- Учителю
- Мен өз елімнің патриотымын
Мен өз елімнің патриотымын
Класс: 9Б
Тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын
Мақсаты:
Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру тәрбие
Керекті жабдықтар:
Интерактивті тақта, маркер, флипчарт.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Топқа бөлу (түрлі түсті қағаздар арқылы)
ІІ. Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Мұғалім сөзі:
«Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сіздердің назарларыңызға «2016 олимпиадасы Рио-де-Жанейро» туралы бейнетаспа көрсету атты тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.
Топқа бөлу (түрлі түсті қағаздар арқылы сары, кұлгін, қоңырқай тустер)
-
Сары түс тандағандар АЛТЫН тобы
-
Күлгін түс тандағандар КҮМІС тобы
-
Қоңырқай түс тандағандар ҚОЛА тобы
І тапсырма :
Рио-де-Жанейродан жүлдемен оралған жүлегерлерді айту. Әр топ аттарына сай қорғайды.
Мұғалім қосымша мәлімет беру:
ІІ тапсырма:
Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.
А.Байтұрсынов:
- Қазағым елім!
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді оянып...- десе,
М.Дулатов:
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді.
Ал С.Торайғыров:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам? - деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр.
Әр топ 2 шумақ көлемінде өлең шығару.
ІІІ Тапсырма:
Патриоттық ән орындау
4 тапсырма :
Патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?
(әр топтан оқушылар ортаға шығып өз ойларын айтады)
Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.
-
Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
-
Туған жерге деген ыстық сезім;
-
Ата- баба өсиетіне адал болу;
-
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
-
Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
-
Ана тіліне деген құрмет;
-
Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
-
Елдің тарихын құрметтеу;
-
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
-
Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
-
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
-
Заңға бағыну;
-
Үкіметті сыйлау;
-
Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
-
Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
-
Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
-
Басты байлығымыз - табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;
Әрбір адам бала жасынан "Қазақстан - менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын " деген қарапайым ойды меңгеруі керек.
Қорыта келгенде " Өз Отанының патриоты болу - Қазақстанды өз жүрегінде ұялату " деген сөз.
Қорытынды
Рефлексия парағын толтыру.
Рефлексия парағы (нені білемін? Нені білгім келеді? Нені білдім?
№5 орта мектеп
«Мен өз елімнің патриотымын»
Өткізген: Елубаева Гүлсезім Құрманғазықызы
Класс: 9 «Б»
2014-2015 оқу жылы
Шалқар қаласы