- Учителю
- Жыр алыбы- Жамбылға 170 жыл
Жыр алыбы- Жамбылға 170 жыл
Сабақтың тақырыбы: « Жыр алыбы- Жамбылға 170 жыл.
Сабақтың мақсаты:Б/К Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.
Д/Қ:Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.
Т/К: Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:әңгімелеу, мәнерлеп өлең оқу.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, ақын жазушылардың пікірі, буклеттер, ақын өлеңдерінен үзінділер,сурет, кітап көрмесі, сөзжұмбақ,Жамбыл әлемі фотосуреттер.
Сабақтың барысы: Кіріспе. Мұғалім сөзі.
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халыққа үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына арналған тәрбие кешіне хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 165 жасқа толып отыр. Осы мерейтойға арналған би шашу.
Сахнада 7 «а» сынып оқушыларының орындауында қазақ биі.
1-жүргізуші:Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.
2-оқушы: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
3-оқушы:Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.
Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл - менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.1938 жылы «Ленин» орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді.Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп , Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері,дастандары бар.
2-оқушы: Тірек сызба мен жұмыс.
Поэзия алыбы.
Жүз жасаған. Айтыс ақыны.
Дастаншы. Жамбыл
Жыр алыбы.
Ауыз әдебиет алыбы. Суырып салма ақын.
Қазақтың Гомері.
3-оқушы: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы.
Жамбыл - ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет - бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрә айтыс ақыны, әрә азаматтық әуеннің де ақыны. М. Әуезов.
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
С. Сейфуллин.
Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың. І. Жансүгіров.
Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі. С. Мұқанов.
4-оқушы Ұлмекен .Слайд. «Жамбыл әлемі» Фотосуреттер.
Мырзабек: « Халық -менің шын атым.
Жамбыл деген - жай атым,
Халық - менің шын атым,
Жай -құйрығым, қанатым,
Қазақстан- Отаным.
Қалаған бақыт мұрасын.
Кеңес - менің мыңдап жыл.
Аңсап тапқан мұратым.
Жаңқамды жауға бермеске,
Отанға берген бар атым.
Миллион- миллион барлық жан ,
Арыстан жүрек ер балам,
Сарқылғанша талшы қан,
Қорған, шебін құратын,
Жау мойынан жұлатын-
Атым осы болатын...
6-оқушы:Балаларға.
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп, тұра алмаймын,
Ішінен асып, кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді , міне , Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейіріне қанған,
Қуанып жастығына сендей, ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз- түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
Көрермендермен ойын. Сөзжұмбақ.
1.Жамбылдың әкесінің есімі.
2.Дүниеге келген айы.
3.1881жылы Жетісуде қай айтыскер ақынды жеңіп алды?
4.Жамбылдың ұстазы кім?
5.Жамбыл жас ұрпақты неге шақырады.
6. Жамбыл1938жылы қандай орденмен марапатталды?
7.Жамбыл қанша жасаған?
8.Жамбылдың ұлының аты кім?
9. Біреу сапар шегер алдында, үлкен іс бастарда оң тілек айту не деп аталады?
10.Екі ақынның бір- бірімен жарысар өлеңі.
11.Жамбылдың шәкірті кім?
12.Алматы қаласының патшалық кезеңдегі аты.
ж
а
п
а
А
қ
п
а
н
қ
ұ
л
м
а
м
б
е
т
с
ү
й
і
н
б
а
й
ы
н
т
ы
м
а
қ
қ
а
л
е
н
и
н
ж
ү
з
А
л
ғ
а
д
а
й
б
а
т
а
а
й
т
ы
с
К
е
н
е
н
в
е
р
н
ы
й
Мұғалім: Сиынып аруағына бабамыздың,
Киесін ұққандаймын даламыздың.
Жырлары-шежіресі еліміздің,
Сырлары-сағынышы санамыздың.
Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 165 жылдығына арналған тәрбие сағаты аяқталды.Ынта қойып,тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.