7


  • Учителю
  • Конспект урока 'Адам-әлем бөлшегі' 8- класс

Конспект урока 'Адам-әлем бөлшегі' 8- класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мектеп: Үстірт орта мектебі. Мерзiм __________________________

Тақырып:Адам - әлем бөлшегі

Құндылық:Дұрыс іс - әрекет
Қасиеттер:Өмірді бағалау

Мұғалiм:А. Жайлыханова

Сыныбы 8 «А»


  • Мақсаты: «Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу.

  • Міндеттері:

  • ∙ Адамның әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту;

  • ∙ Өзін қоршаған әлемді түсіне білуге, танып-білуге баулу;

  • ∙ Сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Тыныштық сәтi. Баяу әуен ойналады. Терең тыныс ала отырып демалу, жүйкені тыныштандыру, жағымды көңіл - күй орнату.
Түзу, ыңғайлы отырып, көздерін жұмады.
«Көз алдарыңызға жазғы бір таза ауада дем алып, серуендеп жүрген уақыттарыңызды елестетіңіздерші! Қандай керемет сәт, таза ауа! Терең тыныс алыңыздар. Өздеріңіздің тыныс алуларыңызды бақылап, бақытқа, махаббатқа, тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңызға толғанын сезініңіздер! Терең тыныс алыңыздар. Ауамыз таза, тынысымыз жақсы, көңіл - күйіміз де шат. Жанымыз тыныштықта. Енді сабағымызға оралайық! Оқушылар өз қалпына келеді.


Дәйексөз.Ақжан әл-Машанидің:

«Адам - ғалам, ғажайып, жеке дара,

Жан құмары ізденген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана» - деген өлең шумағы алынған.


Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. «Адам баласы түйсік, сезімі мен ақылы арқылы өзі өмір сүріп жатқан әлемін танып-біледі. Әр адам өзінің ойлау қабілетіне сәйкес өз әлемін іштей қалыптастырып алады. Адамның рухани даму жолындағы талпынысы оның танымдық көзқарасы мен ойлау деңгейін кеңейтеді».


Мәтінмен жұмыс

Сабақ тақырыбын оқушыларға меңгерту үшін мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мәтінмен жұмыста Д.Әбілевтің «Көкжиек» атты өлеңін оқып, талдау ұсынылады.

Оқушылар өлеңді өз бетінше оқып шығып, ондағы негізгі ойға назар аударады. Мәтіннің мазмұнын талдау жұмысы әңгімелесу әдісімен байланыстырылады.

Көз көрім шолғаныңда дүниені -

Жерменен қауышқандай көкжиегі,

Тұрасың «көк шеңбердің» ортасында,

Туғандай дүниені үйіргелі.


Дәптермен жұмыс:

Өмірдегі өз міндеттерің мен бағыт-бағдарларңнң жобан түзіп көретіңдер. Үйге тапсырма. Адам-әлем бөлшегі тақырыбында эссе жазу



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал