7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Сынып лидері' 6 сынып

Тәрбие сағаты 'Сынып лидері' 6 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: « Сынып лидері»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін

тексеру, еліміздің экономикасына үлес қосушы

білімді жастар болуына шақыру, сенімдерін ояту.

2. Оқушының жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

3. Тілге деген сүйіспеншілігін арттыру,тілге ерекше

құрметпен қарауға баулу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын.

Пән аралас байланыс: қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі және ағылшын тілі.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,сызба қағаздар, шарлар, гүлдер.

Пайдаланылған сөздер:

1.Бүгінгі білім- ертеңгі байлығымыз.

2.XXI- ғасыр білім ғасыры.

3. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

4.Тәуелсіз елге- білімді ұрпақ.

5. Қазақстан болашағы білімді жастар қолында.

Жоспары:

I кезең: Таныстыру

II кезең: Кім шапшаң « Сөз тізбе» ойыны

III кезең: Тіл - өнер сайысы ( Жұмбақ 3 тілде)

IV кезең:Егер мен ... болсам (Ситуациялық сұрақ)

V кезең: Өлең сөздің патшасы

VI кезең: Әп сәтте «Білімдіден -ақыл шығар, ақылдыдан- нақыл шығар»

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі «Сынып лидері» атты білімпаздар сайысына қош келдіңіздер!

Қыран құсым көк аспанда самғасам,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр!

Жас ұландар берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Міне, Қазақстанды орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған елбасымыздың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті.Елбасымыздың жолдауы егемендіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апаратын алтын сүрлеу.

XXI- ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес қосушы сендерсіңдер деп білемін.

Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе- бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер- демекші сайыскерлерімізбен таныс болайық:

1.Абай Айдана

2.Азбергенова Айсұлу

3. Жалғасбаева Райхан

4.Изметова Айша

5.Қаржаубаева Алтынай

6. Қойшыбаева Назерке

-Ал, құрметті қауым ,сайысымызды бастамас бұрын, сайысқа төрелік етуші әділқазылар алқасын сайлап алайық:

Әрбір дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі.

Барлығыңызды сайыстың бағытымен таныстырып өтейін.

I кезең: Таныстыру

II кезең: Кім шапшаң « Сөз тізбе» ойыны

III кезең: Тіл - өнер сайысы ( Жұмбақ 3 тілде)

IV кезең:Егер мен ... болсам (Ситуациялық сұрақ)

V кезең: Өлең сөздің патшасы

VI кезең: Әп сәтте «Білімдіден -ақыл шығар, ақылдыдан- нақыл шығар»

Сайысымыздың I- кезеңі: «Таныстыру» деп аталады.

Әр оқушы өздерін таныстырады.

II-кезең: «Кім шапшаң» деп аталады. « Сөз тізбе» ойыны

Ойын шарты бойынша берілген сөзден көп сөз құрастыру.

Берілген сөз: Қазақстан

III- кезең: «Тіл - өнер сайысы» ( Жұмбақты 3 тілде айту)

Әр оқушыға 2 жұмбақтан.

  1. Айдалада ақ отау,

Аузы мұрны жоқ отау.

(жұмыртқа - яйцо - an egg)

  1. Сол аяқ пен оң аяқ,

Кезек оны тебеді.

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.

(доп - мяч - a ball)

  1. Асқар тауда қара орман.

(шаш - волос - a hair)

  1. Бақшадан келген ала доп.

(қарбыз - арбуз - watermelon)

  1. Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды.

(балық - рыба - a fish)

  1. Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады.

(мысық - кот - a cat)

  1. 1 санға өсірді.

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді.

(сынып- класс - class)

  1. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(қоян- заяц - a rabbit)

  1. Бір қораға қамалғандар,

Жану үшін жаралғандар.

(сіріңке- спичка - match)


  1. Болсада көкте мекені,

Кездеспейді екеуі.

(ай, күн- луна, солнце - moon, sun )

  1. Сақталады 6 ай жаз,

Сандығымда сары аяз.


(Тоңазытқыш- холодильник- fridge)

  1. Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір -ақ із түсті.

(ара-пила- saw )


IV- кезең: «Егер мен ... болсам» (Ситуациялық сұрақ)

Бір жағдаятты оқимын, сендер өздерінің тапқырлықтарыңды, ақылдылықтарыңды дәлелдейсіңдер.

1) Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің керек. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің,ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жатыр, сен не істейсің?

2) Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл өтінішьі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі үйді жинап қойды. Сен келгенде анаң ренжулі еді. Сенің әрекетің.

3) Үйде ешкім жоқ. Тек сен ғана. Есіктің қоңырауы соғылды. Сен барып қарасаңб алыстан келген туысқан апаң. Сенің анаң ешкімге есік ашпауды ескерткен. Сенің әрекетің.

4) Апаңның қымбат затын алып, оны жоғалтып алдың, апаңа ол жайлы қалай айтасың.

5) Сен өте асығыссың. Себебі сабаққа үлгеруің керек. Мектепке асығып келе жатқанда алдыңнан қара мысық шығып, жолыңды кесіп өтті.1- ші сабақ қатал апайдың сабағы, ол кешігіп келсең сабағына кіргізбейді. Сенің әрекетің.

6) Сен достарыңмен кинотеатрға баруға келісіп қойдың, бірақ үйге қонақтар келіп қалуына байланысты, анаң ініңе қарап үйде қалуды өтінді. Сен бұл тығырықтан қалай шығар едің.

V- кезең: «Өлең сөздің патшасы»

Отан, Туған жер туралы өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

VI-кезең: «Әп сәтте «Білімдіден -ақыл шығар, ақылдыдан- нақыл шығар»

Мен мақалдың бастапқы жолын оқимын, сіздер жалғастырып айтуларыңыз керек.

Әр оқушыға 2 мақалдан.

1.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

2. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,

Егін екпесең, жерге өкпелеме.

3. Жылай- жылай арық қазсаң,

Күле- күле су ішерсің.

4. Ердің көркі елімен,

Отан көркі жерімен.

5. Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ел сақтар.

6.Әке көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

7. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

8. Жолдас жақсы жолды болар,

Жолдас жаман қолды болар.

9.Оқусыз білім жоқ,

Білімсің күнің жоқ.

10.Тазалық- саулық негізі,

Саулық- байлық негізі.

11. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

12. Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

Осымен бүгінгі «Сынып лидері» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Әділқазылар сайыстың қорытындысын жарияласаңыздар. Бүгінгі тәрбие сағатымызға келіп қатысқандарыңызға көп- көп рахмет.

Енді жеңімпаздарымызды құттықтайық.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал