- Учителю
- 'Жаңа технология - білім сапасының кепілі'
'Жаңа технология - білім сапасының кепілі'
№16 орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы:
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Орындаған; Байгереева Арай Болатбековна
Бастауыш сынып мұғалімі
Талдықорған 2016
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық,
коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамдарды қалыптастыруға және кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау: жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық,
коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделеді.
Қазіргі инновациялық технологиялар - білім сапасын арттырудың кепілі. Оны өз дәрежесінде пайдалану - оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі - оның оқушыға жан - жақты ықпал етуі. Яғни тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін - өзі өзектендіру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу - танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан - жақты дамытуға жетелейді.
Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Өз біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек.
Сонда ғана өзін - өзі дамыта алатын, өзін - өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе - жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан - жақты дамыту арқылы олардың бойынан:
- адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды
- белсенділікті, қабілетті тұлғаны
- жоғары мәдениеттілікті көре аламыз
Сондықтан мұғалім жаңашыл, жан - жақты болу керек.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері әсер ететін жайттар баршылық. Дарынды ұстаз К. Д. Ушинский: «Қызығушылығын туғызбайтын оқу бірте - бірте оқушының білімге деген құмарлығын жояды, ал тек қызығушылыққа негізделген оқу оқушының еркін, күш - жігерін тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен.
Олай болса мұғалім өз сабағының жоғарғы мәнінде оқушының қызығушылығын оятатын, әсерлі болуын қадағалап отыруды қажет етеді.
Қазіргі күні жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі - стратегиялар. Оларды атап өтетін болсақ:
-«Түртіп алу» әдісі
-«Ұжымдық оқыту» әдісі
-«Ой толғау» әдісі
-«Кубизм» әдісі
-«Топтастыру» әдісі
«Түртіп алу» әдісі
- Өз ойын білдіреді
- Білмегенін сұрақ - жауап арқылы біледі
- Түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп, өз ойларын нақтылайды.