7


  • Учителю
  • класный час 'киелі сандар сыры'

класный час 'киелі сандар сыры'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сельбаева Ж.ЕТақырыбы:Киелі сандар сырыМақсаты:Оқушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту,салт-дәстүрлік ғибраттар сырына қанықтыру,халқымызда қалыптасқан қасиетті ұғымдардың тәрбиелік мәніне көз жеткізу,тапқырлыққа,ұтымды жауап айтуға,шешендік өнерге,адамгершілікке т
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Киелі сандар сыры

Мақсаты: Оқушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту,салт-дәстүрлік ғибраттар сырына қанықтыру,халқымызда қалыптасқан қасиетті ұғымдардың тәрбиелік мәніне көз жеткізу,тапқырлыққа,ұтымды жауап айтуға,шешендік өнерге,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі,қажетті жабдықтар: интерактивті тақта,слайдтар, көрме,сан атаулары жазылған парақшалар т.б.

І.Ұйымдастыру.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Халқымызда қалыптасқан қасиетті ұғымдар көп. Оның әрқайсысын зерделеу, тереңіне үңілу,құпиясына қанығу - біздің міндетіміз. Солардың бірі - киелі сандар әлемі. Сандар арқылы халқымыз ой-өрісті кеңейтіп, есептеу,ырымдаут.б. қаситтерді меңгерген. Салт-дәстүрлік ғибраттардың сырына қанықтыру мақсатындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ыстық қайрат- ол басты,

Сенімің мен жігерің,

Нұрлы ақылды жолбасшы,

Жылы жүрек - мейірің,-дегендей, Абай атамыз айтқан үш қасиет бойымызда дарысын десек, сөздер сырын, сандар сырын білуге бастаған өнегелі,тәлімі мол тәрбие сағатын біз бастайық.

кіріспе сөз: Сандар сыры сан алуан. Сандарда кие бола ма?

Болады деген екен ата - бабаларымыз. 7.., 13.., 25.., 37.., 49.., 61... мүшел жастың, киелі сандардың тылсым сырының алдында іштей мойынсұнады.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

40санын халқымыз

Бақ дәулетке балаған

Талай дәстүр салтымыз

Осы атаудан тараған.

3 саны туралы

Үш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай

Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.

Үш ғайып: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.

Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

Үш қадірлі: бақ, ырыс, дәулет

Үш жұрт: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.

Үш алыс: көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы.

Үш даусыз: мінез даусыз, кәрілік даусыз, ажал даусыз.

Үш жамандық: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата бабадан қалған ескі жұртты бұзу.

Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

Үш тұл: қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым

4 саны туралы

Төрт тұлға: от, су, жер, жел

Төрт маусым: қыс, көктем, жаз, күз

Төрт періште: Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил

Төрт мұрат: дау мұраты - біту, сауда мұраты - ұту, жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету

Төрт кітап: Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран

5 саны туралы

Бес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық

Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта

Бес намаз: таң, бесін, екінді, ақшам, құптан

Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн

Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге кірме, жарлыдан сый алма

Бес жаман мен бес асыл:

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз.

7 саны туралы

1. Апта 7 күннен тұрады. Аптаны 7 күнге бөлу Ай фазасының 7 күн сайын өзгеріп тұруынан туған нәрсе.

2. Қазақта әлденеге қуанса, қорықса, әлдебір апаттан аман қалса жеті нан салып, құран оқытады. Жеті теңге садақа тастайды.

3. Қазақ жеті атаға толғанша қыз алыспайды.

Сондықтан жеті атасын білуге міндетті. Жеті атасын білмеген жетесіз.

4. Қарғыс жеті атаға кетеді деген ұғым бар.

5. Дүниелік адамның аза тұтушы туыстары жеті күннен кейін арнайы жетелік садақасын береді.

6. Жеті санына байланысты асыл сөздер:

Жеті жетім:

Тыңдалмаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу - қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім

Замандасы қалмаса

Бәрінен де сол жетім.

Жеті қазына:

Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.

Жеті ата:

Бала, әке, ата, арғы ата, баба, ту ата, тек ата.

Жеті күн:

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті жұт:

Құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс,

топан су, зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ:

Жерде өлшеуіш жоқ,

Аспанда тіреуіш жоқ,

Таста тамыр жоқ,

Тасбақада тамақ жоқ,

Аллада бауыр жоқ,

Аққуда сүт жоқ,

Жылқыда өт жоқ.

Жеті қат көк:

Меркурий, Шолпан, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Сатурн.

9 саны туралы

9 тепе - теңдік белгісі, 9 - ға байланысты төмендегідеі түсінік бар.

1. Қазақта қызын ұзатқанда тоғыздан жасау жасайды.

2. Ағайын арасында ірі кикілжің болғанда кінәлі жаққа бірнеше тоғыздан айып салатын болған.

3. Осы тәрізді ел ішінде ырымдап, тоғыз жолдың торабына садақа тастайды.

4. Ал ең бастысы 9 санын құрметтеу адамның ана құрсағында 9ай 9күн қалыптасып дүниеге келуі.

5. 9 санының өзінің мінездемесіне үңілсек, ол үлкен қуаттың, өзге ортаға әсер етуші үлкен күштің соғыс пен апаттың белгісі.

6. 9 - дың символы - темір немесе қару жасайтын темірлер.

7. 9 санына билік жүргізіп тұрған Марс планетасы.

8. Жалпы сан құдіретіне сенетіндер 9 - ды бақыттылар саны дейді.

13 саны туралы

Осы жұрт 13 - тен неге шошиды?

Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз сан ретінде саналады. Көпшілігі сол күні жолға шықпауға, үлкен істі бастамауға тырысады. №13 үйді сатып алудан, 13 нөмірде спорт ойынына қатысудан, қайда да болсын 13 - ші болудан қашқақтайды.

Қазақта керісінше, 13 - те отау иесі деп, бұл жасқа келген

адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды.

13 жылда мүшел жас келіп отырады.

.Екі-ақ әріп құрамым, 4.Б бастаса кемемді,

Белортада тұрағым. Ең бір үздік бағаңмын.

Қалдырмаймын сыныпта, Басқы әріпсіз мен енді,

Болмасам да пырағың, Ақылың боп саналдым./бес/

Қай бағамын,шырағым?/үш/

3.Үш әріп- Т-ға қосылса, 5. Ж-дан мені бастасаң,

Баға болар нарқы бар. Сан боламын ұлысты.

Басқы әріпсіз оқылса, К-ге айырбастасаң,

Тілсіз жау боп шарпылар. /төрт/ Мезгіл болам ырысты./жүз,күз/

Е бастаса керуенді, 7. М-ға екі әріп жалғасса,

Жасы болам еріңнің. Дөңгелек сан пірімін.

Ұ бастаса мен енді , Ш-ға басым алмасса,

Жәндік болып жеріндім. /елу/ Асқар таудың бірімін./мың,шың/

«Есептеуге кім жүйрік?»бөлімінде оқушылар санмен берілген есеп шығарады.

1.Бір ағашта бес қарға, 2.Бір бұтақта жеті алма,

Бір ағашта үш қарға. Бір бұтақта екі алма.

Жанындағы жас талға, Бірін өзің жеп ал да,

Және қонды үш қарға, Біреуін бер Кемалға.

Соныменен барлығы, Қалды сонда неше алма?/7/

VІІ. «Топ пікіріне тоқталсақ…»

1-жүргізуші: Әрбір топтың пікірін ,

Тыңдап алсақ болмай ма?

Кімде киелі сандардың,

Құпиясы көп екен?

2-жүргізуші:Сырын сандар жайының,

Біліп өсу - парызың.

Үлкенге ол- қайырым,

Ұлыларға - тағызым.

Әр топтан бір оқушыға қорытынды сөз беріледі.

VІІІ.Тәрбие сағатын қорытындылау

Мұғалім сөзі: Төрткүл дүние бар елдің,

Кеңістігі - әр қанат.

Төрт бұрышы әлемнің,

Шыр айналған шартарап,- дегендей,сүйікті шәкірттер, дүниенің төрт бұрышын аралап,білім іздеңдер,жеті мүшелерің сау болсын, әрқайсың тоғыз тарапта жүрсеңдер де, бір-біріңді ұмытпаңдар, «Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз»,сондықтан мынау бес күндік тіршілікте бір-біріңді сыйлаңдар, білімді болып,мыңды жығыңдар,Мұқағали жырлаған «Үш бақытым» бар леп жүріңдер.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал