7


  • Учителю
  • Разработка классного часа на тему: Ер есімі, ел есінде

Разработка классного часа на тему: Ер есімі, ел есінде

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Ер есімі - ел есінде»

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.



1жүргізуші:Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі - ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.



2 жүргізуші:Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған.

1-оқушы(Алтынай): Жер жүзінде нұр шашып жанды күні

Жақсы үміттің шырағы жанды міні,

Аспан бетін қаптаған қара тұман

Серпіліп, зұлымдықтың сәнді түні.





2-оқушы(Бекзат):Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті.

Жер бетінен жамандық мүлдем бітті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.





3-оқушы(Аякөз):Бүгін жайнап, жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын көңілі жақсы үмітпен.

4-оқушы(Думан):Жүрек біткен желпінсін, жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.



Ән: «Смуглянка». Орындайтын : Аңсағанқызы Нұрай.

1-жүргізуші:Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары, шығыстың қос жұлдызы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Диалог: «Әлия мен Мәншүк».



Әлия(Гүлсезім) : Біз сіздердей жаңа ашылған гүл едік

Жерге бақыт,елге бақыт тіледік

Отан-ана отқа күйіп жатқанда,

Біздерме едік үй бағатын тірі өлік.

Мәншүк(Ақжұпар):Отан-ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт;

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Әлия(Гүлсезім): Отан деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.

Біз сендердей қыдырмадық кеш құрым,

Біз сендердей арман гүлін таппадық.

Мәншүк(Ақжұпар): Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Катар жүріп, қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік,өлмесін деп басқалар

Бізді қайта туды Отан,ел егіз.

Бірге: Жетсек деген арманымыз көп еді,

Бізді туған кунімізбен құттықтап,

Айтылған жоқ махаббатың өлеңі.

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді

Бірақ ерте,тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз,

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

2-жүргізуші:Қос Шығысымның қос шынары,қос алауы! Өздерің өмірден ерте кеткендеріңмен, ерліктерін қалды.Біз сендерді ұмытпаймыз. Жер-Ана сендердің ерліктеріңді мәңгі ұмытпайды.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» орындайтындар: Шөптібай.Г, Әнуарбек.Ә, Мейірім А.

1-жүргізуші:Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы таңның атысынан күннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап киім-кешек дайындалды.

2-жүргізуші:Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 70 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарих атты өз төрешісі бар.Олай болса өткенімізге көз жүгіртейік.

Бейнефильм:«Біздің жеңіс»

1-жүргізуші:Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналып дайындалған екі күндік тусірілім біздерге ата-бабаларымыздың ерлігінің шын мәнінде Ұлы екенін тусінуге себепші болды.Туған үйден,жақын жандар мен туған туыстан алшақта қолына мылтық алып, жер бауырлап,жүгіріп,адам өлтіру, өзіңді, жаныңдагы жолдас жауынгерлерді қорғау,тағы да қаншама жан түршігерлік қиындықтар аталарымыздың біздер үшін жасаған ерен еңбегі екені сөзсіз.Жеңіс үшін,бүгінгі бейбіт,бақытты заман үшін мың алғыс сіздерге батырлар! Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жалынды жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алайық

2-жүргізуші:Сол бір кеште қыздын салған әні

Сол бір кеште аспан әлемі

Шекарада жатқан жауынгерге

Катюшаның айтқан сәлемі.

Би : «Катюша»

1-жүргізуші: 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен - Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр - Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

2-жүргізуші: Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне -70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергеніне де -70 жыл.

5 оқушы(Арайлым): 70 жыл -бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл -шуақты күн таратты әнін.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

70 жыл -жауыздықтың ажал оғы,

Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

ХОР:« Бейбіт күн тілегі».

1- жүргізуші:

Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер Ұлы Отаным - қазақ елім.

2-жүргізуші:

Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,

Не жетсін жөні келіп жарасқанға.

Сен менің құдіретім, кием-дағы,

Айбардың айтсын сөзді адасқанға.

Ән: «Тек қана алға!»



























Бейнесуреттер



Разработка классного часа на тему: Ер есімі, ел есінде Разработка классного часа на тему: Ер есімі, ел есінде





Разработка классного часа на тему: Ер есімі, ел есінде Разработка классного часа на тему: Ер есімі, ел есінде



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал