- Учителю
- Разработка по классному часу на тему Ыбырай Алтынсарин - ұлы ағартушы
Разработка по классному часу на тему Ыбырай Алтынсарин - ұлы ағартушы
Сынып сағатының тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин - педагог, ағартушы, қоғам қайраткері»
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап
Барысы:
І. Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына тоқталу
ІІ. Әңгімелерінен көрініс.
І. Мұғалім: Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин. Сонымен қатар Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.
Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы туралы бейне жазба көрсетіледі.
Ризабек: Ы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.
Биібігүлсім: Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады.
Бауыржан: Балқожа бидің баласына жазған хаты.
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін құдайтағалам;
Атаң мұнда анаңмен есен - аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл бөлсең басыларсың;
Ата - анаң өнер білсең асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің.
Әсем: Ұлы тұлға Ыбарай Алтынсарин 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.
Арсен: 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті.
Алдияр: Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.
Расул: Сауатты болса екен деп қазақ халқын, Білімге бастап беріп, жолды салды. Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен, Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.
Әлия: Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де «Кел, балалар,
оқылық»- деді Ыбырай.
Кел, балалар, оқылық!
Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен- күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған…
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған…
Өнер- білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Мадина:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Надандықтын белгісі -
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Әлпештеген ата - ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата - енең картайса -
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не ғылғанда ұнайды?
Шырағым абай болгай деп,
Ата - енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.
Бейбарыс: Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!
Жас ұрпақ білім алды әр салада,
Алғырлар өнер десе жан сала ма.
«Өнер - білім бар, жұрттар» деген сөзі,
Мәңгілік із қалдырды әр санаға.
Өнер - білім бар, жұрттар (өлеңін оқу)
Парасат: Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.
Дарын: «Ананың сүюі»
Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,
Куанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Камқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Кұлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
Мұғалім: Енді сіздердің назарларыңызға алғашқы
ұстаз, ұлы ағартушы
Ы. Алтынсариннің бірнеше әңгімелеріне дайындалған көріністерін
ұсынып, бұл әңгімелердің тәрбиелік мәнін терең мағынада түсінуге
шақырамыз.
1 әңгіме: «Жаман жолдас»
2 әңгіме: «Әке мен бала»
Оқушылар берліген әр әңгімеге талдау жасап, өз ойларын айтады.
Қорытынды:
Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп
ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық.
Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне
тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш
есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп,
танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы
оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға,
ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.
«Көктем» қазақ орта мектебі
Тақырыбы:
«Ыбырай Алтынсарин - педагог, ағартушы, қоғам қайраткері»
Сыныбы: 5 б
Сынып жетекшісі: Аманғалиева З.Қ.
2016-2017 оқу жылы