7


  • Учителю
  • 'Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады' атты тәрбие сағаты

'Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады' атты тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады»№1 Жүргізуші : Өмір өзі мінбесінен сөз берді,Тебірентіп толғанатын кез келді.Қан төгісті көрсек те кешегі,Айтамыз біз естігенді, сезгенді№2 Жүргізуші :Соғыс берді аналарға жесірлік, Дей алмаймыз «
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, Ол күндер мәңгі есте сақталады»

№1 Жүргізуші :

Өмір өзі мінбесінен сөз берді,

Тебірентіп толғанатын кез келді.

Қан төгісті көрсек те кешегі,

Айтамыз біз естігенді, сезгенді


№2 Жүргізуші :

Соғыс берді аналарға жесірлік,

Дей алмаймыз «Санамыздан өшірдік»

Боздақтардың қаны судай төгілген

41- де көрмеді жұрт не сұмдық?


№1 Жүргізуші : «Миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс - халық санасынан ұмтылған жоқ. « Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің жерлестеріміз кешегі ортақ Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, жер бетінде бейбіт өмір орнауы жолында кеуделерін оққа тосты.»

№1 Оқушы:

Отанын сүйіп, ар- намысын сақтаған,

Жарты Еуропаны жаяу өтіп аттаған.

70 жылда тат баспаған есімін,

Ел қорғаған ерлеріммен мақтанам!


№2 Жүргізуші : «Соғыс» деген суық хабар. Қазақстанның барлық жеріне «1941жылдың 22-ші маусымында келіп жетті. Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халқы 6 миллионнан астам еді.»

№2 Оқушы:

От, саз кешіп 5 жылдай толарсақтан,

Тіршіліктің шырағын солар жаққан.

Жанын қиса сан есіл алғы шепте,

Қалғандары ауылға нұрын шашқан.


№1 Жүргізуші: «Ұлы Отан Соғысына Қазақстаннан 1 миллион 7000 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар ошарсыз кетті.»

№3 Оқушы:

«Ел үшін өткен батырлар
Шайырлар менен ақындар
Күш пенен түйсік, ақылды
Бағындыра алған дарындар»

Олардың ерлік тәлімі
Халқына айқын мәлімді
Ұғына алса керекті
Қазіргі ұл - қыз хәліңді

№2 Жүргізуші : Майданға халық материалдық және рухани көмек берді. Жауынгерлерді, халықты рухтандырған Р. Бағланова, Ж.Жабаев, К. Байсейітовалар майдан шептерінде болды.

№4 Оқушы:

Есіңе ал, достым, есіңе ал,

Есіңде қалмас несі бар.

Есіңе ал, күңгірт күндерді,

Есіңе майдан кешін ал!

Есіңе ал өткен кеткенді,

Әр өзен, әр дөң, өткелді.

Есіңе ал қысты қақаған,

Кешігіп келген көктемді.


№1 Жүргізуші : - Сұрапыл сында ажалмен бетпе - бет айқасып, теңдесі жоқ ерлік танытқан 518 Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

№5 Оқушы:

Батырлығың кем соқпас ешкімнен де,

Өзіңді өзің баулыдың ес білгенде.

Шаңырақта шалқайып жата алмадың,

Жау дүбірі алыстан естілгенде.


№2 Жүргізуші: Елімнің еңсесін биіктетер, бабалар тіккен жеңіс туын қалықтатар бүгінгі ұрпақ өткен тарихымыз бен соғысы өртінде құрбан болған аталарымызға бас иіп, тағзым етеді.

№6 Оқушы:

Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып

№1 Жүргізуші: Қазақстан елі соғыс жылдарында қайсарлық танытып, ерлік көрсеткен қаһарман ел ретінде алтын әріппен жазылып қалғаны белгілі.

№7 Оқушы:

Шынында да бұл оралған мыңнан бірің,

Бақ нұрына жүзіңді жуған күнің.

Жеңіс күні өзіңдей көзі тірі

Майдангерлер бәріңнің туған күнің!


№2 Жүргізуші:

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған.

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқан бағаң


№8 Оқушы:

О, бабалар, ерлігіңе бас ұрдым,

Із баспауы мүмкін емес хас ұлдың!

Ерен ерлік жасайды, әлі, күмән жоқ,

Жігіттері жиырма бірінші ғасырдың.


Сандуғаштың өз өлеңі.


№9 Оқушы:

Отан үшін оққа тос кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды , жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.

№10 Оқушы:

Дауылмен тербеп, оның жас бесігін,

Мәншүк деп елі атаған ерке есімін.

Адамша ақтау үшін ана сүтін,

Майданның «Максименен» ашты есігін.

Ай өтпек, жылдар өтпек, ғасыр өтпек,

Жеңіспен майдан бітіп, жас ержетпек.

Ерлігі ел жүрегін тебірентіп,

Ұрпаққа үлгі болып Мәншүк кетпек.

№11 Оқушы:

Тверьдің орманы жас, жері кәрі,

Ата қоныс санайды елдің бәрі.

Сол жерде Әлияның қаны сіңді,

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.

Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан,

Әлия Отанына болған мақтан.

Казачиха дөңінде тұлғасы тұр

Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан!

№12 Оқушы:

Бір дауыл сыпырды кеп өрт тіңізін,

Теңселтіп темір топан дүние жүзін.

Бетіне туған жердің өшпестей ғып,

Ер жазды өз қолымен жүрген ізін.

№13 Оқушы:

«Батырым - Бауыржаным» дейді халқым.

Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын

Келешек келе жатқан көремін деп,

Тік басып туған жерде тұрды қалқып.


№14 Оқушы:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

№15 Оқушы:

Тас талқан ғып фашистті,

Қиратқан біздің ер күшті

Москва, Ленин қаласын,

Ағы мен көздің қарасын,

Отаның гүлді даласын

Қорғап жатқан ерлерім,

Жауға қарсы аттанды,

Борасын қардай оқтарым!

№16 Оқушы:

Адамзатым ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген болған емес тегін іс.

Соғыс деген - қиылған жан, аққан қан,

Соғыс деген -екі жаққа жеңіліс.

№17 Оқушы:

Өршеленіп соқты боран

Орман шулап тартты қобыз.

Қарды қуып құйындаған

Келе жатыр жиырма сегіз.

Жиырма сегіз жау тобырын

Алға адым жер бастырмады

Сақтамаққа ел өмірін

Қорғап жатты Москваны.


№18 Оқушы:

Төбеден қайта зулап оқ борайды,

Айналаны алқызыл отқа орайды.

Жеңіс үшін жастығын берген ерлер

Бейбіт өмір еліне төкті арайды.

№19 Оқушы:

Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,

Жастық күйреп, халық сиреп көнерді,

Жарақат алғандардың күшіменен

Өркендеттік өмір мен өнерді.

№20 Оқушы:

Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,

Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.

Біз күштіміз күштілердің бәрінен,

Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.

Біздер нағыз құдіретті елденбіз,

Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз!


Қорытынды:

№1 Жүргізуші: Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрдайым мақтан тұтамыз. Елімізді ғана емес, Еуропаны фашизмнің қара түнегінен азат еткен ардагер ағаларымыз бен апаларымызды кейінгі ұрпақ - біз ешқешан ұмытпаймыз. Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз. Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әрқашан қастер тұтамыз. Олардың ерлігі ешқашан естен шықпақ емес.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал