7


  • Учителю
  • 'Сыңғырла, соңғы қоңырау' (11 класс)

'Сыңғырла, соңғы қоңырау' (11 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Армысыздар құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, қымбатты қонақтар және ата - аналар!
Міне ,бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі - соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

Кенде етпестен тәрбие,тағылымнан
Талай шәкірт ұшырдың бауырыңнан.
Сол еңбектің арқасы шығар,бәлкім,
Қыздан тәлім байқалса,таным ұлдан.


Бөле-жармай бірін де шетке дара,
Бердің бе екен қашан да көпке баға.
Қай қиырда жүрсе де шәкірттерің,
Сен оларға ортақсың Мектеп-Ана.

Мектебімізде оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман - есен болыңдар . Мектеп үздіктерін қарсы алу

Келеді жыр сыйлағым, гүл сыйлағым

Жанымның жайып салып тылсымдарын

Махаббат боп маздаған мына ғалам

Бақытты мектебімнің білсін барын

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін тасып, талып өседі

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты - ау,

Бойжетіпті бантикті қыз кешегі,


Жас жүректің өмірлік құштары - гүл,

Бағбанның баулыған құстары - бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп ортаға жаңа өмір баспалдағына жолдама алғалы отырған түлектерімізді шақырамыз.

Алдарыңызда 11 а сыныбы. Сынып жетекшісі Сейімбетова Гүлжайнар Жеңсікбайқызы

1.Саясатова Айым - 2012-2013, 2013-2014, 2014-2015 жылы аудандық пәндік олимпиададан математика пәнінен І орын.

2014-2015 жылы облыстық пәндік олимпиададан математика пәнінен І орын.2014-2015 жылы облыстық ғылыми жобадан ІІІ орын.

2012-2013 жылы Қазақстанның үміт артарларына енген.

2.Ақсейтімова Ақерке

3. Қожамұратова Айсұлу

4. Әділжан Жанна

5. Боздақова Лиза

6. Батырханова Рысжан

7. Оразғалиев Жанболат - мектепішілік пәндік олимпиадада құқық, биология, химия, қазақстан тарихы пәндерінен І,ІІ орын иегерлері.Қазақстанның үміт артарларына енген.

8. Жайлауов Ерлан - Облыстық күрестен ІІІ орын. 5 күндік звод командирі.

9. Сағададинов Ержан

10.Ералиев Жасұлан- мектепішілік пәндік олимпиадада география пәнінен ІІІ орын

11.Тахаев Диас - аудандық стол тенис І орын.Грек- рим күресінің жеңімпазы.

12.Жанпейісов Жансерік

2009 жылы облыстық грек- рим күресінен облыстық ІІІ орын.

Қ.Р Қарулы күштеріне 20 жыл толуына орай республикалық турнирде ІІІ орын.

2013 жылы аудандық ХІ спартакиада бағдарламасы бойынша «Жеңіл атлетика» спорт түрінен І орын. 2014 жылы Балуан Шолақтың 150 жылдығына орай өткізілген облыстық чемпионатында жүлделі І орын.

2013 жылы грек- рим күресінен ҚР- ның «І разрядты спортшы" спорт атағы берілді.

Алдарыңызда 11ә сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Оңғарбаева Сарқыт Есжанқызы . Сыныпта 20 оқушы.

1.Қуантаева Гүлзия- республикалық «Менің қалам мен үшін» атты жобалар қорғау сайысының «Диплом» иегері облыстық ғылыми жоба қорғау сайысында тарих пәні бойынша І орын иегері. Республикалық « Кенгру», «Отан тарихы» «Русский медвеженок» атты интелектуалды ойын байқауларының жеңімпазы.Аудандық пәндік олимпиадада қазақстан тарихы пәнінен ІІ орын С.Елубаев сыйлығының «Күміс белгі» иегері.

2.Жақсыбергенова Жанна - Халықаралық «Зерек» байқауы биологиядан ІІ орын.Мектепшілік пәндік олимпиадада қазақ тілінен І орын. «Отбасы- бақыт мекен» атты республикалық акция аясында ой- толғау жазуда ІІІ орын.Т.Ахтанов атындағы аудандық көркемсөз шеберлерінің байқауында.

3. Амангелдина Бұлбұл

Аудандық «Мергендер» сайысында қыздар арасында ІІ орын.Аудандық «Қысқы бал» сайысында І орын жүлдегері.Аудандық «Күзгі бал» сайысында ІІ орын.

4.Тілеужанова Ләззат

Аудандық олимпиада физика пәнінен І орын.

Облыстық «Отан тарихы» ІІІ орын

Халықаралық «Зерек» байқауы биологиядан ІІІ орын.

Облыстық сырттай оқу мектебінің биология пәнінен І орын.

5. Жұмасағиева Айгерім Аудандық « қызғалдақ аруы» сайысында ІІ орын.Аудандық баскетбол жарысында қыздар арасынан І орын. Аудандық ұлттық ойын тоғызқұмалақтан І орын.

6.Жолдасова Айдана

Аудандық «Жұлдызды жұп» сайысында ІІІ орын.

Аудандық олимпиадада биология пәнінен ІІІ орын.

Аудандық баскетбол жарысынан қыздар арасында І орын.

