7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс іс-шара 'Мен 5-ші сынып оқушысымын'

Сыныптан тыс іс-шара 'Мен 5-ші сынып оқушысымын'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мен 5-ші сынып оқушысымын

Мақсаты:

  • Оққушылардың орта буындағы адаптациялық кезеңіндегі қиыншылықтарды аттап өтуге көмек көрсету;

  • Балалар арсында достық қарым-қатынасты қалыптастыру;

  • Өздерін тыңдата білу және өзгені тыңдай білуге үйрету;

  • Оқушылардың оқу пәндеріне ойын арқылы қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктері: үлестірмелер


Ойынның барысы:


Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен қонақтар. Мен барлықтарыңызды осы жерде көруге қуаныштымын. Бүгінгі кешіміз 5 сыныптың кіші буыннан орта буынға көшуіне арналған. Бірінші тоқсан да аяқталайын деп жатыр. Сондықтан да мен сендер 5 сынып оқушысы атануына лайықтысындар ма алде жоқ па екендігін тексергім келеді. Бүгінгі кешімізде екі топ жарысады, ал оларды біздің әділ әділқазыларымыз бағалайды. Әділқазыларымызбен таныстырып өтейік:

1)

2)

3)

Бірінші сайыс: таныстыру. Әр топ өз тобының атын ойластырып, эмблема жасаулары керек. Сонымен қатар жасаған эмблемаларын қорғауға тиісті. Уақыты 5 минут. Бұл сайысқа берілетін ең жоғары ұпай 5 балл.

Екінші сайыс: математикалық сайыс. 2 минут ішінде оқушылар оқушылар берілген математикалық тапсырмаларды орындаулары керек.

1 лік қ10ыс

К3 Кей1

9құмалақ 7ген

Ұлы100 40аяқ

Қ10ақ 5ік

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Үшінші сайысымыз: тапқырлар сайысы. Әр топқа кезек-кезек сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға жылдам жауап беру керек.

  1. Тік төрт бұрыштың ішінде не бар?

  2. 5 адам 5 алманы өзара тең бөлісіп алу керек және бір алма себетте қалу керек

  3. Жерде 6 торғай отыр, оларға тағы да 4-уі ұшып келді. Мысық келіп бір торғайды ұстап алады. Жерде неше торғай қалды.

  4. Орманда қайың тұр. Қайыңда 3 бұтақ бар. Әр бұтақта 3 алмадан. Барлығы неше алма?

  5. Не жеңіл 1 кг мақта ма, әлде 1 кг темір ме?

  6. 3 ат 5км шауып өтті. Әр ат неше км шауып өтті?

  7. 1 есек 10 кг қантты әкеле жатты, ал 2-шісі 10 кг мақта әкеле жатты. Кімнің жүгі ауыр?

  8. Көптен күткен желтоқсан да келді. Ауа райы тамаша болып тұрды. Біздің бақта біріншіден 2 алмұрт, ал содан кейін 3 алма ағашы гүлденді. Барлығы қанша ағаш гүлденді?

  9. Шаңғышылар тамақ ішіп отырған жерде 20 Шаңғы және 20 таяқ тұрды. Барлығы неше Шаңғышы?

  10. Теңізде 9 акула болды. Олардың біреуі балықты көріп теңіздің түбіне сүңгіді. Теңізде неше акула қалды?

Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Төртінші сайысымыз: Пәндік сайыс. Әр оқушы өзінің сүйікті пәнін атап, оның ерекшелігін айтуға тиіс.

Әр жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

Бесінші сайыс: мақал-мәтелдер сайысы. Оқушылар достық, бірлік, адамгершілік, яғни рухани байлық туралы мақал-мәтелдер айтулары керек.

Әр мақал-мәтелге бір ұпайдан беріледі.

Алтыншы сайыс: Үшбұрыштар сайысы. Тапсырма: берілген суретте неше үшбұрыш бар?

Жетінші сайыс: таланттар сайысы. Сендер «Әлемнің жарығы» атты өлеңді барлықтарын да білесіңдер, солай ма? Ал енді осы өлеңді барлығымыз бірге қосылып айтып көрейік. Жақсы, есімізге түсірдік. Тапсырма: осы әнге өздерін сөз жазып орнындауларын керек. Уақыт 7 минут. Бұл сайысқа берілетін ең жоғары ұпай 5 балл.

Сегізінші сайыс: қиялдау сайысы «Болашақтың мектебі». Сендер біздің мектеп қандай болғанын қалайсындар? Сол мектепті салып, қорғауларын керек.

Тоғызыншы сайыс: Астрономиялық сайыс.

1) Жұлдыз дегеніміз не?

2) Жердің серігі

3) Ғаламшардың саны нешеу?

4) Ең ауыр ғаламшар қандай?

5) Қай ғаламшарда тіршілік бар?

6) Судың агрегаттық түрлерін ата

7) Қай ғаламшарда судың барлық түрлері кездеседі?

Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

Балалар, міне енді мен сендердің 5 сынып оқушысы атына лайық екендіктеріңді көрдім. Осымен біздің кешіміз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал