7


  • Учителю
  • Классный час Ойлы болсаң, озып көр!

Классный час Ойлы болсаң, озып көр!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ойлы болсаң,озып көр!



Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Оқушылардың ана тілін сүюге, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу. Оқушылардың пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл - ойын дамыту.

Түрі: Сайыс сабақ

Әдісі: Ойқозғау, сұрақ-жауап, аудару, баяндау,құрастыру

Көрнекілігі: Жұмбақ, суреттер, үлестірмелі қима қағаздар

Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сайыс кезеңдері:

  1. « Сәлем берем халқыма »

  2. «Жүйрік болсаң, озып көр!»

  3. «Тұлғаны тани біл»

  4. «Жеті жұрттың тілін біл»

  5. «Сөз құрастыру»

  6. «Ойлан да, аяқта»

  7. «Кім жылдам?»



-Армысыздар құрметті оқушылар, қонақтар! Қазақстан болашағы -білімді ұрпағында, сондықтан «Ойлы болсаң,озып көр!» ақыл-ой зерделі ойынымызды бастайық! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.

Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт - дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі - өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру - ҚР азаматының парызы.

-Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе-бірің еріңдер

Білімді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.

-Бүгін біз осы күнге дейінгі алған білімдерімізді көрсетіп , өлеңдермен, мақал-мәтелдермен өрнектеп, өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.

Бүгінгі ойын, топтық сайыс түрінде өтеді. Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасымен таныс болайық.

  1. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі-Жусупбекова Карлыгаш Адильбековна

  2. Директор жанындағы тәрбие ісі меңгерушісі-Намазбаева Айгуль Кайровна

  3. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі-Серікұлы Азамат және қонағымыз мектеп директоры Абенов Усербай Кенжебаевич

Cайыс кезеңдері:

  1. «Сәлем берем халқыма»

  2. «Жүйрік болсаң, озып көр!»

  3. «Тұлғаны тани біл»

  4. «Жеті жұрттың тілін біл»

  5. «Сөз құрастыру»

  6. «Ойлан да, аяқта!»

  7. «Кім жылдам?» Әр топқа әріп таратамын. Cұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап беру керек.

1-кезең «Сәлем берем халқыма»

1-топ «Тұлпар»тобы

2-топ «Тілдер» тобы

3-топ «Champion» тобы

Мұғалім: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жана ма?

Тәрбие тәлім табар мән

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда

2- кезең «Жүйрік болсаң, озып көр» сұрақтар оқылады, қай топ бірінші және дұрыс жауап береді. Егер бір топ дұрыс жауап бермесе, келесі топқа жауап беруге болады.

1. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай).

2. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? (Абай)

3. Басты байлық не? (Денсаулық)

4. Абайдың әжесі кім? ( Зере)

5. Түн ұйқысын төрт бөлген кім? (Ана)

6. Президентіміз кім /Н. Назарбаев/

7. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы (Абай)

8. Қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра)

9. Үш бақымым өлеңінің авторы кім? (М.Мақатаев)

10. Саусаққа тағатын бұйым / жүзік/

11. Өшіру құралы /өшіргіш/

12. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады? (16 желтоқсан 1991ж)

13. Қожа қай әңгіменің кейіпкері?(Менің атым Қожа)

14. Қазақ батырларын ата. (Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Қабанбай, Абылай)

15. Өлі табиғатқа нелер жатады? (Су, аспан, жер, ауа, тас)

16. Біздің мемлекеттік туымызда нелер бейнеленген? (Күн, бүркіт, ою - өрнек)

17. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)

18.Уақыт өлшем бірліктері (Жыл, ғасыр, апта, секунд, минут, ай, тәулік, күн)

19. Біздің ел ордамыз қай қала? (Астана)

20. Қазақстанның тауларын ата. (Көкшетау, Ұлытау, Алатау)

21.Сұраулы сөйлемнен кейін не қойылады? / сұрақ белгісі/

22.Төрт түлікті ата? / түйе, жылқы, қой, сиыр/

23.Балаларға білім беретін кім? /ұстаз/

24.Адамдардың қатынас құралы / тіл/

25.Қазақтың үш биін ата /Төле би, Қазбек би, Әйтеке би/

3-кезең . "Тұлғаны тани біл"

Бұл кезеңде көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендеріңді айтасыңдар. Әр топқа 2 тұлғадан беріледі.

1-топ: Илья Ильин , Роза Рымбаева

Классный час Ойлы болсаң, озып көр! Классный час Ойлы болсаң, озып көр!

2-топ:Әлия Молдағұлова, Абай Құнанбаев

Классный час Ойлы болсаң, озып көр! Классный час Ойлы болсаң, озып көр!

3-топ: Ахмет Байтұрсынұлы, Тоқтар Әубәкіров

Классный час Ойлы болсаң, озып көр! Классный час Ойлы болсаң, озып көр!

Әділқазылар алқасы 3-кезең бойынша әр топтың ұпай санын атап айтсаңыздар.

4 -кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Шарты : Бұл бөлімде жасырылған жұмбақтың дұрыс жауабын табу, оны орыс тіліне аудару.

1.Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (Түлкі-Лиса)

2.Өзі кірді ашады,

Суға салсаң қашады. (Сабын-Мыло)

3.Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. (Қоңырау-Званок)

4. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып,

Әкелді әкем бір күні. (Сәбіз-Морковь)

5.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза- жаза арықтаған(Бор-Мел)

6.Алты қырлы,алтын сырлы (Қалам-Ручка)

7.Болса да көктем мекені,кездеспейді екеуі (Күн мен ай, луна и солнце)

8.Асты тас,үсті тас

Ортасында піскен ас(Нан-хлеб)

9.Көкшіл айна үйдегі,көрсетеді киноны (теледидар,телевизор)

10.Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі / көктем-весна/

11.Жүз теңгең болғанша, жүз … болсын /дос-друг/

12.Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. /кітап-книга/

13.Футболшының алаңдағы ойын заты / Доп-мяч/

5 - кезең «Сөз құрастыру»

3 топқа бір - бір конверт беріледі. Конверттен қандай сөз шықса, сол сөз әріптерін пайдаланып 3минут ішінде сөздер құрастырады.

1топ- «Қазақстан»

2 топ- «Мемлекеттік»

3топ- «Тәуелсіздік»

6-кезең «Ойлан да, аяқта»

Ойланбастан басқасын,

Жазып қойма бұл жерге

Керек сөзді таңдап жаз,

Уақыт берем сіздерге.

1. Күш - білімде, білім - …(кітапта)

2. Еңбектің наны тәтті, …жаны тәтті (жалқаудың)

3. Денсаулық - зор …(байлық)

4. Кітап - білім бұлағы, …- өмір шырағы (білім)

5. Анадан артық…бар ма? (дос)

6. Ырыс алды -…(ынтымақ)

7. Өзге елде сұлтан болғанша,…(өз еліңде ұлтан бол)

8. Білекті бірді жығар,…(білімді мыңды жығады)

9. Төртеу түгел болса,…(төбедегі келеді)

10. Досы көпті жау алмайды, …(ақылы көпті дау алмайды)

7-кезең "Кім жылдам?" Әр топқа әріп таратамын. Cұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап беру керек.

Б әрпі

1. Суды немен ішесің?

2. Сенің досың кім?

3. Жыл басын көрген жануар.

4. Қандай тағамды ұнатасың?

5. Арманың көп пе?

6. Түсіңде не көресің?

7. Қандай кітап оқисың?

М әрпі

1. Қандай мамандықтарды білесің?

2.Болашақта кім болғың келеді?

3. Қалаға немен барасың?

4. Сүйікті пәнің?

5. Сенің көршің кім?

6. Қандай ертегі білесің?

7. Қазір не туралы ойлап отырсың?

Ә әрпі

1.Бүгін шешесі?

2. Сабақ соң не істейсің?

3.Қандай кітап оқисың?

4.Қайда тұрасың?

5.Мектебін қандай?

6.Мемлекеттік тіл.

7.Қазақ тілі сабағында не істейсің?

Осымен сайысымыздың 7-кезеңі аяқталды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасына береміз.

Болмасын ешбір сын -өкпе

Әсері қалды жүректе

Қазылар берген бағалар,

Ұштасын айтар тілекке!

Топтарды марапаттау.



















«Ақтоғай ауданының жалпы білім беретін Мүткенов

атындағы орта мектебі»КММ













Тілдер айлығы шеңберінде

өткізілген сайыс сабағы



«Ойлы болсаң, озып көр!»







Классный час Ойлы болсаң, озып көр!













Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі: Муканова А.М.







2016-2017 оқу жылы



Классный час Ойлы болсаң, озып көр!Классный час Ойлы болсаң, озып көр!





Классный час Ойлы болсаң, озып көр!Классный час Ойлы болсаң, озып көр!





Классный час Ойлы болсаң, озып көр!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал