7


  • Учителю
  • Кл час мен - өз елімнің патриотымын

Кл час мен - өз елімнің патриотымын

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 1.09.16ж

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен, өз елімнің патриотымын!

Мақсаты:

  1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге,өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

  2. Оқушылардың таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын дамыту.

  3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта слайдтар, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Ән ұран айтылады.

Арсен:

Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің,

Біз-бақытты баламыз!

Ақпыз,қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-Отан - әр адамның жүрегіне жылытиер қасиетті сөз.Отан -сенің туған елің, туған жерің, дос - жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызметететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!

- Отан деген не, кім қалай түсінеді?

Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

  • Ортаға Назерке, Диляра, Асем, Ернур, Милана шақырылады

Назерке: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен -

Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

Диляра: Отан дейміз кең-байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Асем: Отан- тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, өз- халқың.

Отан - өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Ернур: Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Милана: Отан - осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

- Қазақстан Республикасының президенті кім?

- Ортаға Зухра және Адина шақырылады

Зухра: Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.



Зухра: Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орында тұр.Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар - әдемі қалалар.

Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

Адина: Туған өлкем

Қазақстан-тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украйндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.

Аумалы- төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болған. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, халық жағдайын жасаған шешендері, білімпаз билері, әр елде, әр ауылда сөз тыңдар ақсақалдары болған. Қазақта аты аңызға айналған Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би сияқты би-шешендер өте көп.

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.



Зухра: Сондай-ақ мемлекетіміздің өз Ата заңы бар. 1993 жылы 28 қаңтарда ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа конститутциясы қабылданды.Адамның өмірін, денсаулығын, тыныштығын мемлекетіміздің Ата заңы қорғайды.

1992 жылы ҚР мемлекеттік рәміздері қабылданды. Олар: ту, елтаңба, гимн.

  • Ортаға Айару, Мирас, Темірлан шақырылады

Айару: Қазақстан Республикасының мемлекттік Туы.

Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтапұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдіртүсті мата. Алтын күн, қыран және ою-өрнек біздің

халқымыздың ашық келешегі мен берекесі,тыныштық пен байлықтың белгісі.

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Мирас: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы да көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар

шаншылған. Бес жұлдыз,қанатты тұлпар бейнеленген.Бидай сабақтары тоқшылық, молшылықты білдіреді.

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Темірлан: Кез-келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы- Гимн. Гимн мемлекеттік ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен клешек арманы айтылған.

Оттай жанып жанарың

Одан қуат аламын

Әнұран ол - тынысы

Кең жазира даламның.



Адина: - Ия, достар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

  • Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек.

Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Мәңгілік ел туралы слайд көрсетіледі

Мәңгілік ел - аталарымыздың көптеген ғасырлар бойы жете алмаған арманы болғаны көбімізге айқын. Бұл арманы дүниедегі мемлекеттермен біркелкі байланыс жасайтын, дүние жүзінің картасынан ойып тұрып белгілі орын алып тұрған бостандықтағы ел деген атау алу болды. Осы арман өмірі жақсы, болашақ алдыңғы күндеріне тіке қарайтын мемлекет керек еді . Осы армандардың барлығын шындыққа айналдырдың десе болады. Мәңгілік ел қабырғасын қаладық. Жас ұрпақтың болашағын жарқын қылатын Мәңгілік ел деп сеніммен айтуға болады

Тәуелсіздікке 25 жыл туралы

  • Достар, биыл ҚР-ның тәуелсіздігіне неше жыл болады?

  • Ортаға Асланбек және Арман шақырылады

Асланбек: - Бостандық! - деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы апрылысты жай тілмен тарих дейді.

Арман: Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 25 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығарамыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз қызыл тілдің арқасында ел тыныштығын сақтады. Сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Халқының қамын жеген ата-бабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен тәуелсіздіктің, азаттықтың туын тікті.

Зухра: Біздің туып-өскен жеріміз Қазақстан Республикасы. Ол көне замандардан басталатын тарихы бар, аса бай ел. Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел - қазақ халқы. Қазақ халқы - ер жүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық. Қазір Қазақстанда ынтымағы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналады. Қазақстанда өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйеді, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Жазғы 31-ші Олимпиада туралы

Адина: Неше ел Олимпиадаға қатысты? Қазақстан қоржынында неше медаль бар? Алтын медальдін иегерлерін ата. Олимпиаданың қорытындысы бойынша ҚР нешінші орында?

Зухра: Ал енді сынып сағатымыздың келесі кезенімізге көшеміз. «Мен Қазақстан Республикасының патриотымын» сайысы түрінде өтеді. Сайысымыз 2 кезеңнен тұрады.

1-кезең. «Бәйге». 3 қатарға сұрақтар беріледі. Қай қатар көптеген сұрақтарға дұрыс жауап береді, сол қатар жеңіске жетеді.

1)Қазақтардың басын қосқан хан? (Абылайхан)

2)ҚР туының түсі? (көгілдір)

3)Қазақтың ұлттық сусыны? (қымыз)

4)Мұсылман халқының қасиетті кітабы? (құран)

5)Желтоқсан оқиғасы болған жыл? (1986 жылы)

6)Қазақ халқының тұрмыс үйі? (киіз үй)

7)Қазақстан Ркспубликасы Тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

8)Ақындар сайысы? (айтыс)

9)Киіз үйде киелі орын қалай аталады? (төр)

10)Қалындық үшін берілетін төлем? (қалым)

11)ЕҚЫҰ саммитіне неше ел қатысты? (55)

12)Қазақстанның Швейцариясы? (Бурабай)

13)Қазақтың ата заңдары? («Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы», «Жеті жарғы»)

14)ҚР ұлттық валютасы? (теңге)

15)2011 жылы өтетін Азияда спорттық ойындары қандай қалада өтеді? (Алматыда)

16) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» бұл кімнің сөзі? (Абай)

2-кезең. «Өнер алды - қызыл тіл». Мақал-мәтелдер оқылады, сіздер қалып қойған сөзді тауып, оны келесі екі тілге аудару керексіз.

1)Отанды сүю - …басталады. (отбасы-семья-family)

2)Отансыз адам - … бұлбұл. (ормансыз-лес-forest)

3)Ер қанаты - …(ат-лошадь-horse)

4)Ел көркі - …, өзен көркі - тал. (мал-животное-animal)

5)Ел құлағы …(елу-пятьдесят-fiffty)

6)Әкенің қадірін, балалы болғанда … (білесің-знать-to know)

7)Халық күші алып … (күш-сила-power)

8)Адал ұл ер боп туса … тілегі. (ел-страна-country)

9)Отан … ыстық. (от-огонь-fire)

10)Ер туса - елдің көркі,

Қыз туса - …көркі. (жер-земля-world)

Осы ойынның қорытындысы бойынша жүлдегерлерін анықтаймыз.

Мектебіміздің 10-жылдығы туралы

Блиц-сұрақтар

34 мектеп-гимназиясына Ең әдемі тілек

Мұғалім: - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да 25 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда.

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз,Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!























"Біз кімбіз?" ой-толғанысы

Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада

қол жеткізген білімге құштар жастармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз





















Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін

өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз

жастармыз.





Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,

жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.





демократиялы зайырлы









құқықты көпұлтты









әлеуметті біртұтас









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал