- Учителю
- Мен және мені қоршаған орта
Мен және мені қоршаған орта
| Тақырыбы
| Мен және мені қоршаған орта | |
| Мақсаты | Қоршаған орта және қоғамның экологиялық мәселесі туралы білімін бекіту, тереңдету. Тақырыптың мазмұнын ашу арқылы түсінеді, есте сақтау әдіс - тәсілдерін үйренеді.оқушы ойлау қабілеттерін дамытады.
| |
| Күтілетін нәтиже | Тақырыптың мазмұнын талдайды,пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды
| |
| 7 модульдің қолданылуы | АКТ", "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер", "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау", "Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету", "Оқытуды басқару және көшбасшылық".
| |
| Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Кім жылдам,Миға шабуыл, Өмірлік ахуалды талда | |
| Қолданылатын ресурстар | Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер | |
| Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі
| 1 оқушыны шығарып, сыныптағы мінезі, адамгершілігі ұнайтын оқушыға тілегін айтқызу және басқа оқушылар да осы тапсырманы жалғастырады.(сыныпта психололгиялық ахуал орнату) | Оқушылар кезекпен орындарынан тұрып, бір-біріне тілектерін айтады. |
| Білу Миға шабуыл Интерактивті тақтада видеоролик көрсетіледі
| Интерактивті тақтада көрсетілген видеороликті қарап болған соң бүгінгі тақырып туралы сұралады | Оқушылар интерактивті тақтадан видеоны қарап болған соң бүгінгі тақырыпты айтып, талдайды.
|
| Түсіну Қоршаған орта туралы түсіну
| Қоршаған ортаның ластануы туралы қосымша ақпарат беру | Қоршаған ортаның ластануы туралы қосымша ақпарат алады және өз ойларын ортаға салады |
| Қолдану Кім жылдам? | Қоршаған орта туралы мақал-мәтелдер, ақын жазушылардың шығармашылығынан сұрайды | Қоршаған орта туралы мақал-мәтелдер, ақын жазушылардың шығармашылығынан естеріне түскендерін айтады |
| Талдау
| Осы көрсетілген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға таратпа қағаздар беру, өз беттерінше дайындық жасату. Таратпа қағаздар арқылы сұрақтарға жауап беру | Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту және өз пікірлерін ортаға салады, тақырыпты жинақтайды |
| Жинақтау Өмірлік ахуалды талдау» әдісі арқылы тақырыпты сабақты жинақтау | «Біздің ауылымыздың қоршаған ортасы» деген тақырыпта эссе жазу | Эссе жазады |
| Бағалау
| Оқушылар бір-бірін бағалайды | Оқушылар бір-бірін бағалайды |
| Рефлексия | Екі жұлдыз , бір тілек Стикерлерді толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі
| Оқушылар кері байланыс арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлерін, ұсыныс, тілектерін жазады. |