7. Ермұратова Әсем

Аудандық призиденттік сайлауға байланысты өткізілген ұлттық ойын тоғызқұмалақтан І орын.

Аудандық - ғылыми жобадан математика пәнінен ІІ орын.

Облыстық тоғызқұмалақтан ІІІ орын.

8.Мақсатова Айткүл. Жолашева Толғанай - мектепішілік пәндік олимпиадада

информатика , химия пәндерінен ІІІ орын.Аудандық «Шебер қолдар» көрмесінде ІІІ орын.

9. Зинелова Айдана- аудандық « Бұрымды қыз» байқауында бас жүлде.

10.Есебай Айгерім -аудандық олимпиада тарих пәнінен ІІ орын.


Аудандық ғылыми жобада тарих пәнінен І орын.

12.Қаражанов Айдос -пнемватикалық мергендер сайысы ІІ орын

13.Зинешов Азамат- аудандық қысқы балда І орын.

Аудандық күзгі балда ІІ орын.

Бес күндік дала оқу жаттығуда 100м жүгіруден ІІ орын.

14.Ермеков Алтынбек - аудандық ұлттық ойын тоғызқұмалақтан І орын.

Пнемватикалық мергендер сайысы ІІ орын.

15.Тахаев Жасұлан -аудандық «Жұлдызды жұп» сайысынан ІІІ орын.

Аудандық « Күзгі бал» ІІ орын.

Аудан Грек -рим күресінің жүлдегері.

16. Абажанов Асылбек -мектепшілік олимпиада география пәнінен І орын.

17.Өтебаев Айдарбек -аудандық баскетбол жарысында «Үздік ойыншы»

18.Жайбергенов Аманжол-мектепшілік олимпиадада ағылшын пәнінен І орын.

«Алтын ұя» кубогының үздік ойыншысы

19.Қосуақов Ерасыл Аудандық олимпиадада география пәнінің жүлдегері.


Ортаға 1994 және 1995 жылы бітірген мектеп түлектерін шақырамыз.

20 жыл бұрын нұрға толы жанымыз
Арман қуып кеткен едік бәріміз
Сағынышпен сан жылдар өтіп арада
20 жыл бұрынғы түлегің бүгін ортада



Сап түзел, салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін.

Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:
Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 70 жыл. Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туылғанына 90 жыл. Тәуелсіздіктің тірегі - Ата заңға - 20жыл. Татулық, бірлік, келісімді - ұранды ту етіп келе жатқан «Қазақстан халқы Ассамблясының» құрылғанына 20 жыл. Елбасымыздың кезектен тыс сайлаудан өтіп, 97,7 пайыз дауыспен жеңіске жеткен жыл.

Білімді шәкірттерін аялаған,

Жақсылығын ешкімнен аямаған.

Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың

Ұстаз деген ардақты, аяулы адам - дей келе құттықтау сөз мектеп директоры Мұқанова Шолпан Байғазықызына беріледі.

Ән : Сақтапбергенов Нұржанның орындауында «Алға, Қазақстан»

Құттықтау сөз кезегі аудандық ішкі саясат мемлекеттік мекемесінің басшысы Боранбаева Әлия Сейілханқызына беріледі.

Құттықтау сөз кезегі аудандық әдістемелік құрылымдық бөлімше әдіскері Қожанов Аслан Тілегенұлына берілді.

Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп

Бірге өткізген күндерін, қыс - жазында,
Жазып шықты қаншама іс - қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына - деп

түлектердің алғашқы ұстаздары атынан сөз Үркімбаева Гүлсім апайға сынып жетекші атынан Оңғарбаева Сарқыт апайға беріледі.

Ата - ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Ата - аналар атынан тілек сөз Ауашева Сабира апаға беріледі.

Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды

/ 1 сыныптың құттықтаулары /

Биылғы жылы мектебіміздің алған асуы мол. Оның барлығы да озат оқушыларымыз бен талай жүйрікті артта қалдырған спортшыларымыздың арқасы. Олай болса, спортшыларымызды марапаттау үшін сөз ____________________________________ беріледі.

Табылған балапан ем ұядағы,
Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Бір әнге қалай ғана сыя алады.


Өнердің мен білмейтін қапталдарын,
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.

Ұшырса да өмірдің сан түлегін
Ұстаз - ғалым, толастамас мәнгі сын
Тыншымайтын асыл жандар аяулы
Тыңдаңыздар шәкірттерін алғысын
/ 11 сыныптардың әдеби - әуендік монтажы /
Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11 - дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Кілт тапсырады.

Білімнің алтын кілтін ________________________________


Қымбатты мектеп бітіруші түлектер! Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау. Гүлдерге толы омырау, Өмірде жоқ қой тоқырау. Қимастық сезім оятып, Соғылсын соңғы қоңырау.
Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушысы _____________________ мен 1 сынып оқушысы ___________________________тапсырылады.

Мектебің - алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың - бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.


Орындалсын аңсап жүрген арманың,
Арайланып атсын нұрлы таңдарың.
Туған елдің көк байрағын көтеріп,
Биіктерден көріне бер, саңлағым!


Ардағым деп қуанады ел саған,
Тарланым деп табынады жер саған.
Болашақтың бар тізгіні сендерде,
Сенім артар азаматым, болшы аман!

Сап түзел, салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын.

Осымен 2014-2015 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал