7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс ертегі сабақ 'Үш дос'

Сыныптан тыс ертегі сабақ 'Үш дос'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

"Үш дос"

Мақсаты:балаларды ана тілімізді құрметтеуге,сөздік қорларын молайтып,тіл мәдениетін жетілдіре отырып,байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру,адамгершілікке,достыққа және эстетикалық танымын тәрбиелеу.

Ерте,ерте ,ертегі

Ертегі сыр шертеді

Ерте,ерте,ертеде

Ешкі жүні бөрте екен

Ертегіні бастайық

Қиялдап бір тастайық.

Баяғы өткен замандақозы,лақ,бұзау өмір сүріпті,Үшеуі дос болыпты.Бір күні лақ достарына былай депті:

-Достарым білесіңдер ме,күн кеш батқанда анау таудың артына тығылады.Көрдіңдер ме?

Қозы:Ия,мен көрдім мә-мә-мә

Бұзау:менде көрдім мө-мө-мө

Сонда лақ тұрып былай дейді:күннің қайда тығылатынын өз көзімізбен көрейік,келісесіңдер ме достарым!

Қозы:Мә-мә-мә мен қуана-қуана барар едім,бірақ аналарымыз жібермейді ғой.

Бұзау:Мө-мө-мө иә,жібермейді,-деп мұңаяды.

Лақ:онда қашып кетейік

Үш дос күннің қайда тығылатынын көруге өз отарынан қашып кетеді.Күн ерекше жарқырап,шуағын шашып,гүлдердің хош иісі аңқып,табиғат өз сұлулығын сыйлап тұрғандай.Үш дос келе жатып өзенге тап болады.Сонда аңқау,қорқақ бұзау не істейміз?мө-мө-мө Шапшаң лақ: Мә-мә-мә секіріп өтеміз.

Бұзау:Мө-мө-мө мен қорқамын-деп жыламсырайды

Қозы:Мә-мә-мә мен де қорқамын

Батыр лақ тұрып өзеннің арғы бетіне секіріп кетеді,лақтың артынан қозы мен қорқақ бұзау секіреді.

Жер-Ана ұлан-ғайыр кең дала!Үш дос кең алқапта өскен көп ағаш,қалың тоғай,орманнан өтеді.Кенеттен олар дорба тауып алады.Дорбаны ашып қараса,іші аңдардың терілеріне толы екен.Сонда лақ тұрып:

-Бұл дорба бізге керек болады,өзімізбен бірге ала кетейік,-дейді.Үш дос дорбаны өздерімен ала кетеді.Өз сапарларын ары қарай жалғастырады.Үшеуі келе жатып,үйшікті көреді.Үйшіктің жан-жағынан қарап,бақылап ,есігін ашып қалса,ішінде аю ет жеп,қасқыр бауырсақ жеп,түлкі ән салып отыр екен

.Сонда түлкі:достарым келіңдер,отырыңдар,төрлетіңдер,-дейді.

Аю:қайда бара жатырсыңдар,достар?

Бұзау:базарға тауар алып бара жатырмыз.Мө-мө-мө

Қозы:Мә-мә-мә мына терілерді сатуға бара жатырмыз,-деп тауып алған дорбадағы терілерді ала бастайды.Сасқан аңдар бір-бірлеріне қарайды.

Қасқыр:Ойбай,біздің терілерімізді алмай тұрғанда қашайық-дейді.

Сонда қу түлкі тұрып:Қашқанда не бар,онда барлығымыз дос болайық-депүй төлдері мен аңдар достыққа шақырады.

Түлкінің бұл ұсынысын тілегін қасқыр,аю және үш дос қоштай кетеді.Осылай қасқыр,аю,түлкі,бұзау,лақ,қозы дос болады.

Үш дос күннің қалай кеш болып қалғанын байқамай,күннің қайда тығылатынын іздеуді ұмытып,қосқа қайтып оралады.Әбден іздеген бақташылар,қайтып оралған төлдерді көріп қуанады.

Ақниет

Құлыншағым құндызым

Құлдырайды шабады

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

Арсен

Жақсылыққа бақытқа

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос,бауыр

Болмасын еш тосқауыл

Фатима

Әдемі ел ертегі,

Бізді өзіне елтеді.

Тезге салып бұзықты,

Тербетеді еркені.

Дамир

Достық игі жақсылық

Достық ниет жақсы үміт

Достық жасап адамға ,

Доста біл аманда.

Назерке

Достық әдеп,сыйласым

Достық өмірлік қимасың,

Дос арыңдай қымбатты

Достық сезім тым тәтті.

Қабылғажы

Достарды біз қолдаймыз

Қиын шақта қорғаймыз,

Біздің топта ұл,қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Рөлде ойнағн балалар:

Лақ-Ақниет Түлкі-Қабылғажы

Бұзау-Фатима Аю-Дамир

Қозы-Назерке Қасқыр-Арсен





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал