7


  • Учителю
  • Тәрбие сағат 'Зиянды заттармен күресу'

Тәрбие сағат 'Зиянды заттармен күресу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: «Зиянды заттар мен күресу»

Сабақтың мақсаты:

Оқытып үйрету: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру.

Дамыта оқыту: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген деректор бойынша нақты фактілер мен түрлі түсті диафильмдер арқылы көз жеткізу.

Тәрбиелік мақсат: Оқушыларға таза достық қарым-қатынасқа, сыпайы сыйластыққа, әдемі әдептілікке және «Махаббат, құмарлық пен ол екі жол» деп Абай атамыз айтқандай, махаббатты құмарлықтан айыра білуге тәрбиелеу. Оқушыны кездейсоқ ауырған науқасқа теріс көзқараста болмауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әртүрлі ой қозғаушы сұрақтар арқылы оқушының түсінігін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

Ұйымдастыру: «Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру»Тренинг «Алақан жылуы».

Топқа бөлу оқушыларды үш топқа тамақ,киім, ойындар және спорт.кеспе қағаздар арқылы топқа бөлемін.

Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық.

Әдісі: Сұрақ-жауап, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, сахналау.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбасы,слайд суреттері

Әдісі: Әңгімелесу, Сұрақ жауап,пікірлесу, талдау-жинақтау. Постер қоргау


Барысы:

Мұғалім: Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 -бағытта жүргізу керек деп атап көрсетті. Олар:

1 - бағыт. «Темекі шегуді тоқтату»

2 - бағыт. «Нашақорлыққа, наркобизнеске қарсы күрес»

3 - бағыт. «Маскүнемдік пен араққа қарсы күрес»


Ұжымдық жұмыс.

Үш топқа жекелей үш түрлі тапсырма.(постер қорғау)


Қосымша ақпарат.

Бүгінгі күнгі үлкен қатерлі жағдайдың бірі аурудың көбеюі, соның ішінде СПИД-тің кең етек алуы.

Оның шығу тарихы жөнінде айта келе осы жағдайды бейнетаспадан көрейік.


Өзіміз өмір сүріп отырған уақытта жиі кездесетін жағдайдың бірі осылай болған еді. Бір жас келіншек құлағын тестіруге арнайы құлақ тесетін автоматқа барып құлағын тестіреді. Біраз уақыт өткен соң өзінің денсаулығындағы өзгерістерді байқап тексерілуге барады. Ол өзінің қатерлі ауруды жұқтырғанын біліп жасырын ұстайды. Бір күні тісі ауырып тісін жұлдырту керек болады. Ауруын жасырғысы келіп мемлекеттік емханалардан қашып жеке меншік ашылған емханада ешқандай анализ өткізбей, тексерусіз тісін жұлдырады. Жас келіншек келесі «құрбан» кім екенін білуге есік алдында аз ойланады. Ол тісін қолымен басқан 15-16 жасар бүлдіршін қызды көріп көз жасын моншақтата төгіп жүгіре жөнеледі. Аяусыз тағдырға, дауасыз дертке кім кінәлі?

Мұғалім: Қадірлі оқушылар бұл болған, болмағаны белгісіз газетке жазылған әңгіме үзіндісі десек те, бізді ойландырар жағдайлар жетерлік. Осы жағдайда кімді кінәлі санайсыздар?

Оқушылар пікір алмасады.

Медицина

Дін

Көше


Орта

Жанұя

Тәрбие көздері

Ақпарат

Педагог


«Бірінші байлық - денсаулық» деп халық айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат, міндеттердің бірі адамның хал - ахуалы мен «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денінің саулығы, салауатты өмір сүре білуге дағдылануы болып табылады.

Егеменді еліміздің Тәуелсіздік туын биік ұстап, ұрпағымызды ғасырдан ғасырға саны мен сапасы жағынан жоғары деңгейде жалғастыру мақсатында біз, мектеп оқушыларына үндеу жолдаймыз!


Ой тұжырымы

- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?

Нені ойға тоқып, жадымызға сақтауға тиіспіз?

  • Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?

  • Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер».


Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл - үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құшыр білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіңдер,жәнеде нашақорлық қа жаман әдеттерден аулақ болыңыздар!

Үйге тапсырма: «Зиянды заттар мен күресу» ізденіп еркін тақырыпта эссе жазу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал