- Учителю
- ЖИТС
ЖИТС
Акция тақырыбы: «ЖИТС - ғасыр дерті»
Уақыты:26.11.2014ж.
Әдісі: тәрбие сағаты
Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын алу, сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру; салауатты өмір салтын қалыптастыру; оқушыларға ЖИТС қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зияндылығын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселден барынша аулақ болуға шақыру; оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, АИТВ/ЖИТС жайлы плакаттар.
Барысы:
1жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 1 желтоқсан - дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС індетіне қарсы күрес күніне арнап өткізілгелі отырған «ЖИТС - ғасыр дерті» тақырыбындағы кешімізге хош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деген болатын. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да тәрбиелі, шыныққан шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза, көк желекті дамыған елде тұруы керек. Сол бағдарламаны негізге ала отырып өткізілгелі отырған «Жүре пайда болатын Иммунитет Тапшылығы Синдромы - ғасыр дерті» атты кездесуімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1ж: «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп айтылғандай, қазіргі уақытта көптеген аурулардың алдын-ала егілетін вакциналары бар, емі бар. Ал ЖИТС ауруының қауіптілігі - оның емінің табылмай отырғанында. Бұл дүние жүзінің халқын алаңдатып отырған ғаламдық мәселе, сондықтан әрбір адам АИТВ/ЖИТС ауруы туралы жан-жақты білсе, мұндай індеттің алдын алуға болады.
2ж: АИТВ дегеніміз не? АИТВ сөзін тарқатып айтқанда Адамның Иммунитет Тапшылығы Вирусы дегенді білдіреді. Бұл қоздырғыш адамның қорғаныш жүйесін зақымдайды және жойып жібереді. Қорғаныш жүйесі дегеніміз - адамның жұқпалы аурулардан қарапайым қорғану жүйесі. Орыс ғалымы Р. Петров « Қорғаныш - адамға микробтар әлемінде өмір сүруге мүмкіндік бермейтін рұқсат қағаз» деген болатын.
1ж: ЖИТС сөзін таратып айтқанда, « Жүре пайда болған Иммунитет Тапшылығы Синдромы» дегенді білдіреді. Бұл қорғаныш жүйесінің күрделі зақымданғанын айқындайтын жұқтырылған белгілердің жиынтығы. Жүре пайда болатын Иммунитет Тапшылығы Синдромы басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды, яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді.
ЖИТС бірте-бірте дамитын, кейде бірнеше жылдарға созылып, адамды өлімге жеткізетін кесел. ЖИТС - АИТВ жұқпасының соңғы кезеңі.
2ж: ХХ - ғасырдың обасы атанған АИТВ/ЖИТС ауруының шығуы және таралу тарихы жайында баяндамаға кезек берейік 9-сынып оқушысы Орынбасар Ботакөз
1ж: Достар, осы айтылған мәліметтерді әрі қарай дамыту, пікір алмасу мақсатында кездесуімізге арнайы келіп отырған қонақтарымызбен таныстырып өтейік.
2ж: Облыстық СПИД орталығының дәрігері Тотаева Раушан апай
______________________________________________________________________________
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің маманы Бакиров Ербол ағай
1ж: Адам!
Адам!
Бөлісіп уайымды,
Болашаққа болыңдар дәйім үлгі.
Бір- біріңе болыңдар мейірімді,
Бір- біріңе болыңдар қайырымды.
Дерт шалмасын,
Ешқашан өрт шалмасын
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір- біріңе болыңдар қайырымды.
2ж: Тыңда, дала, ұрпағыңды,
Саңқылдаған жалынды үнді.
Ұран боп сөздер қалықтайды
Салауаттылық салты жайлы.
1ж: Өмірді салауатты қолдап біздер,
Айтқалы келдік міне нақыл сөздер.
Көрсетсек бар өнерді шын сайыста,
Қол соғып тамашалар талай кімдер.
2ж: Алдарыңызда №3 мектеп-интернатының үгіт бригадасы «Денсаулық».
Ұранымыз: (бәрі бірге) «Тәні саудың дені сау».
Көрініс:
-Әй, щегол, бері кел! Қазір саған өмірдің қызығын көрсетемін. Кәйф!
-Ой, ол жаман, қазіргі кезде АИТВ/ЖИТС деген шығып жатыр, таста.
-Әй, ЖИТС деген не екенін білесің бе? Оны орыс тілінен қазақшаға аударғанда «ұйқтап жатыр» деген сөз.
1оқушы: (ЖИТС ауруымен науқас бейнесінде)
ЖИТС деген тағы да бір жау шықты,
Жер астына жөнелтті небір албыртты.
Ажал себер аждаһадан аулақ бол,
Жастар неге сақтамайды саулықты?
О, жаратқан!
Бұл тірлікте не тындырдым, не көрдім,
Құрбанымын ЖИТС деген кеселдің.
Ақтамай-ақ кетіп барам арманын
«Жалғыз бала» деп өсірген әкемнің.
Кім кінәлі, аялаған анам ба,
Бар қажетті даярлаған қоғам ба?
Тек қана өзім кінәлімін, сол үшін
Улы дерттің құрбаны мен болам да.
Жас жеткіншек!
Өздеріңе өлер кезде айтып кетер - борышым,
Ауырсаңдар бұл кеселмен,
Дәрігер де бере алмайды қол ұшын.
Құтқаратын күш жоқ, онда әлсіз тірі өліксің,
Жат әдет пен темекіге, есірткіге жоламаңдар сол үшін!
2оқушы:
ЖИТС - тажал,
Күресейік белсеніп,
Қиндықты тастайық та еңсеріп!
Жас ұрпақпыз - халқымыздың қорғаны,
«болашағым» дейді бізге ел сеніп.
3қушы:
Қазақпын мен жеті жұтты өткерген,
Аман-есен өтіп келген өткелден.
СПИД деген аждаһа бар, сақ болайық,
Дүниені орап келер беткейден.
Обасы ол ХХІ ғасырдың,
Айырмаған досың менен қасың кім?
Мың-миллиондап жеп келеді жегі құрт,
Қиылуда қыршынынан жасыл гүл.
4қушы:
Таңдамайды, талғамайды кімді де,
Қазақ, орыс, америка, үнді ме?
Тыңдаңыздар, оқыңыздар, көріңдер,
Жұтпақшы ол тірлікті де, күнді де.
СПИД деген - ғасыр уы, зобалаңы,
Сан адамға жазылмас жара салды.
Сан адамды өмірден алып кетті,
Мамандар да бір емін таба алмады.
Ей, адамзат, бұл дертке мойынсұнба,
Өлмейсің сен үміт пен сенім барда!
Салауаттылық - жарқын өмір кепілі,
Көтер басты, тағы айтамын, мұңайма!
5қушы
Жігерің бар, талабың бар, қайратың,
Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын.
Өз-өіңді ұстай білсең тартынып,
Өмірің бар алда әлі солмайтын.
Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық!
6қушы
Бұл өмірде не керек?
Дұрыс сөйлеп, дұрыс жүру керек.
Ішімдік ішпей, шылым шекпей,
Денемізді шынықтыру керек.
Ерте тұрып ,кеш жатып,
Есірткіге еліктемей,
Ерінбей еңбек ету керек,
Бәрі: Бәріне де салауатты өмір керек.
1ж: ЖИТС-пен ауыру өлім жазасына кесілгенмен бірдей, себебі дүние жүзінде осы уақытқа дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ жол - ол сақтану, алдын-алу.
2ж: соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғсырдың обасы аталған ЖИТС дертіне аууда. Қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде-бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудан сақтану жолдары, алдын алу және жұғу жолдары мен белгілерін, оның залалын жан-жақты білу, зиянды әдеттерден сақ болу - баршамыздың міндетіміз. Олай болса алғашқы сөз кезегі психо-әлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Тотаева Раушан апайға беріледі.
Көрініс: АИТВ жұғу жолы :
АИТВ/ЖИТС жазылған плакат. АИТВ деген аса қауіпті қоздырғыш, яғни вирус. Адамдар АИТВ вирусын 3 түрлі жолмен жұқтырады. АИТВ- дан сақтанбасаңдар қанға түссе АИТВ вирусын ешкім де жеңе алмайды.
А. АИТВ деген аса қауіпті қоздырғыш, яғни вирус. Адамдар АИТВ вирусын 3 түрлі жолмен жұқтырады. АИТВ- дан сақтанбасаңдар қанға түссе АИТВ вирусын ешкім де жеңе алмайды.
И. 1-ші жұғу жолы жыныстық жолмен. Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. Бұдан сақтану кездейсоқ жыныстық қатынасқа бармау, презерватив қолдану АИТВ/ЖИТС - тен сақтандырады.
Т. 2-ші жұғу көзі вирустың бірден қанға түсуі (есірткі қолданушылар бір шприцті қолдану, қан құйғанда, жарақаттанған теріге АИТВ - мен науқастанған адамның қаны тигенде, ауыз қуысы зақымданса ортақ тіс щеткасынан, тіс емдету кезінде зарарсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда, бір станокпен қырынған да, қас жұлу, татуаж жасатқанда залалсыздандырылмаған құралдарымен қан айналымына енеді. )
В. 3-ші жұқтыру ана сүті арқылы нәрестелерді зақымдау. АИТВ-мен зақымданған ана сәбиді емізу арқылы жұқтырады.
А. Сақтық шараларын орындамасаңдар осы 3 жолмен қанға еніп алып бүкіл иммунитетті біртіндеп жойып, соңғы сатысы ЖИТС-ке айналып, өлім жағдайына алып келеді.
Ж: Біз СПИД-ке қарсымыз!
Бүкіл әлем күресуде-
Індетімен ғасырдың,
Емін әлі таппады ешкім
Сол бір зұлым, пақырдың.
Күннен күнге ұлғаюда
Аурулардың саны деп,
Дәрігерлер дабыл қағып,
Шырылдады,аһ ұрды,
Дүние жүзі адамзатты
Қорғануға шақырды!
И: Оу, адамзат, құлағың сал,
Саулық тіле басыңа,
Сақтана біл қайраттанып,
Енжар болма, жасыма.
Нашақорлық, ішімдіктер
Ұрындырар тегінде,
Салауатты өмір салты
Тұрсын әркез есіңде!
Т: Зұлым атты ғасырдың
Жазасызға жазалап сен тас ұрдың
Адамның ағза-миын жаулап алып,
Жейсің іштен аранындай қасқырдың.
Қоздырғышың вирус болса, жендетің
Өкпе, ми да құртылады демде тым.
Ортасына әсері бұл төзімсіз,
Түсінбеді-ау ғаламшардың бұл дертін
Обасы жиырмасыншы ғасырдың
СПИД-тен барша кекті алмақпын
Ұланымын жиырма бірінші ғасырдың
Қақпа жабам, саған жол жоқ, аулақ жүр!
С: Жетті бүгін СПИД қазақ еліне,
Самал ескен белес-белес беліне.
Сақ болайық айта келген ажалдан,
Аямайды ол сені де, мені де.
Қазақ халқы «Өнер алды - тіл» деген
Арақ-шарап, темекіні білмеген
Тәні таза, жаны таза халқымыз,
Кең даланы еркін жайлап, гүлденген.
Бәрі бірге: Күресейік белсеніп!
Қиындықты тастайық та еңсеріп!
Жас ұрпақпыз - халқымыздың қорғаны
«Болашағым» дейді бізге ел сеніп!
1ж: Жұқтырылмайтын жағдайларды айтып өтсек, ол АИТВ-мен науқастанған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде, ас үй құралдарын бірге пайдаланғанда және тамақ жегенде АИТВ жұқпайды.АИТВ/ЖИТС -пен науқастанған адамдыұстағанда, құшақтағанда, сүйгенде жұқтырмайды. Киім арқылы жұқпайды. АИТВ/ЖИТ-пен науқастанған адаммен қатар отырғанда, оның қаламсабы мен кітабын т.б. заттарын қолданғанда жұқпайды. Бір дәретхана мен ваннаны қолданғанда жұқпайды. Және айта кететін нәрсе маса сияқты жәндіктер АИТВ/ЖИТС қоздырғышын тарата алмайды.
2ж: АИТВ нашақорлардың ортақ шприц-инелерін қолданғанда жұғады. АИТВ/ЖИТС вирусы 20% -і нашақорлар арқылы жұқтырады екен. ЖИТС және нашақорлық тақырыбын өрбіту үшін дәрігер Тотаева Раушан апайға сөз кезегі беріледі.
1ж: Біз «салауатты өмір салтын» насихаттап, келеңсіз жағдайлардың алдын алып, «ХХІ ғасыр - салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек. АИТВ/ЖИТС - тен сақтану жолдарын салауатты өмір салты маманы Ербол ағай баяндайды .
Денсаулық үгіт бригадасы:
-
Денсаулық - баға жетпес құндылық.
-
ЖИТС -ке қарсымыз!
-
Салауатты өмір салтын сақтаймыз, болашаққа сеніммен нық қадам жасаймыз.
-
Өз өмірің өз қолыңда!
2ж: Акцияны қорытындылау үшін мектеп директоры Нәлібаева Ләззат апайға беріледі.
ЖИТС - ғасыр індеті
Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС яғни СПИД ең алғаш ХХ ғасырдың 70-жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-1981 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анджелес дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневмонияның сирек формасымен ауыратын адамдар болған. 1981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді сияқты бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған. Осыдан соң олардың иммунитеттері әлсіреп, әртүрлі аурулардың себебінен өлім жиілегені туралы мақалалар жарық көрді. Бұл - ЖИТС еді. Бұл жұқпалы ауру туралы алғашқы хабарлар АҚШ басылымдарында 1981 жылдың ортасында жарық көре бастады.
1982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС- ты тіркеді. 1983 жылы француз Люком Монтанье мен американдық роберт Галло ауру қоздырғышы туралы алғашқы мәлімет айтты.
Жуықта белгілі болған бұл ауру дәрігерлердің дәлелдеуі бойынша, адамның иммундық жүйесін зақымдап, қорғаныс қабілетінің күрт төмендеуіне әкеліп соқтырады. ЖИТС ауруы пайда болғаннан бері адам баласы қорқынышты жағдайды басынан кешіруде. Өйткені ЖИТС - өте қауіпті індет. Оны ХХ ғасырдың обасы» деп бекер атамаған. Онымен науқастанған және вирусты жұқтырған адамдарды емдейтін тиімді дәрі -дәрмек жоқ. Жақын арада бұл дертке қарсы қолданылатын вакцина мен дәрілерді шығару мүмкіндігі де белгісіз болып отыр. Сонымен қатар ЖИТС вирусының адамның бойында бірден белгі бермеуі де қорқынышты күшейте түсуде.
Бұл вирус иммундық жүниені зақымдап, көптеген басқа жұқпалы аурулардың бас көтеруіне жағдай жасайды. Сондықтан ЖИТС -пен ауырған адамдар ерте болсын, кеш болсын түбінде мерт болатыны анық. Бұл ауру пайда болғаннан бері 20 жылдай уақыт өтсе де, одан емделіп, мүлдем айығып кеткен бірде-бір адам жоқ.
Қазіргі кезде ЖИТС дертіне шалдыққандар мен оның вирусын жұқтырғандар дүние жүзінің бүкіл елдерінде табылып отыр және мұндай науқастардың саны күн сайын арта түсуде.
Дүниеде жүздеген түрлі жұқпалы аурулар бар. Олардың көпшілігі ерте заманнан берібелгілі. Адамдар олардың даму, таралу жолдарын анықтап, емделу және сақтану тәсілдерін үйренді.
Адамдардың ағзасында ауру қоздырғыштары - микробтардан қорғайтын жүйе ерекше ағзалардан, тіннен және жасушалардан тұрады. Оны - иммундық жүйе, ал қорғаныстық қабілеттілікті - иммунитет деп атайды. Иммунитет арнайы жасушалардың және олар бөліп шығаратын ерекше белоктық заттардың әрекетімен қамтамасыз етіледі. Ағзаға микробтар түскеннен кейін осы белоктық заттар қан, сілекей, емшек сүті, ішек жолы кілегейінде, т.б. жерлерде жинала бастайды. Мұнымен қатар адам дүниеге келген сәттен бастап қызмет ететін тұрақты (табиғи) қорғаныс жүйесі бар. Оған тері, шырышты қабаттардың жасушалары, микробтарды бұзып-жоятын ерекше заттар жатады.
Егерде иммундық жүйе туа салысымен әлсіз болса немесе оның жұмысы кейбір зиянды факторлардың әсерінен зақымданса, иммундық тапшылық дамиды. Соның нәтижесінде адамның инфекцияға қарсы тұру қабілеттілігі жойылып, өлімге душар болады. Иммундық жүйенің қызметін бұзып, ЖИТС қоздыратын осындай фактор - микроб екені белгілі болып отыр.
Бастапқы кезде дәрігерлер «жаңа аурудың» бар екенін анықтап, сонан соң оның қоздырғышын тауып, зерттеді.
1981 жылы жаз айында Лос-Анжелос қаласындағы ауруханалардың біріне микробтар қоздырған пневмонияның, яғни өкпе қабынуының ауыр түрімен науқастанған бес жігіт түсті. Иммунитеттің күрт төмендеуінің нәтижесінде оларда басқа да қосымша инфекциялар бар екені анықталды. Әр түрлі антибиотиктермен және басқа дәрі- дәрмектермен белсенді түрде емдеуге қарамастан науқастардың бәрі қайтыс болды. Олардың барлығы да гомосексуалист және нашақорлар екен. Екі ай өткеннен кейін Лос-Анжелос, Сан-Франциско қалаларында, Калифорния штаты аймағында Капоши саркомасы (әдетте, қарттарда кездесетін тамырды зақымдайтын қатерлі ісік), кандидоз, ұшықтық инфекциядан асқынған пневмонияның өліммен аяқталған жаңа оқиғалары тіркелді. Мұндай аурулар әдетке жатпайтын жыныстық қылықтармен айналысатын жастардың арасында кездесетіні белгілі болған. Науқастардың бәрі де табиғаты белгісіз иммундық тапшылыққа душар болғаны анықталған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ауруды АІDS деп атады. Орысша - СПИД, қазақша ЖИТС деп аталатын бұл кесел кезінде адам ағзасында қорғаныс қабілеті жетімсіздігінің кешенді белгілері пайда болады. Таралу ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның жұқпалы ауру екені анықталады. Міне, сөйтіп 1983 жылы бір мезгілде Францияда Люк Монтанье, АҚШ-та Роберт Галло аурулардан осы кезге дейін белгісіз болып келген вирус тапты. Ол НІDV, орысша - ВИЧ, қазақша - АИТВ деп аталады.