7


  • Учителю
  • Қарым-қатынас мәдениеті (Сыныптан тыс шара )

Қарым-қатынас мәдениеті (Сыныптан тыс шара )

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Қарым- қатынас мәдениеті»

Сабақтың мақсаты: Мұғалім, ата-ана, оқушы арасындағы қарым-қатынасты

жақсарту. Ата-анамен мектеп арасындағы қарым-

қатынасты дамыту; Алға қойған мақсатқа жету

жолындағы қиыншылықтарды жеңе білуге оқушыларды

тәрбиелеу.

Қатысатындар: мұғалім,ата-ана, оқушы.

Түрі: тренинг сабақ

Барысы:

1. Ұйымдастыру

- Сәлематсыздар ма, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қарым-қатынас мәдениеті төңірегінде болатын тренингімізге қош келдіңіздер!

Адамның қарым-қатынасы оның көңіл күйіне байланысты. Көңіл күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Ал, кәнекей, барлығымыз көңіл күйімізді тыңдап көрелік (Суретте күн, бұл, жаңбыр). Көңіл күйді табиғи құбылыстармен белгілейміз,себебі,табиғи құбылыстар өзгеріп тұрады, көңіл күйде өзгереді.Қазіргі көңіл күйлеріңізді белгілеп қойыңыздар. Менің көңіл күйім. Рахмет!

Тренинг ережесімен танысып алайық:

  • Бір-бірін тыңдау;

  • Уақыт үнемдеу;

  • Белсенділік таныту;

  • Достық қарым- қатынаста болу;

  • Жағымды эмоция туғызу;

  • Психологиялық бағыт беру (әуенмен)

Қарым -қатынас жасау арқылы адамдар ақпарат алады,білім алады, айналадағы дүниені танып - біледі.Адамдармен қарым- қатынас жасау шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне байланысты десек артық болмас. Ендеше, қарым - қатынасқа түсу үшін орнымыздан тұрып орта құрайық.Орта - ол біртұтастық, бірлік.

1- жаттығу

Әр қатысушы өз атын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.Мысалы: «Менің атым- Индира. Менің ұстанымым ешқашан шаршамау!», «Өмірдің ағымынан қалмау», «Ешқашан білмеймін демеу», т.б. Рахмет!

Адами қарым-қатынастағы ең басты әдеттілік, бұл- сәлемдесу болып табылады.Сәлемдесу қай халықтың болмасын бір ғана мүддесін көздейді.Ол бір- бірінің саулығын сұрау,өздерінің аман-есен кездесіп тұрғанына қуанышын білдіру, ниеттері ақ, адал екендігін сездіру.Сәлемдесу-имандылық, инабаттылық, көрегенділік, мәдениеттіліктің белгісі.Қазақ халқында сәлемдесудің түрлері көп.Олай болса, әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі:

Ата-аналар тобына: Ата,әжелердің амандық-саулық сұрасуын сахналау.

Мұғалімдер тобына: Мұғалім мен оқушылардың арасындағы сәлемдесуді

Сахналау.

Оқушылар тобына: Өз құрбыларымен сәлемдесуді сахналау.

Сахналау соңында мына сұрақтарды талқылау:

1.Қалай амандасқан жөн деп ойлайсыздар?

2. Амандасу әдептілігі жайлы не білесіздер?

3. Қазақ дәстүріндегі сәлемдесудің қандай реттілігі қалыптасқан? Оның ішінде Маңғыстаудың ерекшеліктерін айтып өту керек.



«Түсін мені» ойыны.

Шарты: Мен әр топтың бір мүшесіне сыбырлап бір нәрсенің атын айтамын.Ол соны өз тобындағы келесі адамға айту керек,ол әрі қарай... Соңында менің айтқан сөзімнен қандай сөз шыққанын көретін боламыз.



Адамның ары таза, көңілі ақ, ниеті түзу болса, ол еш уақытта адамдарға жамандық ойламайды.Бұл ізгілікті қарым- қатынастың бірден бір жолы.

Ал, енді постер қорғайық.Үш топ өздеріне берілген тақырыпта сурет құрастырулары керек.

1. Қаладағы қарым-қатынас.

2. Аудан орталығындағы қарым-қатынас.

3. Жайлаудағы қарым- қатынас.

2- жаттығу

Сіздер, өзіңіз және мінезіңіз жайлы қысқаша айтып өтсеңіздер:

Мен мұғаліммін және ақкөңілмін.

Бүгінгі сабақтан әсерлеріңіз қандай? Халқымыздың «Жылы- жылы сөйлесең жылан да інінен шығады» деген мақалы да жағымды сөйлеудің қаншалықты керемет күшке ие екендігін аңғартады.Ендігі кезекте жылы лебімізді білдірейік. Мына тақтадағы үйге балалардың күлкісі жетіспейді. Сондықтан мына бала- стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жазып, үйге орналастырайық.

Сонымен тренингімізді ұлы Абайдың сөзімен аяқтағым келіп тұр. «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен қарым-қатынасы».

Сабаққа қатысып, ойларыңызды білдіргендеріңізге рахмет! Сіздермен қарым- қатынаста болғаныма қуаныштымын! Рахмет!



Дайындаған:

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин

атындағы орта мектебі»ММ - нің

</ мұғалімі Дюсалиева Индира









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал