7


  • Учителю
  • Вне классная работа на тему 'Ойлан, тап!' Интеллектуалдық ойыны

Вне классная работа на тему 'Ойлан, тап!' Интеллектуалдық ойыны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Конец формы

Интелектуалдық ойын "Ойлан,тап!"

Мақсаты:

Білімділік: Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген топты анықтау;

Дамытушылық: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.

Тәрбиелік: Қазақ тіліне қызуғышылықтарын, мотивацияны ояту.

(Сайысқа 2 топ, әр топта 5 оқушы қатысады. Әр топ өз бақтарын сынайды.)

1 жүргізуші

Қайырлы күн! Құрметті оқытушылар, студенттер мен қонақтар! Сіздерді Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Тіл мерекесі - барша қазақстандықтар үшін маңызды мен мәні бар айтулы мейрам.


2 жүргізуші

Добрый день, Уважаемые преподаватели и участники сегодняшней игры!

Язык любого народа это бесспорное достояние и обязательное условие сохранения его традиций и культуры. Наше государство защищало и будет защищать неотъемленное право граждан любой национальности на развитие своего языка и культуры, традиций и обычаев.

1 жүргізуші

-Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн -Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Еліміз бен тіліміздің тұғыры асқақтай берсін!

2 жүргізуші

- Каждый житель нашей страны отдает частичку своего национального богатства, а взамен получает нечто большее - искреннее уважение других наций и народностей, обретения уверенности в завтрашнем дне, поддержку и понимание!

1 жүргізуші

Ана тілім -арайлы шапағатым,

Ана тілім - сәніммен салтанатым.

Ана тілім - таудағы таза бұлақ,

Ана тілім - Мәңгілік махаббатым.

Ана тілім - қазағым, қазақ тілім.

«Ойлан,тап!»атты білім сайысымыз ашық деп жариялаймыз! Бүгінгі ойынымыз негізінен 6 кезеңнен тұрады:

1 - кезең «Таныстыру»

2 - кезең «Бәйге»

3 - кезең "Кім жылдам"

4 - кезең «Жаңғырған салт-дәстүрлер»

5 - кезең «Тапқырлық»

Қысқаша ғана таныстырып өттік, ал ендеше бастайық!


1жүргізуші

Подожди, а кто же будет оценивать наших игроков??????

Әділ қазылар алқасы ғой!!!!!! әрине!

1___________________________________

2___________________________________


2 жүргізуші

ал ендеше, бастайық!

  1. кезең «Таныстыру»

ТП-20 тобының атынан «Ұлан» тобы

Топ басшысы - ____________

Топ мүшелері -

Ұраны - Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр

Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр

ПО-17 тобының атынан «Айбын» тобы

Топ басшысы - ____________

Топ мүшелері -

Ұраны - Белгісі болса - жолдан жаңылмас,

Білімі болса - сөзден жаңылмас.

1 жүргізуші

Өз тіліңді құрметте,- деп бабамыз тегін айтпаған еді. Қазақстанның ортақ жерінде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлт өкілдері, өздерінінің туған ана тілін, өз мәдениетін,тіпті ұлттық биін мәңгі жадында сақтап келер ұрпаққа мұра етеді.

2- кезең «Бәйге» деп аталады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарға қысқа, әрі нұсқа жауап берулері керек.

2 жүргізуші

Командам нужно будет на заданные вопросы отвечать быстро и конечно же правильно!

1 жүргізуші

Сұрақ «Ұлан» тобына

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? Н.Назарбаев

2 - жүргізуші:

Сұрақ «Айбын» тобына

Тіл туралы Заң қашан қабылданды? (1989 жылы,22 қыркүйек, екінші рет 1997 жылы, 11 шілде)


1 - жүргізуші:

Сұрақ «Ұлан» тобына

Қазақ тілінде неше септік бар, оларды атап шығыңыздар?

(7септік: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)

2 - жүргізуші:

Сұрақ «Айбын» тобына

Қазақ тілінде қанша жалғау бар, атап шығыңыздар? (4жалғау: көптік, септік, тәуелдік, жіктік)

1 - жүргізуші:

Сұрақ «Ұлан» тобына

Бес асыл істі атаңыз. (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

2 - жүргізуші:

Сұрақ «Айбын» тобына

Бес дұшпанды атаңыз. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ).

1 - жүргізуші:

Сұрақ «Ұлан» тобына

Қазақтың бес арысы кім?

(Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов).

2 - жүргізуші:

Сұрақ «Айбын» тобына

Қазақтың үш данасы кім?

(Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин).

1 - жүргізуші:

Сұрақ «Ұлан» тобына

Жеті қазынаны атаңыз.

1. Сұлу әйел

2. Ер жігіт

3. Қыран бүркіт

4. Берен мылтық

5. Жүйрік ат

6. Құмай тазы

7. Ақыл, білім

2 - жүргізуші:

Сұрақ «Айбын» тобына

Жеті жетімді атаңыз.


Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу, қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ел жетім,

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.

3- кезең Капитандар сайысы. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» деп аталады, яғни салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.

1 жүргізуші

Біз келер ұрпаққа Отан, халық, тіл деген сөздерді жиі айтып тәрбиелесек, сонда әркім туған жердің қадірін түсініп, болашағымыз жарқын, ертеңіміз гүлді болмақ. Толық, дұрыс жауапқа 10 ұпай.

Сұрақтар: І топтың капитанына

1. Нағашы деген кім?

2. Тұсау кесу деген не?

3. Ұлттық киімдерді атап бер.

4. Бет ашар туралы не білесің?

5. Сырға салу деген не?

6.Ұлттық ойындарды атап бер.

7. Қандай туыстық атауларды білесің?



ІІ топтың капитанына

1. Айт мейрамы туралы не білесің?

2. Құда, құдағи дегендер кімдер?

3. Ұлттық тағамдарды ата?

4. Шілдехана деген не?

5. Қымыз қалай жасалады?

6. Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

7. Ораза деген не?


4 -кезең «Кым жылдам?» Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

Сұрақтар:

1. А.Байтұрсынов кім? Ғалым, жазушы, ақын, аудармашы

2. Жүз жасаған ақын? Жамбыл

3. «Мұғалім» сөзінің синонимі? Ұстаз, оқытушы

4. Тұрлаусыз мүшелерді ата? Анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш

5. М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата. «Абай жолы»

6. Қазақ тілі қандай тіл? Мемлекеттік

7. Абайдың қанша қара сөзі бар? 45

8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? Әлия мен Мәншүк

9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 1991

10. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады? 4

11. Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан? 22 қыркүйек

12. Қазақстан жерінен өткен жол. «Жібек жолы»

13. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? Шәмші Қалдаяков

14. Әнұранның авторларын атап бер. Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

15. ҚР-ның рәміздерін ата. Ту, елтаңба, гимн

16.Әл-Фараби өмірге келген қала. Отырар

17. «Домбыра» өлеңін кім жазған? Ж.Жабаев

18. Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны. Тоғыз құмалақ

19. Абайдың туған жылы. 1845-1904

20. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? Түркі


5- кезең «Тапқырлық». Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

2. Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ).

3. Тіл қылыштан ... (өткір).

4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).

5. Тілден артық ... (қазына жоқ).

6. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді).


1. Өнер алды - ... (қызыл тіл).

2. Айтылған сөз - ... (атылған оқ).

3. Жылы-жылы сөйлесең, жылан ... (інінен шығады).

4. Басқа пәле - ... (тілден).

5. Білім кілті - ... (тіл).

6. Тілге құрмет - ... (елге құрмет).


Әділ қазылар алқасына сөз.

1 жүргізуші

«Тіл - достықтың құралы» дегендей, туған жер,туған тіл адамға қандай ыстық, кандай қымбат.Әр ұлттар достығы мен тіліміз жасай берсін! Осымен Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған мерекелік ойынымыз аяқталды. Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!

2 жүргізуші

Уважаемые участники и гости игры! Мы искренне поздравляем всех вас с этим праздником и надеемся, что наши стремления будут едины и принесут будущему поколению достойную жизнь и процветание!



Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Ойлан, тап!

интеллектуалдық ойыны



тәрбие сағаты




Дайындаған: Мукашева Бакытгуль Адимбековна





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал