- Учителю
 - «Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі
 
«Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі
Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу
орта мектеп - кешенінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ескендірова Қымбат Неғметжанқызы
3 «сынып»
Тақырыбы: «Қазақстан- достық мекені» атты сурет көрмесі
Мақсаты: Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
 Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
 Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
 Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
 Формасы: сурет көрмесі
 Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
 Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі 
( Оқушыларды дөңгелетіп отырғызу)
 Оқушыларды дөңгеленте отырғызып, сабақтың тақырыбымен таныстырамын. 
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
 - Қазақстан
 - Қазақстан жері қандай?
 - Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
 -Қазақстан қандай мемлекет? 
-Дұрыс, тәуелсіз, көпұлтты, егеменді, тату мемлекет
- Ал, сендер қандай мектепте оқисыңдар?
-Неліктен ұлттық мектеп деп аталады?
-Біздің мектепте қандай ұлттар оқиды?
Біздің мектепте бірнеше өзге ұлт өкілдерінің балалары оқиды.
Балалар бізде осы апта -Тілдер апталығы деп аталады.Сондықтан біз сендермен біз бүгін « Қазақстан- достық мекені» тақырыбында сурет көрмесін өткізгелі отырмыз
 
 
 
 - Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай Қазақстан туралы шағын кинофильм көрсек.
 ( Қазақстан туралы фильм көрсету) 
-Балалар мүмкін Қазақстан туралы өлең біледі шығармыз?
-Кәне, кім біледі?
-Кәне, Адэлина; Отан - жерім, Отан - суым,
 Отан - қуат, нәр береді.
 Отан - ұран, Отан - туым,
 Отан мәңгі гүлденеді. 
 -Жарайсыңдар балалар ,ендеше «Қазақстан- достық мекені» атты сурет салуымызды бастайық. 
 
 
 
 
Қорытынды:
 Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. 
 Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. 
Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
 Оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар! 
№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені КММ
Қазақстан- достық мекені
 
 
 
 
 
 
 
( Тілдер апталығы аясында өткізілген сурет көрмесі)
Сыныптар: 3-4 сыныптар
 
 
Жауапты мұғалімдер: Ескендірова Қ.Н.
Байбатырова Г.М.
 
 
Петропавл қаласы, 2014жыл