері)


( Мұғалім ата -аналарға алғыс хаттарды береді )

1-жүргізуші: Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?

2-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі - ұстаз.

Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

1-жүргізуші: осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

2-жүргізуші: : Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

1-жүргізуші: 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

2-жүргізуші: Олай болса, келесі бөліміміз мүғалімізге арналады

оқушы :

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік кеп.

Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның. Дильназ

оқушы:

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады


Оқушы :Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті .

Қоссаңдар бірді екіге үш болады-

Деуші едің,-біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші еі бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап Асия


Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден, Мың алғыс мына отты жүректерден!

Мерей

Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,

Көкейіме көрік беріп, гүл еккен

. Мені оқытып, өркенімді өсіріп,

Жалындатып, жанарымды нұр еккен.

Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

Жақсылықтың шырағы боп жағылар.

Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған

Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл

ал.

ҰСТАЗЫМ әні

Жүргізуші :

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

С өз кезегін ұстазымызға береміз!

Мұғалім тілегін айттып , дипломдарды береді


2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген

еңбектеріңізге оқушылар атынан мың бір алғысымызды білдіреміз.


1 - жүргізуші Біз 4 «а» сынып ұлдары мен қыздары ұстаздар мен ата-аналарымыздың алдында бұдан былай да мейірімді, тәртіпті, шыншыл болуға, бүгінге дейін алған білімімді одан әрі толықтыруға, өзімізге білім берген ұстаздарымызды ұмытпауға, өз Отанымызды сүюге

АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ! АНТ ЕТЕМІЗ (барлығы бірге

1-жүргізуші: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Шәкірттер вальсін тамашалаңыздар.

2 -жүргізуші : Шуағын төккен 4 жыл презентацияны тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

Сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі беріледі

Жүргізуші:

Қоңырау үні күмбір қағып,

тынады үндер

Зымырап өтер-кетер бала күндер.

Тұрады шәкірттерін шығарып сап,

Лаулап жансың шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен.

Самғап ұшты тау қыраның.

Өтті сенде қызық шағым.

Бастауышым - балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

Қош бол, қош бол,

Сүйікті бастауышым!

Ән:


1-жүргізуші: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал