7


  • Учителю
  • классный час на тему 'Ерлік сабағы' 6-сынып

классный час на тему 'Ерлік сабағы' 6-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Кеңес орта мектебі


«Қазақ халқының ерлік істері»

Ерлік сабағы 6-сынып


Сынып жетекші: Мұхамедин С.Қ


2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «Қазақ халқының ерлік істері».

Мақсаты: Елін,жерін,тілін құрметтейтін таза ,адамгершілігі мол,өз Отанын сүйетін азамат қалыптастыру, Сонымен қатар биылғы 2015 жылғы атаулы күндердің мән-мағынасын айшықтау, Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл, Ұлы Отан соғысына 70 жыл, Қазақ хандығының 550 жыл

Түрі: пікірлесу.

Көрнекілігі : суреттер,көріністер.мерекелік сөздер.

Бейне роликтер

Барысы:

  1. Ой қозғау : Көгілдір жалаушалар.

  2. Мағынаны тану :Әлем таныған ,Қазақстан бейне роликтер

5.ҰОС Жеңіс,Әскери қызмет, Атаулы күндерге тоқталып,әңгімелеу

Ой қозғау: 1. Сыныпта неге көгілдір жалаушалар қойылған?

2. Тақырыпқа қарап сабақ не туралы болмақ деп

ойлайсыңдар?



Мағынаны тану: Мәтінмен жұмыс.


Әлем таныған ,Қазақстан.

Сенің Отаның ,туған жерің -Қазақстан.Отбасы мүшелері ,достарың да Қазақстанда туып,өскен.Ата -бабаң

ежелден осы жерде туып өскен.Қазақстан - үлкен республика.Оның табиғаты алуан түрлі,жері бай.Мұнда жазық дала да , орман да көл де ,шөлді аймақ та бар.

Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер,табиғаты көркем қорықтар , демалыс орындары көптеп кездеседі.Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы -бүгінгі күні егемендікке қол жеткізіп отырған ел.

Бабаларымыз өткен дәуірлерде Европа елдерін желден жүйрік сәйгүлікпен аралап,көзсіз ерліктің нақты үлгісін паш еткенін жақсы білеміз.Батырлық рухтың лайықты жалғасына бүгін де куәміз.

Қазақстанның 56 ірі ел бас қосатын мәртебелі ұйым -Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төрағалық етуімен тағы да жер жаһанды дүр еткізді.Халықаралық ұйым 1975 жылы 1 тамызда Финляндия астанасы Хельсинки қаласында құрылған.Ендігі жерде әлем елдері Қазақстанды ,оның президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты танып қана қоймай ,үлгі етеді.Европадағы Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы(ЕҚЫҰ) биыл Нұрсұлтан Әбішұлы белгілеп берген ұрандармен жұмыс атқарады.(Ұлан газеті)

Қазақ тілінде олар «сенім», «дәстүр», «жариялылық», «төзімділік» атауларын береді.

Қазақстан халқы бейбітшілік пен достықты,сенімді қарым қатынас пен сыйластықты сақтауға үнемі дайын


Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.



«Ұлы Отан соғысына 70 жыл»

Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Б. Момышұлы "Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды" деп өз ойын айтып еді.

Ұлы Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты. Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз. Отан қорғауға ерлер мен әйел - дердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы М. Мәметова мен Ә. Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. Халықтың басына қиын қыстау кез туғанда М. Мәметова және Ә. Молдағұлова сияқты біз көмектесуге, күресуге дайынбыз. 1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстагқа Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі. Ата - бабаларымыз майданға жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп, үлкен ерліктер көрсетті. Біз енді осы ата - бабаларымыздың үмітін ақтауымыз керек. Себебі, болашақ біздің қолымызда. Менің ойымша, қазақ халқы Ұлы Отан соғысында болған оқиғаларды көре және біле отырып, жайбарақат отыра алмайды. Мұны жадымыздан шығарып, өшіріп тастау біздің қолымыздан келмейді, Өйткені Ұлы Отан соғысы бізге өз туған тілімізді, жерімізді, отбасымызды және қасымызда жүрген туған - туыстар мен достарымызды қадірлеп, бағалай біле білу керек екенін көрсетті.

Бірақ, соған қарамастан ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс - күйртеуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет - журнал материалдары немесе кинолар, радио телехабарлар ата - бабаларымыздың ерлігін мақтаныш тұта жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Мен соғысты жек көремін. Соғыс адамдарға азаптан басқа ештеңе бермейді. Елімізді қорғау үшін адамдар соғысқа аттанады. Бірақ бұл соғыстан тек кейбір адамдар тірі қалып, үйлеріне барады. Қайтыс болған адамдардың үйлеріне қара хат жіберіледі. Зар жылап отырған аналар үмітін үзбей, оларды күтеді. Баласының өлгенін ешқандай ана мойындамайды. Сөйтіп жүріп, ауырып, бұл дүниеден өтеді. Осындай жағдайды ойласам, көңіл - күйім түсіп, көзімнен жас шығады. Мұндай соғысты кім жақсы көріп, кім қалайды. Мен соғыстың ешқашан болмағанын тілеймін. Біз қазақтар бәріміз біргеміз. Бұл біздің ең басты байлығымыз. Себебі, барлығымыз тату - тәтті, достықпен, бірлікпен өмір сүріп жатырмыз. Мұның барлығы ата - бабаларымыздың арқасы деп ойлаймын.

Жетпіс жылда өтелмей парызымыз,
Туған тілдің алдында қарызымыз.
Басқа ұлттарға үнемі мазақ болмай,
Арымызға айтайық арызды біз.

Азаттықты аңсаған еркін елміз,
Дос пейілді ұлттарға жаны - көлміз.
Ұшқан құстың қанаты талатұғын
Көк аспанбыз, көсілең - алтын төрміз.

Отаным бар, ордам бар мақтанатын,
Қазақстанымды сүйемін, мақтап атын.
Бізді осындай егемен ел болсын деп,
Қазақстанда шығарған жастар атын.

деп өзім шын жүректен өлең шығардым. Біз ата - бабаларымыздың алдында бас иіп, құрметтеуіміз, бұл адамгершіліктің белгісі. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - бірлік. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Б. Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. «Ер есімі - ел есінде» - демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталарымызбен апаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.

Қазағым үшін, Отаным үшін толғанам,
Жас ұланның ұланы мен болам.

Егер біз өз тәуелсіздігімізді алмасақ. Өзге елдің қол астында өмір сүріп, жұмыс істейміз. Сонда қазақтар біреулерге тәуелді болып, еркіндік деген не екенін білмей қалатын еді. Қазақ деген халық болмай, өз жерімізде қорлық пен мазақтан басқа ешнәрсе көрмейміз. Құдайға шүкір біз егеменді елміз.

Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт - берекең - атаң қымбат
Туып - өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерін қымбат

Қаз дауысты Қазыбек атамыз өте дұрыс айтты. Әрбір адамға туып өскен Отаны қымбат. Менің Отаным маған өте ыстық. Мен жырақта жүрсем, көруге асығамын, сағынамын. Мен өз Отанымды өте қатты жақсы көремін! Отанымды көркейтіп, өркендету үшін сабағымды жақсы оқып, көп еңбектеніп, өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын. Мен ата - бабаның, ата - анамның, туған - туысымның, дос - жарамның үмітін ақтағым келеді. Сол үмітті ақтауға тырысамын, бүкіл күш - жігерімді салып, уәдемді орындаймын. Мұндай іске біздер, Қазақстанның азаматтары бір - бірімізге көмектесеміз деп ойлаймын. Сол үмітті ақтауға тырысамын, бүкіл күш - жігерімді салып, уәдемді орындаймын және еліміздің барлық жастарын шақырамын.

Ілмек сөздер: , ,


1 - жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей - берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.

Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин.

1 - жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
2 жүргізуші:- Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
Оқушы: Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»
Оқушы:
М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.»
870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.

1 - жүргізуші:
1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды.

2 - жүргізуші:
Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.
Оқушы:
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде: «Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Оқушы:
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тыңдаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әр тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.

Не байқадым не білдім?( Топтардың сұрақтарға жауап беруі)

1.Мына сөзді тарқатып айтып беру. ЕҚЫҰ

2.Ұйымға неше ел мүше?

3.Бұл мәртебелі ұйымды қай ел басқарады?

4.Бұл ұйым қай президенттің ұранымен жұмыс атқарады?

5.Қазақстан үнемі неге дайын?




Өзіндік жұмыс: Өз құқыңды білесің бе?

Қойылымдар көру арқылы пікірлесу.


1-көрініс. Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады.

- Ойыншығың әдемі екен кім алып берді?

-Ата анам,

-Ата- анаң тағы не үйретті?

-Үлкендерді сыйлауды.

-Біз үлкенбіз бе?

-Иә.

-Онда аяқ,қолыңды көтеріп тұр.

Сәби аяқ,қолын көтеріп тұрады .Оқушылар мазақ етіп кетіп қалады.


Сұрақ: - Қандай жағымсыз әдет көрдіңдер?

Бұл заң бұзушылыққа жата ма?

-Сәбиді ата - анасы дұрыс тәрбиелеген бе?

(Оқушы пікірлерін тыңдау)


Түйінді ой :Сәбиді ата -анасы дұрыс тәрбиелепті.Бірақ 17 бапты үйретпепті.

Ата Заңымыздың 27 бабында «балаларды тәрбиелеу ата ананың басты міндеті»делінген.

Ата Заңымыздың 17 бабында «ешкімді азаптауға ,оған зорлық -зомбылық жасауға ,адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.


2-көрініс.Үш оқушы келе жатыр.Олардың біреуі:

-Бүгін демалыс қой,қалай демаламыз?

Ішім пысты .Бірдеңе жасайықшы.

Екіншісі :-биік жанатын алау жасайықшы .

Үшіншісі :-Таптым,таптым бәрің ауыздарыңды ашып қаласыңдар мына үлкен ағашқа от тигізсек үлкен алау болады.От тигізейік - деп жүгіре жөнеледі.

Қалған екі оқушы «мұндай қызығыңның керегі жоқ» деп оны әрең тоқтатады.

Сұрақ:-Қандай жағымсыз әдеттер байқадыңдар?

- Жақсы қасиеттер байқалды ма?

- Бұл заң бұзушылыққа жата ма ?

(оқушы пікірлерін тыңдау)

Түйінді ой: Балалар 24 бапты білгенмен ,38 бапты білмейді екен.

1.Ата Заңның 24 бабында «әркімнің тынығу құқығы бар»делінген.

2.Ата Заңның 38 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға міндетті »




Ой қорыту : Сырсандық Жұмбақтар шешу.


Ескерту :Жұмбақтар Қазақстан қалалары мен қазақ батырлары туралы болады .

Бұл қаланың басталды жыры жаңа ,

Қазақстан төрінен мұны қара.

Бірінші буынында тамақ аты,

Екінші буынында ірі қала.(Астана)


Мәди мұнда шығарған саз өлеңін,

Тәттімбет те шашыпты өз өнерін.

Өркен жайған нән қала таскөмірмен,

Қамтамасыз етеді қазақ елін.(Қарағанды)


Қалған сүрлеу бар әлі Жошы ханнан ,

Құйыны бар билейтін тосын алдан.

Күрішті аймақ шақырар сені алыстан,

Ғарышты айлақ табылар осы маңнан.(Қызылорда)


Бибігүл шырқаса,әннің сәні келер,

Өнерге күш қайратын әлі берер.

Қала даңқын биікке тұр көтеріп,

Абай,Мұхтар,Шәкәрім ,Әмірелер.(Семей)


НайманныңиҚаракерей руынан,

Артық туған өзгенің мың ұлынан.

Бұл батыр Дарабоз деп атақ алған,

Жаумен шайқасқандағы қылығынан.(Қабанбай батыр)


Жанқияр патриотқа тән қылығы,

Бұл жас жігіт өлмейді смәңгі тірі.

Оны ойласам келеді құлағыма,

Әйгілі желтоқсанның жаңғырығы.(Қайрат Рысқұлбеков)


Таратамыз әлемге ,досқа атын біз,

Егер жырлай алмасақ босқа ақынбыз.

Ұлы Отан соғысында ұлты қазақ,

Кімдер еді мергендер- қос батыр қыз?(Әлия,Мәншүк)


(Жұмбақтар авторы Көмек Ыбырайұлы.)

Шығармашылық тапсырма : Қазақстанның көрікті жерлері ,ұлы адамдары туралы жұмбақ құрастыру.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал