7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс іс-шара 'Ойнайық та, ойлайық!'

Сыныптан тыс іс-шара 'Ойнайық та, ойлайық!'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!»
Мақсаты: Оқушылардың математика пәні бойынша меңгерген білімін тексеріп білу, өткен материалды еске түсіру, математика пәніне қызығушылығын арттыру арқылы ой-қабілетін дамыту және өз ойларын жеткізе білу.
Барысы:

Кіріспе сөз:

- Сәлеметсіңдер ме, жиналған көпшілік!
Кешті ұйымдастырушылар атынан жалынды сәлем!

«Ойнайық та, ойлайық!» атты математикалық сайысымызды ашық деп жариялаймыз!
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма ,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп Абай атамыз айтқандай, уақытында математика сырын түсінбей, кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін, бүгінгі таңда математикамен әрі қарай сырласып, кейбіреулерімен мұндасып қалу үшін өткізгелі отырған кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Ортаға бүгінгі математикалық сайысқа қатысушыларымызды шақырамыз.
Бүгінгі кеш бағдарламасы:
1.Топтардың өзін таныстыруы
2.Жұмбақтар әлемі - жұмбақ есептер шешу

3.Кім жылдам? - викториналық сұрақтар

4.Криптограмма - сөз шығару

5.Санап көріңдер! - үшбұрыштар санын табу

6. «Мақал-сөз мәйегі" (Капитандар сайысы)

Шын жүйрік шабысынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады, - дей отыра әділқазылар мүшесімен таныстырып кетейік.

1. Карамсакова А.Т. - бастауыш сынып мұғалімі

2. Умербекова У.Б. - бастауыш сынып мұғалімі

3. Самуратова А.А. - мектеп психологы.

-Олай болса, І айналымды бастайық! Ал қай топ бастайды екенін анықтау үшін , тақтаға назар аударайық. (ширату - интерактивті тақта арқылы математикалық тренажер өткізу)
Әр топтың қарсы топқа сәлемі: (Зейінділер)

Бастары компьютердей,

Бойлары бәрі бірдей

Жастықты бірге өткізген

Құрбыларға өмірдей - Сәлем!
Әділ қазылар алқасына сәлем:

Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Ұраны: Тартысайық сайыста күш жігермен
Айырылысайық қимас бір дос көңілмен.
Әр топтың қарсы топқа сәлемі: (Зерделілер)

Құны бір құрдас

Жаны бір жан дос,

Тілегі бір жүрегі бір

Бірге өскен жолдас,

Сендерге де бір Сәлем!
Әділ қазылар алқасына сәлем:

Достықпенен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында

Қара қырды қақ жарып, әділ қазым

Еңбегін біздің топтың әділ сына!


Ұраны: Білімді қару етіп, серік етіп,
Болашақтың есігін біз ашамыз!


ІІ айналым: Жұмбақтар әлемі (әр топқа бір арифметикалық жұмбақтан)
І топ: Бақшаға, Жақсы аға

Көп-көп ойыншық,

Келді алып:

Бір балық,

Екі есек,

Үш үйрек,

Төрт түлкі,

Бес бүркіт,

Алты арғымақ,

Жеті жарқанат.

Сегіз саулық,

Тоғыз тауық,

Он торпақ.

Болма есепке сен, шорқақ!

Ауызша, жазбаша,

Қосып шық.

Бақшаға, Жақсы аға

Қаншама, әкелді ойыншық? Жауабы: 55 ойыншық.


ІІ топ: Мынау да санамақ,

Өздерің көп саралап.

Төбеден төрт бөктергі,

Аңдытты қос кептерді

Шақылдаса көк қарға

Үн қоспапты көп қарға

Секем ап бір дауыспен

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты

Тым тырақай қашыпты

Үш үкі үркіп ұшыпты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қосталап,

Топ-топ тоғыз тоқылдақ,

Қарғып кеткен топырлап.

Сөйтіп қызық іс болды,

Бәрі қанша құс болды? Жауабы: (31 құс)


ІІІ айналым: «Кім жылдам?» Қай топ неғұрлым көп сұраққа жауап берсе, көп ұпай жинайды

1.Қандай сан барлық санға бөлінеді?(0)

2.Үш пар ат 50км шапса олардың әрқайсысы қанша км шабады? (50)

3)66 санын ешбір амал қолданбай, оны жартысына арттыру керек.
4)1 кг-да неше грамм бар?
5)20-минут - 1 сағаттың қандай бөлігі.
6)1 миллионда неше 0 бар?
7)Жүздің жартысын екіге бөлгенде неше болады?
8)Үйде отырған екі адамның біреуі екіншісінен мүшел жас үлкен.
Олардың біреуі 27-де болса, екіншісі нешеде?
9) Үш май шам жанып тұрды. Екеуін сөндірсе, нешеуі қалады? (Екеуі, сөндірілмеген біреуі жанып кетеді)
10) Бір топ үйрек ұшып барады. Олар - бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады? (Біреуі, қалғандары ұшып кетеді)
11) Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
12) Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )
13) Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

14) 12 айдың ішінде 28 саны қай айда кездеседі? (барлық)

15) Қатар тұрған үш санның қосындысы да ,көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол қандай сан?

16) Екі санның қосындысы 8-ге тең,айырмасы 2-ге тең,көбейтіндісі 15-ке тең қандай сан?


ІV айналым: «Криптограмма» Мұнда әр топқа бір-бірден криптограмма беріледі. Қай топ өздеріне берілген криптограммаларынан ең көп сөз тауып жазады, сол топқа ең жоғарғы 5 ұпай беріледі.


Н


Ш


Е


Е


Ң


Д


Ү


К


Ң


Т


Ө


Е


Р


Т


Б


Е


Р


У


А


Е


Ұ


Ш


Т


Б


Д


И


Р


Ы


М


Е


С


У


А


Л


О


С


А


Н


Т


У


Д


А


(Шешуі: нүкте, шеңбер, радиус, төрт, тең, бұрыш, алым, алу, мода, сан, теңдеу, бес.)


V айналым: «Санап көріңдер!» Мына сызбаларда қанша үшбұрыштар бар, жазып шығыңдар.





VІ айналым: «Мақал-сөз мәйегі" (Капитандар сайысы)

№1

1 . 7 рет өлшеп , ... (1 рет кес)
2. 1 тал кессең , ... (10 тал ек)
3. Досыңды 3 күн сынама , ... (3 жыл сына)
4. Білгенің бір 9 , ... (білмегенің 99)

№ 2
1.Жігіт1 сырлы , ... (8 қырлы )
2. Ұлға 30 үйден тыю , ... (қызға 40 үйден тию.)
3. 100 тенгең болғанша, ... (100 досың болсын )
4. 7 жұрттың тілін біл , ... (7 түрлі білім іл.)

Мұғалім: Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды

Ал қазір әділ қазылар сөз алады

Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап,

Мақтау қағаз,сыйлықтарын тапсырады.

- Білім аққан селдей-ді,
Бірақ оңай келмейді
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кендей-ді
Рухани нәріміз,
Сайыскерлер сіздерге,
Қол соғамыз бәріміз - дей отыра , бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал