7


Конспект на день знания

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Менің отаным-Қазақстан»

Сабақтың мақсаты:

білімділік - оқушылардың Қазақстан Республикасының тарихы, осы күнге жеткен жетістіктері туралы білім деңгейін көтеру;
дамытушылық - сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
тәрбиелік - Отанды сүюге баулу, туған жерді аялауға, қорғауға тәрбилеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, лента, кесте.

Сабақтың эпиграфы: Қазақстан: Туыменен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық кезең.

Бір-біріне сәттілік тілейді. (3 мин)

ІІ. Cабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру (7 мин)

- Балалар,сабағымды өлең жолдары арқылы бастағалы отырмын, бұл өлеңді
сендер білесіңдер, сондықтан мұқият тыңдаңдар.
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.....
- Бұл өлеңді кім жазды?( Мұқағали Мақатаев)
- Ол кім?( ақын, аудармашы, ғасыр ақыны)
- Қандай ақын?( ұлы, дарынды, ақиық- сыршыл, лирик)
Енді қайтадан өлең жолына оралайық.
- Өлең не туралы?( Туған жер, Отан туралы)
- Отан деген не?( Адамдардың туып- өскен жері)
- Қазақ елінің Отаны қалай аталады?( Қазақстан)
- Қазақстан қандай мемлекет? ( Тәуелсіз, дербес, егеменді, экономикасы
дамыған, демократиялық, құқықтық, көпұлтты;

Қазақстан: Туыменен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.

Осы эпиграфты бір сөзбен айтқанда, негізгі ой не туралы?(рәміз-)
Ендеше, сабағымызды Әнұранмен бастайық.

ІІІ. (Кластер құрастыру).

ІV. Видео материал "Миға шабуыл"( 8 мин)

"Бірге ойлаймыз".(Мұғалім сұрақ қояды, ойлануға уақыт белгілейді және одан кейін "Бірге ойлаймыз" - деп айтады. Оқушылар тұрады және сұрақты ауызша талқылау үшін үстелдің орта тұсында түйісе, еңкейеді. Әр команданың тиісті оқушысы үстелден планшет пен қаламды алып, жауап жазады да, орнынан тұрады.).

Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз ел болды? ( 1991 жылы)
- Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығына аяқ басып отырмыз?( 20 жылдық)
- Қандай тәуелсіздік белгілерін білесіңдер?( Ту, елтаңба, әнұран;


V. Серіту сәті

«Елім менің» өлеңінің әнімен айту.(3 мин)

«Елім менің»
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін
Берекең мен бірлігің,
Таси берсін ырысың!

VІ. Сабақты бекіту.

"Қазақстанның жетістіктері" (әр топ өз ойларын постерге салады). 13 мин

Қазақстан жетістіктері :

Өз армиясы бар
Ұлтаралық келісім мен бейбіт өмір
100- ден астам мемлекет таниды
Халықаралық валюта қорына,

БҰҰ мүше
Менделеев кестесіндегі барлық элемент бар
Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев (ғарышкерлер)
2030 ж. (дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына ену)
Қазақстанның соңғы жетістіктері туралы не айтар едіңдер?
(Қазақстанның жоғары халықаралық беделі елімізге Еуропадағы қауіпсіздік
және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік беруі.
55 мемлекет пен 12 серіктес елдің басшылары , 69 халықаралық ұйым, 1000-
нан аса журналистер келеді. ЕҚЫҰ Саммиті барша қазақстандықтардың
жетістігі мен мақтанышы.
Қазақ елінің даңқын асырған Азиада ойындарының үлкен жеңісі.Барлығы
қазақстандықтар 70 медаль алды. 32 - алтын, 21- күміс, 17- қола ...).

Қазақстан халық Ассамблеясына 20 жыл

Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл

Қазақстан Конституциясына 20 жыл

Видео көрсету. 5 мин

VІІ. Оқушыларды бағалау.

Кері байланыс. 2 жұлдыз 1 тілектерн айтады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал