7


  • Учителю
  • Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты

Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

16 желтоқсан - Тәуелсіздіктің 23 жылдығына орай

«Қайсар рухты Қайрат» атты еске алу кездесу кеші.

Тақырыбы: Қайсар рухты Қайрат.

Өтетін күні: 2014 жыл желтоқсанның 10-і күні

Өтетін орны: № 219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі

Тәрбие сағатының мақсаты: 1986 жылы желтоқсан оқиғасын оқушыларға таныстыру. Желтоқсан оқиғасының неден бастау алып, оның не себепті қанды оқиғаға ұласқанын ашып көрсету. Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа, еліміздің Рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Түрлі қанатты сөздер. «Желтоқсан ызғары - жүректерде із қалды», «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік» монументінің, Желтоқсан құрбандарының суреттері, «Қайсар рухты Қайрат» бүктемесі.

Жүргізушілері: Абиева Мадина мен Зинуклакимов Ринат.



1,Ринат: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Қайсар рухты Қайрат» атты кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.



2,Мадина: Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн - біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 23 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтілді.



1,Ринат: Ортада «Тәуелсіздік» биі



2,Мадина: 1986 жылғы Қазақстандағы он алтыншы желтоқсан оқиғасы қайта кіру дәуіріндегі Демократияның ең алғашқы көрінісі еді. Бұрын-соңды Қазақстанда болып көрмеген Колбинді Қазақстанның бірінші басшысы етіп

18 минут ішінде сайлады. Оған бүкіл қазақ жастары қарсы болды. Кешегі Кеңес одағы кезінде Қазақстанда бірінші хатшы болған 20 адам болса, оның үшеуі-ақ қазақ еді. Сондықтан қазақ жастары ұлттық құқықты көкседі. Олар: «Мейлі бірінші хатшы қазақ болмай-ақ қойсын, келіселік, бірақ ол Қазақстанның толғақты мәселелерін білетін, осында туып өскен адам болсын»,-деп, Демиденко мен Морозовты ұсынды. Бірақ олардың ұсынысы қабылданбады. Нәтижеде 16-желтоқсандағы қанды оқиға болды. 8500 адам заңсыз ұсталды, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды.



1,Ринат: Бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге жатқызып қорлады, қыздарды бұрымынан сүйреп, өлімші етіп соққылады. Үскірік атқан суықта мұздай су шашты. Өзге ұлт өкілдерін қазақ жастарының ерелуіліне қарсы қойды.

2,Мадина: Алдарыңызда өлең шумақтарымен Жансая мен Ердәулет



Жансая Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,

Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.

От боп жанған қазағымның жастары,

Жалынымен ерітіпті мұздарды.

Ердәулет Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,

Еркіндікті қашанда ел көксейтін.

Қаныменен тарихтарда жазылып,

Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.



1,Ринат: «Қайсар рухты Қайрат» атты көрінісімізді тамашалаңыздар!



(Баланың бесікте жылаған даусы шығады)

Береке(анасы); Құлыным,ботақаным,кішкентай ғана балапаным менің

Бейбарыс(әкесі); Ия балам,менің көрген күнім осы,күндіз-түні малдың соңында жүремін,Сен осындай күнді көрмесіндеп,ел намысын қорғайтын азамат болсындеп,сенің атыңды Қайрат қойдым,сенің атың Қайрат, сенің атың Қайрат!

Береке(анасы);Қайратым менің,адамзаттың,халқыңның баласы бол, жаным!

Бейбарыс(әкесі); Арыстандай айбатты жолбарыстай қайратты батыл бол,ғұмырың ұзақ болсын!

Береке(анасы); Қарашы,өзі ерекше туғанға ұқсайды

Бейбарыс(әкесі); Иә,болар бала бесігінен,тіл көзім тасқа тфай-тфай

Береке(анасы); Әрине

Бейбарыс(әкесі);Жүр онда шәйің дайын болса

(Арада біраз жылдар өтеді)

Береке(анасы) Қайрат тұрағой енді,әкең мал соңында жүріп әбден шаршаған шығар,барып жәрдемдесеіп жібер

Ернар(Қайрат) Қайырлы таң анашым!

Береке(анасы); Қайырлы таң!

Ернар(Қайрат) Әрине барамын

Береке(анасы); Онда барып жуынып келе ғой

Ернар(Қайрат) Жарайды(Жуынып келеді)

Анашым мен әкеме барып жәрдемдесе берейін

Береке(анасы); Қайратжан мынадан ауыз тиеғой

Ернар(Қайрат) Ммм,қолыңызға дерт бермесін,бәлішіңіз қандай дәмді

Береке(анасы); Әй зулап бара жатқан ғұмыр-ай,кешегі кішкентайғана ботақаным,енді міне жалын атқан жас жігітке айналып шыға келді,оо жаратқан балаларымды тил-көзден сақтай гөр,аумин!

Асылхан(Інісі) Бәрібір онікі дұрыс емес

Береке(анасы); Балам неболды,неге ашулысың,бір жағдай болдыма

Асылхан(Інісі) Апа, Қайрат үнемі мені емес қарсыластарымды жақтайды,Жаңа мектепте бір баламен сөзге келіп қалып едім,Қайрат келіп, сенің мұның жарамас деп,ана баланы жөніне қоя берді

Апа неткен сұмдық,келіспеймін онымен



Ернар(Қайрат) Әділдікке көз жұмып қарауға болмайды,әрине сен менің бауырымсың,бірақ жанағы жерде сенікі дұрыс емес

Асылхан(Інісі) Ой қойш Қайрат,сен әрдайым сондайсың,мені бір жақтауды білмейсің

Береке(анасы); Балаларымау қойыңдар енді,Қайраттың әділ айтып отырғанын сен мойындауға тиісің,

Бейбарыс(әкесі) Уф жаратқанай

Балалары Ооо әкешім келді

Бейбарыс(әкесі); шаршадым

Береке(анасы); Қой мен шәй қояиын

Асылхан(Інісі) Отырырыңыз әке

Нәзерке(Қыз) Қайрат,Қайрат

Балалары Ооо сәлем Сабира

Нәзерке(Қыз) Сәлем бердик ата

Бейбарыс(әкесі); Амынсыңба қызым

Нәзерке(Қыз) Ертең ұстаздар күніне шағын концертіміз бар еді,Қайрат екеуміз қабырға газетін шығаруымыз керек Қайрат комсомол ұиымының хатшысы емеспе?Соған Қайратты жіберуіңізді сұраймын

Бейбарыс(әкесі);Ее барағойыңдар

Ернар(Қайрат) Жарайды әке мен барып келейін

Асылхан(Інісі) Жүріңіз әке,апамның шәйі дайын болған шығар



2,Мадина: Ортада Бағдәулет пен Индира-Желтоқсан жел



Ернар(Қайрат) Әке-апа мұнда келіңіздер

Береке(анасы); Неболды құлыным

Ернар(Қайрат) Ұлдарыңызды құттықтап қойыңыздар

(Қолындағы қағазын оқиды)

«Бірлік» ауылындағы Киров атындағы орта мектепті үздік бітіргені үшін және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Қайрат Ноғайбайұлы марапатталады!

Бейбарыс(әкесі); Ой,құлыным,өрісің кеңие берсін

Асылхан(Інісі) Қайрат,Қайрат мынаны қарашы,әскерден шақырту келіпті Береке(анасы); Әскер,әскер диді?

Ернар(Қайрат) Несібар барамын,әскери борышты өтеу ер-азаматтың парызы емеспа? Асылхан(Інісі) Дұрыс айтасыз аға

(Қайрат шақырту қағазын әкесіне береді)

Бейбарыс(әкесі); Бұл жарықтыңда дер кезінде келуін қарашы,мектепті бітіргеніңде осы еді ,недейін,ер азаматтың жүгін көтере біл

Береке(анасы); Құлыным-ау,сенсіз қалай күніміз өтер

Ернар(Қайрат)

Анашым менің,анашым

Сен ғана маған данасың

Өзіме мәңгі панасың

Жылама менің анашым!

Асылхан(Інісі) Жүріңіз аға,дайндалайық

Бейбарыс(әкесі); Ия,арада біраз жылдар өтті,Қайратта әскер борышын өтеп,студент атанды,ал мына ел-жұрт болса малшының ұлдары жоғарғы оқу орнына түскеніне әлі сеналмай жүр

Береке(анасы); Шүкүршілік ет



1,Ринат: Алматы қаласы студентер сарайы

(ортаға Саят,Дильнұр, Нәзерке,Жұлдыз шығады)

Саят (студент)

Арыстандай айбатыма кім шыдар

Жолбарыспын,маған қарсы кім тұрар?

Көкте бұлт,жерде желмен гулеген

Жер еркесі, желдің жөнін кім сұрар



Қыздар Ия әдемі олең екен

Нәзерке(Қыз) Мағжан Жұмабаев атамыз айтпақшы

Арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қаннатты ,мен жастарға сенемін-деген емесие?

Ернар(Қайрат) Дұрыс айтасың Сабира,ақын болмасақта,ақындыққа жақын жастар біздің тобымыздада бар

Саят (студент) Ооо Қайрат келіптіғой,онда осындай құлпырған қыздардың арасында махаббат лирика аясында жарысалық

Талант(студент) Нағып тұрсыңдар?Ана жақта Қонаевті тақтан алып,Колбинді отырғызғалы жатыр,қазақті біреу басқарады деген недеген сұмдық?

Ернар(Қайрат) Қазақты біреу басқаратындай қазақ әлі өлген жоқ,Намысымызды таптатпайық, жүріңдер!



Жансая(мұғалім) Кіруге болама?

Бағдәулет(декан) Кір

Жансая(мұғалім) Сәбира Мұханметжанова,Қайрат Рұсқылбековтың жағдайларын бір жақты ету керек,шақырту керек оларды

Бағдәулет(декан) Шақыртыңдар

Жансая(мұғалім) Кіріңдер,әне өздеріде келе жатыр

Бағдәулет(декан) Сонымен,алаңға ескертусіз шығып,студентерді азғырып,батыр атанбақшысыңдарма?

Жансая(мұғалім) Сендерге кім басшы болсада бәрібір емеспа?

Ернар(Қайрат) Сізге бәрібір шығар,Жайылған малды кім жайсада бәрібір,ал біз қазақпыз,ұлпыз,сондықтан түсінуіңізді сұраймын

Бағдәулет(декан) Сен мынадай намысыңмен қайда барып оңасың,сендерді соттау керек

Жансая(мұғалім) Қараш өздерін,сені Советскийдің өліміне кінәлі дейді

Ернар(Қайрат) Не? Мен адам өлтіргенім жоқ,Қазақтың қыздарын шаштарынан жұлмалап,сабағанына төзе алмадым,сенде қазақсың,менде қазақпын Жансая(мұғалім) Қалай болатынын сот шешеді,әзірге боссыңдар,қараш бұлардың, ұлтшылдарын!







(радиодан хабарлама)

2,Мадина Алматы алаңындағы дүбірлең басылар емес,Колбинді тақтан тайдырмақшы болған қазақ жастарының екпіні басылмады,Советскийдің өліміне тікелей қатысы бар деген айыппен «Сәулет құрлыс академиясының» 1-курс студент Қайрат Рысқұлбеков іздестіруілде

Береке(анасы); Ноғайбай мыналар недеп тұр?

Бейбарыс(әкесі) Жо,жоқ жалған бұлай болуы мүмкін емес

Береке(анасы); Бұлар недептұр,құлыным?

(есік қағылады)

Береке(анасы); Талғат,Қайрат

Ернар(Қайрат) Неге мұңайып отырсыздар,бір жағдай болып қалдыма?

Береке(анасы); Қайрат сені кісі өлтіргендеп айыптап жатыр

Бейбарыс(әкесі) Тәйт әрі,кісі өтіргені жоқ,жалған бәрі

(есік қағылады,екі мелитционерлер кіріп келеді)

Саят,Сайт(мелитционерлер) Мұнда Қайрат Ноғайбайұлы тұрама?

Ернар(Қайрат) Ия, ол мен,тыныштықпа?

Саят,Сайт(мелитционерлер) Сен Советскийдің өліміне кінәлісің

(Қолын қайырып алып кетеді)

Береке(анасы); Қайрат ,Қайрат жіберіңдер оны,Қайрат



Саят,Сайт(мелитционерлер) Сен Советскийдің өлтіргеніңді мойындайсың ба?

саған 20 минут уақыт береміз

Ернар(Қайрат) Апа,апа,мұнда келіңіші?

Гүлдана(еденсыпырушы) Жо-жоқ болмайды

Ернар(Қайрат) Апатай,өтінемін сізден, мына хатты жазылған мекен жайға жеткізе салыңышы?

Гүлдана(еденсыпырушы) болмайды,біліп қойса басым кетеді ғой?

Ернар(Қайрат) Соңғы үмітім сізсіз,алыңышы апатай?

Гүлдана(еденсыпырушы) жарайды,бірақ,сен мені көргенің жоқ?

Ернар(Қайрат) Рахматсізге

(анасы хатты оқып отырады,Қайратты ату жазасына кесіледі)



1,Ринат: «Тәуелсіздік - халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ

2,Мадина: . Бұл Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.



Қазақстан Республикасының гимі орындалсын!



1,Ринат:Сіздерге бүгінгі кешті сыилағандар!

Мың бұралған бишілеріміз Береке,Нәзерке,Жансая,Гүлдана,Дильнұр

2,Мадина: Жас ақындарымыз Ердәулет пен Жансая

1,Ринат: Жас әншілеріміз Бағдәулет пен Индира

2,Мадина: Көріністің кейіпкерлері

Қайраттың әкесін сомдаған-Бейбарыс

Анасы-Береке,

Інісі-Асылхан

1,Ринат:Қайраттың ролінде-Ернар,Сабираның ролінде-Нәзерке

2,Мадина: Университетің ректоры-Бағдәулет,Мұғалім-Жансая

1,Ринат:Студенттер- Саят,Дильнұр, Нәзерке,Жұлдыз

2,Мадина:Ринат біз біреулерді айтуды ұмытып кеткен сияқтымыз?

1,Ринат:Кімді,біз барлығын хабарладыққой?

2,Мадина: Ортаға мелиционерлер- Саят және Саит,еден сыпырушы-Гүлдана

1,Ринат: Әрине менің әріптесім Абиева Мадина

2,Мадина:Зейнуклакимов Ринат

Әрине сынып жетекшіміз Бекжен ағай!

Біз; 5 «г» сыныбымыз.

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал