7


Рахмет пен алғыс айту 8-класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</№6 Шұбарқұдық негізгі мектебінің мұғалімі: И.Жұманова

Күні: 1.03.2016 жыл

Сыныбы:8

Тақырыбы: Рахмет пен алғыс айту



Мақсаты:

- рахмет пен алғыс туралы түсінік беру;

- үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;

- әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Кіріспе сөз

- Өткен жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» тақырыбымен басталған ХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өте жақсы бастама көтерді. «Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнінде - 1 наурызда - барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні деп белгіленсе әділетті болар еді» - деді Қазақстан Президенті.

Ал биыл 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды..

Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Бұл - тағдыр тәлкегімен Қазақстан аумағына еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзым ететін күн! Қазақ халқы қиын-қыстау заманда өздерінің шекесі шылқып отырмаса да, келген ұлттардың бәрін бауырына басты, барын алдына тосты. Сондықтан бұл күн - түрлі ұлт өкілдеріне қорған болған Ұлы Дала еліне деген алғыс күні болуға тиіс! Жақсы сөз айту, жақсылық жасау - әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын...Айтпақшы, РАХМЕТ!!!



Барысы:

1. «Шаттық шеңбер» қатысушылардың бәрін шеңберге шақырамыз.

2. «Амандасу»тренингі

Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… арқамен.



3. «Апликация»жаттығуы:

Бұл бөлім бойынша әр оқушы өзі таңдап алған түсінен сыйлық жасап оқушылар бір-біріне рахмет және алғыс айта отырып сыйлау.



4. Эссе жазу:

«Рахмет, Анашым! Маған өмір сыйлағаныңыз үшін, мені шексіз сүйіспеншілікке баулығаныңыз үшін!» хат жазу.

Оқушылар А4 қағазына аналарына рахмет және алғыс айта отырып хат жолдау және баланың аты-жөні айтылмай бірнешеуін оқып шығу.

5. Миға шабуыл:

Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз?

Оқушылар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасау. Әрине әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызың жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып - алғыс айта білу.

Мысалы:

Анаға - өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге - қорған болғаны үшін,

Далаға - гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге - жанды жылытатыны үшін,

Күнге - шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға - қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа - құшағы мен иығы үшін,

Әжеге - ыстық алақаны үшін,

Суға - тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге - махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа - жылулығы үшін... т.б.

Сахналау: Балалар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады. Әр топқа жеке-жеке сахналау тапсырмалары беріледі.

І топ: Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау;

ІІ топ: Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау;

ІІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.





Қортындылау:

- Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат -Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.





























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал