- Учителю
- Ертегі оқиғаларының дамуы Төстік бейнесі 5-сынып
Ертегі оқиғаларының дамуы Төстік бейнесі 5-сынып
Күні: Пән аты: Әдебиет Сыныбы: 5
Тақырыбы: Ертегі оқиғаларының дамуы Төстік бейнесі
мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының мол мұрасымен таныстыру, соның ішіндегі балаға ең жақын аңыз - ертегілер әлемімен табыстыру. Оқушылармен бірге ертегі әлеміне саяхат жасай отырып, талдау мен сараптау жасай білуге үйрету, шығарманың айтар ойын, негізгі мазмұнын түсінуге баулу, қорытынды жасауға бағыттау.
Музыкалық ертегі сөзінің мәнін түсіндіру негізінде баланың ертегінің қызғылықты да мәндірек болуы үшін музыканың алатын орнының айту, түсіндіру.
Ел аузында сақталған, ғасырлар тоғысында тозбай жеткен ертегі кейіпкерлерінің бірі -«Ер төстік» ертегісіндегі төстік бейнесі. Бойына бар асыл қасиеттерді жиған ер азамат бейнесін бүгінгі ұрпаққа берері көп. Достық, өзара көмек, ақыл мен парасаттылық, адалдық, адамгершілік, ізеттілік т. б. жақсылыққа жетелейтін нағыз адамның қадір қасиеттерін бала бойына қалыптастыру.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Әдісі: СТО
көрнекілігі: кеспе қағаздар т. б.
Сабақтың барысы.I. Ұйымдастыру кезеңі амандасу, түгендеу, топқа бөлу
І.Қызығушылықты ояту
Үй жұмысын тексеру
Дауыс жаттығуы: Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте екен»
(түрлі дыбыс биіктігінде орындау)
ІІ. Мағынаны ажырату
Ертегінің кейіпкері
Көп қой оның серіктері.
Ең мықтысы сегіз ұлдың -
Ерназардың Ер Төстігі.
Ой шақыру 2 топ оқиғаның дамуына жоспар құрады
Ертегінің композициялық құрылымына жоспар
-
Басталуы. Шаңырақтың күлдіреуішінде ілулі тұрған төстікке шал мен кемпірдің көзі түсіп, оны асып жеп, дүниеге ұл бала келуінен басталады.
-
Дамуы: ғажайып оқиғалар тамыры кер биенің төстігінен басталады. Ерназардың Сарқұдыққа қонуы, жанынан қорқып Төстіктің егеуін қалдырып кетуі.
-
Шарықтау шегі:Төстіктің жер астынан жер бетіне шыққанға дейінгі басынан өткен оқиғалары баяндалады.
-
Шиеленісуі: Мыстан кемпірден қашқан Төстік жер астына түсіп кетті.
-
Оқиға шешімі: Шойынқұлақты жеңіп, үйіне келуі, сүйікті жары Кенжекеймен қосылуы.
Дәптермен жұмыс
Топтастыру стратегиясы: 1топ
жанашыр
адал
Ер Төстікқайырымды мейірімді
айлалы кішіпейіл
2-топ
Ақылды
адал
Кенжекейқайырымды төзімді
айлалы
Өмірмен байланыс:
Саққұлақ кім? - радио, телефон.
Көреген қазіргі өмірдегі не? - ғаламтор, теледидар.
Тыңшы -сөзді тыңдауға арналған арнайы құрылғылар (диктафон)
Көлтауысар - өрт сөндіретін техника
Таусоғар - кран.
Ойтолғаныс:
1. Ерназардың тоғыз ұлына келін іздеген жерін тауып оқу.
2.Кенжекейдің Ер Төстік туралы жаман ойлап, зарлана бастаған жерін тауып оқу.
Үйге: Ертегі кейіпкерлерінің өздеріңе ұнағанының суретін салып келу.
Бағалау;