7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Тақырыбы: Ас атасы - нан (3-сынып)

Тәрбие сағаты Тақырыбы: Ас атасы - нан (3-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Тақырыбы: Нан қадірі

Мақсаты: Балаларға нанның қайдан және қалай шығатынын түсіндіру. Нан туралы білімдерін кеңейту. Ойлау, тану арқылы білуге деген құштарлықтарын ояту. Нанды қадірлеуге, ұсағын шашпауға үйрету.Адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Құрал-жабдықтар: нанның суреті, қима қағаздар.



Сөздік жұмыстары: Наубайхана, диірмен, комбайн.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Сабаққа дайындық.

ІІІ. Жылулық шеңбері. Кері байланыс. Алдын ала дайындаған дақылдарды көрсетіп әңгімелейді.



ІV. Жаңа сабақ. Ас атасы-нан



Кіріспе әңгіме.

- Нан қайдан шығады?

- Нан қандай болады?

- Білгілерің келе ме?



Ас атасы- нан деп айтуымыздың себебі нансыз адам өмір сүре алмайды. Нан бізге үлкен еңбектің арқасында келеді.

-Ендеше балалар наубайханаға саяхат жасап көрейік. Ең алдымен тұқымды көктемде жерге себеді. Ол егілген дәнді жаз бойы адамдар суарып, баптап күтеді. Уақыты келгенде өсіп өнген астықты жинап алады. Астықты жинау үшін комбайн қажет. Ол жиналған бидайды диірменге апарып тартады. Одан ұн шығарады. Ол ұнды наубайханаға апарып, нанның түрлерін пісіреді. Нанның түрлері өте көп және дәмді болады. Олар: тоқаш, торт, печенье, вафли т.б.

Нан өнімдерінің түрлері сан алуан. Көрдіңдер ме, балалар, нан қандай зор еңбекпен келеді.

«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»- деген мақал бар.

V. Сергіту сәті.

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай.

Трактор мен комбайн,

Жүргізуге мен дайын.

VІ. Біз бүгінгі сабақтан нені білдік?Балалардың ойларын тыңдап, мадақтау.

Жылулық шеңберін құрып кері байланыс жасау.

Жаңа сабақ тыңдауға кіріседі.

Қойған сұрақтарына жауап береді.

Балалар ас атасы- нан екенін, ол нан қандай еңбекпен келетіні туралы өз ойларымен бөліседі. Наубайхана сөзінің мағынасын түсінуге тырысады.

Түсіндіргенін мұқият тыңдап өз ойларын ортаға салады.

1-тапсырма.Тірек сызбалардың көмегімен нан қайдан пайда болатынын анықтайды.

2-тапсырма.Ұннан жасалатын тағамдарға тізбек құрастырады.

3-тапсырма.Венн диаграммасын толтырады.





Нан









Нені біліп, не түсінгендерін айтады.

Білу керек: Ас атасы- нан қандай еңбекпен келетінін.

- Тәрбие сағаты өз мәресіне жетті. Белсенділік танытқан оқушыларға көптен-көп рахмет. Ең бастысы бұл сабақта көп мағлұмат алдық деп есептеймін. Сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал