- Учителю
- 'Жолда жүру ' тәрбие сағаты сынып жетекшісі Адырбекова Манат Кулмановна
'Жолда жүру ' тәрбие сағаты сынып жетекшісі Адырбекова Манат Кулмановна
Тақырыбы: Жол тәртібін сақтаймыз!
Мақсаты: - Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте сақтауға үйрету;
-
Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;
Көрнекілік: бағдаршам, сызылған жол, жол белгілері.
Өтілу барысы:
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі
-Құрметті оқушылар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік.Ендеше, 3 «А» сынып оқушыларына кезек берейік. (Ортаға Мерует пен Ләззат шығады)
- Арманға , алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басыламыз,
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
-Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Сабағымыз басталсын сәлемменен.
Мұғалім: -Балалар! Бүгінгі біздің «Жол тәртібін сақтаймыз!» атты тәрбие сағатына мемлекеттік автоинспекция қызметінен жас автоинспектор келіпті. Біз оны ортаға шақырып, сөз кезегін берейік. (МАИ қызметкерінің формасын кигке бала ортаға шығады)
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендер алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдер:
Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ, тоқта, жүр дейді.
-Бағдаршам!
-Жарайсыңдар, балалар!Ендеше, бағдаршамға назар аударайық.Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар!
-Мынау қандай белгі? Сақтандыру, ескерту белгісі. (Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген үшбұрыш)
Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман-сау жүреді
Жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні
Сақтаған, қолдаған!
Тыйым салу белгісі. ( Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)
Қызылменен боялған шеңберлі, аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа.
Міндеттеу белгісі. (Көк түсті дөңгелек)
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартымды міндетті орында!
Нұсқау (көрсеткіш) белгісі. (Көк түсті төртбұрышты)
Баратын жеріңнің бағытын , тұратын,
Үн-түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
(Осы кезде велосипед қоңырауы естіледі, велосипедпен бала келеді, тежегішті басып, тоқтай қалады.)
-Әй, жолда бәрің неқылып иіріліп тұрсыңдар?Велосипед келе жатқанын көрмейсіңдер ме? Қағып кетсем қайтесіңдер, ә?
Автоинспектор: -Велосипедің болғаны жақсы екен. Ендеше, біздің жолда жүру ережесіне арналған жиынымызға хош келдің. Ол ережелерді сенің де білуің керек.Балалармен таныс бол.Атың кім өзіңнің?
-Менің атым - Зуылбек. Велосипедпен ылғи зуылдап жүремін.Сосын балалар мені осылай атап кеткен.Ал, мына белгілер көшеде қаптап тұр, мен оларды біліп қайтем?Велосипедті мен бұларсыз-ақ зуылдатам. (Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді)
- Әй, мынау қандай белгі? Мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?
Автоинспектор: - Ия, Зуылбек, сен үшін.Бұл белгінің аты- «Велосипед жүрмейді!»
Зуылбек: (таң қалып) Жүрмейді? Тапқан екенсіңдер! Зуылбектің велосипедінің жүрмейтін жері жоқ, білдіңдер ме? Мен үшін көше де, саяжай, арық, аула, бақ, гүлзарлар да бәрі ашық. Әлгі ... сендерше айтқанда қандай, қалай еді? «Зеленый свет», «Жасыл жарық».
(Сақтандыру белгісін ұстаған балаға жақындап, жан-жағына қарайды.)
-Мұны да белгі дейді-ау. Әй, көшеге пәтер үшін жылу батареясы не үшін керек?
Автоинспектор: (күліп) Зуылбек-ау, бұл да тағы саған керек белгі. Айталық, сен велосипедпен зуылдап келесің дейік. Қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше, алдыңда « Шлагбаумы бар, темір жол бар»- деген сөз. Ұқтың ба?
Зуылбек: А-а-а , (қолын сілтеп) Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап-гүлдірлеп поезд жеткенше зу етіп өтіп те үлгіремін.
(Адам сұлбасы салынған нұсқау белгісінің жанына тоқтай қалады.)
-Ал, мына белгі не үшін керек?
Автоинспектор: Қара, «Адамдар өтеді».
Зуылбек: Велигім тұрғанда мұны қайтем. (Велосипедін келген жағына бұрады) Қой, мен зуылдайын.Бұл белгілерді түгендеймін деп тұрғанда жолымнан қалармын.Сау болыңдар, балалар! Сау болыңыз, ағай! (Кетеді)
Автоинспектор: Балалар! Сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін мына тұрған балалардың есіне салып көріңдер.
-
Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
-
Жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.
-
Егер жолдан өтуге үлгірмесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсі жануын күт.
-
Жолдан өтерде солға қара, ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара.
-
Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.
-
Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.
-
Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.
Автоинспектор: Ал, балалар, бағдаршамның көздері туралы айтып беріңдерші.
-
Бұл сақшының үш көзді,
Үш көзден ұқ, үш сөзді.
Ашша сақшы үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
2.Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба!
Автоинспектор: Ал, қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. (Балалармен бірге жолдан өтеді)
-Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар! (Орнына тұрады)
Мұғалім: Ал, балалар! Міне, сендер жолда жүру ережесін еске түсіріп, жолдан өту қауіпсіздігін сақтауды үйрендіңдер.Жолда, көшеде барлық ережелерді есте сақтаймыз ба?
Ендеше, біз сабағымызды әнмен аяқтайық.
Көшеде сақ бол!
1.Көшеде біз сақ болайық,
Қайғырмасын ата-ана,
Жолда сен бол лайықты
Оқушылар атына.
Қ-сы: Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін
Қасымда болсын анам
Болайын мен де аман.
2.Жолда жүру әліппесін,
Білгенің жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.