7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс шара Алғыс айту-парызым! 8 сынып

Сыныптан тыс шара Алғыс айту-парызым! 8 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Алғыс айту - парызым»

Сыныптан тыс шара

Мақсаты: Еліміздің өсіп - өркендеуіне қал қадірінше үлес қосып келе

жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен

ынтымақтастықты дәріптеу. Оқушылардың Қазақстан туралы

білімдерін кеңейту. Отанын сүюге, байлығын қорғауға,

елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өнерге

деген қабілеттерін дамытып, елге, жерге деген патриоттық

сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: достық жайлы мақал - мәтелдер, буклеттер, өлең жолдары, нақыл сөздер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Халықтар достығы.

ІІІ.Әр ұлттың тағамдарынан үстел әзірлеу

IV. Достық биі

V.Қорытындылау.

Сәлеметсіздерме!

Здраствуйте!

Gоod aftuning!

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және кеш қонақтары! Бүгін 8 сынып оқушыларының «Алғыс айту - парызым» тақырыбындағы сыныптан тыс шарасын ашық деп жариялаймыз.

1 наурыз - рахмет айту, алғыс білдір күні. Халықтар достығы ассамблиясының 20 жылдығына орай осы мейрам қазіргі таңда елімізде белең алып тойланы келеді. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев 1 наурызды осы жылдан (2016ж) бастап тайлауды жүзеге асыып жатыр. Оған себеп басқа ұлт өкілдері қазақ еліне, қазақ жеріне қоныстанып, құшағын айқара ашып қарсы алған халқымызға өз алғыстарын білдіреді.

Халықтар достығы - бұл достықтың түбі тереңде жатыр. Елімізде тұрып жатқан әрбәр ұлт өкілдерін ата - бабамыз кезінде құшақ жая қарсы алып, жерімізге қоныстануға, тату - тәтті бірлікте өмір сүруіне жағдай жасады.

Қазіргі таңда тіпті сол ұлт өкілдеріне қыз беріп, қыз алып туыстасып кеткен жайлары да бар. Міне сол бауырлас халықтардың салт - дәстүрі, өнері, мәдениті күнделікті өмірімізге сіңісті болып кеткен.

Ата - бабамыз сақтап келген ауызбірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі ұрпақта сақтаулары керек. Сонда ғана елімізде бейбітшіліктің тұғыры биік болады.

Бір шанырақта табысқан,

Дос, бауыр көп туысқан.

Отан - ортақ үйіміз,

Көңілді ән күй күйіміз

ІІ. Халықтар достығы.

Осы орайда оқушыларымыз өздері киінген әр ұлттың шығу тегі, салт дәстүрлері, әдет - ғұрпы туралы таныстырмақшы. Кезекті әр ұлт өкілдеріне берейік.

ІІІ. Әр ұлттың тағамдарынан үстел әзірлеу.

Міне біз әртүрлі ұлт өкілдерінің әдет - ғұрпын, салт дәстүрімен, мәдениетімен таныстық. Енді міне осы орайда осы ұлт өкілдерінң ұлттық тағамдарына әзірленген үстелдегі дәмнен ауыз тиюге шақырамыз.

IV. Достық биі.

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ бослын асқар тау,

Жеміс толы бақшау - бау.

Болсын жерм ен су ортақ,

Болсын бізге не ортақ

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Осы орайда оқушыларымыздың дайындаған тамаша билеріне кезек берейік.

Біз Қазақстан дейтін ұлаң байтақ кең далада өмір сүреміз. Алтай мен Атыраудың ортасы қазақ елінің атамекені, туған жері. Осынау туған жерден өзге ұлт өкілдеріне қоныс беріп, тату - тәтті бірлікте өмір сүруіне жағдай жасады.

Ата - бабамыз сақтап келген ауызбірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі ұрпақта сақтаулары керек. Сонда ған елімізде бейбітшіліктің тұғыры биік әрі берік болады.

Ән: «Қазақ осы!»

V.Қорытындылау.

Осымен біздің халықтар достығы ассамблиясының 21 жылдығына орай рахмет күні аясында оздырылып отырған сыныптан тыстшарамызджы жабық деп жариялаймыз. Ел аман жұрт тыныштықта кездескенше сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал