- Учителю
- 1 сыныптағы 1 ата-аналар жиналысы
1 сыныптағы 1 ата-аналар жиналысы
</ Құрметті бүгінгі алғашқы кіріспе жиналысқа келген ата-аналар, әжелер, аталар!
Бүгін сіздер «Мектеп» деп аталатын кеменің үлкен командасының мүшесі болып табыласыздар. 4 жыл біз бірге боламыз және Білім теңізінен жүзуде қамығу да, қуану да дауылдары мен толқындары болады. Бірақ бұл әр баланың, әр отбасының қызықты да маңызды жүзуі болсын деймін.Ол үшін біз үнемі бірге бірігіп жұмыс істеуіміз керек.Бірлесе көтерген жүк жеңіл дейді. Сондықтан бүгін көңілбөліп келгендеріңізге рақмет!
Оқушылардың табысты оқуы үшін мектеп өміріне үйрету адаптация кезеңінің ерекшеліктерін есепке алу керек.
Оқудың бірінші жылы балаға ерекше қиын: өмірінің күнделікті тұрмыс салты өзгереді, ол жаңа әлеуметтік ортаға үйренеді, жаңа іс-әрекет, бейтаныс құрдастар мен ересек адамдар болады.Әсіресе бұл денсаулық жағдайы әлсіз келген балаларда қиындау өтеді.
Бірінші 4 апта бұл ең қиын кезең. Осы кезде жүктемені және жұмыс темпін күшейтуге болмайды. Көп жазғызу балардың ынтасын өшіруі мүмкін. 30 минут жұмыс істесе 15 минут демалдырасыздар.
"Ұлпа қар"
Қазір біз көп уақыт алмайтын, қызықты жаттығу орындаймыз.Негізгі ережесі бір- бірлеріңізге қарамай менің нұсқауым бойынша орындау. Сіздердің алдарыңызда бірдей ақ қағаз жатыр. Мұқият тыңдаймыз орындаймыз:
- парақты екі бүктейміз
- Оң жақтағы жоғарға бұрышты үзіңіздер
- тағы екіге бөліңіздер
- тағы жоғарғы бөлігін жыртып аласыздар
- екі бүктейміз
- Оң жақтағы жоғарға бұрышты үзіңіздер
Осылай жасай алатын жағдайға дейін орындаңыз. Енді қар ұшқындарыңызды ашыңыздар. Енді араларыңыздан бірдей қар ұшқынын табуларыңызды өтінемін. Қар ұшқындары тура бірдей болу керек.
Таптыңыздар ма? Неліктен? Қалай ойлайсыздар?
Нәтиже: Балалар барлығы әр түрлі. Қабілеттері, мүмкіндіктері және жеке қадір-қасиеттері әр түрлі.
Балаларға көмек тиімді, сауатты, және үш бағытта болу керек:
• күн тәртібін ұйымдастыру;
• үй тапсырмасын орындауды бақылау;
• баланы дербестікке(самостоятельность) үйрету .
1. Күн тәртібін ұйымдастыру.
Табысты адаптация үшін баланы күн тәртібіне үйрету керек.
Таңертең. Бала жуыну, киіну, өздігінен төсек орнын жинау. Бұл бала мектепке бармас бұрын үйрену керек. Балаларды асықтырмай, ашуланбай айғалап жұлқыламау керек..
Мектепке жол. Асықпай келелетіндей үйден ертерек шығу керек. Сонда ол сабақтың алдындағы серуен болады.
Мектептегі сабақ. Мектептен үйге қайту. Міндетті талап: мектептен кейін бірден үйге қайту.
Мектептен кейін киім ауыстыру.
Бос уақыт. Үйде көмектесу, ойнау.
Дәрігерлер кеңесі бойын:
- 3 сағаттан кем емес қозғалмалы ойын, таза ауада серуендеу,
- 30-40 мин. Үйге көмек,
- 1 сағат өзіне қызмет ету,
- қалған уақыт қосымша сабақ.
Кешке. Балалармен қарым-қатынас жасауға бөліну керек, танымдық телебағдарлама көру.
Ұйқыға дайындалу. Ұйықтау.
Ата-аналарға арналған ереже
1) Мектепте жақсы оқу жағдайы: денсаулық, ой-өріс, психологиялық дайындық, өзін-өзі дұрыс бағалау, танымдық уәж, оқуға деген ынта.
2) Оқу әрекетінің қалыптасуы: Жұмыстағы ережеге бағыну, тыңдай білу, ересек адамның нұсқауын орындау, үлгі бойынша жұмыс істеп үйрену.
3) балаға жағымды уәж тудыратын: Сіздің сабырлығыңызбен мектепке деген қуанышты сезім, баланың шамасынан жоғары талап қоймау, мектеп туралы оптимистік әңгімелер, қате жіберуге қорықпауы, қоршаған ортаға дамыған қызығушылық
Жақсылық тілеймін!