7


  • Учителю
  • классный час на тему 'Сәлем сөз айнасы' (8 класс)

классный час на тему 'Сәлем сөз айнасы' (8 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Сіз, біз деген адамгершілік белгісі,

Сәлемдесу амандықтың белгісі.

Мақсаты: 1) Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру.

2)Оқушының ой-өрісін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

3)Жас жеткіншектерді сыпайылыққа, кішіпейілділікке, инабаттылыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер: «Сәлем - әдептіліктің белгісі»,

«Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы», мақал -мәтелдер, флипчарт.

Әдісі: пікірлесу

Барысы: Мұғалім сөзі:

Бүгінгі біздің сабағымыз күндегі сабағымыздан ерекше. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында өскелең ұрпақтың тәрбиесіне де көптеп көңіл бөлінген. Тәрбиенің негізі отбасы мен мектепте беріледі деп айтылған.

«Сіз, біз деген адамгершілік белгісі,

Сәлемдесу амандықтың белгісі.»

Біз бүгінгі сабағымызда қарапайым да күрделі мәселені талқылағалы отырмыз.

Сәлем - әдептілік белгісі. Сәлемдесу - кездескен адамдардың бір - бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, бір - біріне аман - саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіруі, яғни ізеттілік пен әдептілік нышанын көрсетіп, амандыққа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Амандасу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.
Мұқағали Мақатаев «Қайырлы таң».

Жарқын

Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім

өзендерім, көлдерім!

Қайырлы таң, кермиықты кең далам,

құба жонды белдерім!

Орманым да шуламай,

Суларым да туламай,

Ақ басты ата-тауларым да жыламай,

Ұйқысынан оянды,

Бәрісі де таң нұрына бояулы.

Айдын көлде асыр caп жүр қаз, аққу,

Ақ таңымен амандасып қазақтың

Қайырлы таң, ашық аспан, ақ аспан,

Ай, Шолпаным, жұлдызым!

Қайырлы таң әзілдері жарасқан

Сәби жанды ұл-қызым!

Бәрісі де дін аман

Бір адам жоқ жылаған,

Сәби де жоқ таң алдында қыңқылдап,

Бір үзім нан сұраған;

Менің елім ұйқысынан оянды,

Алтын арай таң нұрына бояулы.

Аяжан.

Самалы есіп тыныштықтың бұйраттан,

Заводтарым темекісін ширатқан.

Далам менің тыныштыққа сый тартқан,

Қалам менің тыныштық деп күй тартқан.

Жер шарының тыныштығын сақтаған,

Қайырлы таң, ұлы Отаным, шат заман!

Сен күзеткен тыныштықты жырға орап,

Ұрпағыма ап барам.

Зеңбіректер атылмай,

Атомдар да уатылмай

Менің елім тыныштықта жатыр жәй.

Бәрісі де ұйқысынан оянды.

Алтын таңның шапағына бояулы!

Шуағымен шомылдырып алапты,

Тағы, міне, бейбітшілік таңы атты.

Арқалап ап ырыс-құт,

Келеді, әне, күн шығып.

Қайырлы таң, Тыныштық!

Қайырлы таң, Тіршілік!..



Мұғалім:

Үлкенге де "Сіз",

Кішіге де "Сіз".

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз дей келе адамгершілік дегенді қалай түсінетіндерінді сызба ретінде тақтаға жазайық.









Адамгершілік









Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады .Тәрбие көзі сәлем. Сәлем беру , сәлем алу сияқты қасиетті сөздердің мағынасын ашайық. Біз,неге сәлемдесеміз?

Сәлемдесудің себебі.

Аяна. Сәлемдесу-тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып,кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөзі, ишара немесе дене қимылы арқылы бір-біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырый таныту. «Сәлем-сөздің басы»делінетіні де сондықтан.

Жақсылық. Сәлемдесудің мәні, ең алдымен, бетпе-бет ұшырасқан сәтте болатын тоң-торыс үнсіздік, «ыңғайсыздық» пен жатырқаушылық, салқындық кедергісін жойып, бір-бірінің кейіп-кескінін, тану болмысын байқау, өзіне деген көңіл ауғанын білу және тілек арқылы өзінің қалауын, ниетін ұқтыру. Бір-бірінің аман-саулығын сұрау, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғандарына қуанып, шүкіршілігін жасау, ниеттерінің ақ-адал,таза екенін білдіру.

Аяжан. Сәлемдесу кездескен адамдардың бір- бірінің амандығын біліп , қуанышқа бөленуі. Бір- біріне аман саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп жақсылыққа жарылқауы.

Аяна. Тегінде, әдеп адамшылық - амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда - адамзат әдебінің қалыптасуында жұмыр басты пенделердің бір - біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт, басы аман, бауыры бүтін ,бір-бірімен тату-тәтті сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізінде сәлемдесу әдебі салынған.

Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар.

Мұғалім: Ия, балалар, сондықтан да қазақ халқының «Сәлем түзу», «Сәлем кеткен жоқ» сияқты сөздері татулықты, ағайын арасының бұзылмағандығын көрсетеді. Сонымен, балалар не үшін сәлемдесетінімізді қарастырдық. Сәлем сөзінің мәні .

Нурбол .Сәлем - Алла тағаланың 99 аты бар екені белгілі, соның біреуі - Ас-саламу - есендік беруші. Өзінің жаратқан мақұлықтарына амандық береді. «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» Ағраф сүресі. 180 аят.

Саят. Сәлем - «Ассаляму аллейкум» (саған тыныштық тілеймін) немесе бұдан да толығырақ «Ва алекум ас-салям ва рахмат-улахи ва баракатуху» (Сізге де тыныштық болсын және Алланың рахымы түсіп, береке берсін) деген мағынада жауап қайтарылады.

Елжас. Сәлем- дүние мен дүниені кездестіретін, жан мен жанды түйістіретін, араздасқанда татуластыратын, ағайынды жақындастыратын көпір әлі сауапты амал.

Мадина. Кімді көрсең дағы,
Сәлем бермей өтпе.
Сәлем - тілек шыңы,
Сөзімнің бұл шыны.
Ұлттың салтын сақтау,
Кісіліктің құны.
Сәлем бере келдің
Үлкендерге «Сіз» дедің-
Асыл сөзді тердің -
Үлгіліні іздедің
Сырттан келген мейманға,
Сәлем беріп, қол алсаң -
Бірінші еткен құрметің.

Мұғалім: Өздеріңіз көріп отырғандай қазақ халқы бай тарихи тамырымен әр түрлі жағдайда сәлемдесудің түрлерін жетік білген. Менің ескерте кеткім келгені, қазақтар ешқашан да басқа кейбір халықтар сияқты басын жерге тигізіп сәлемдеспейді. Бұл да болса қазақтың өршіл рухынан туындап отырған нәрсе. Сәлемдесудің түрлерін қарастырайық: ұоқушылар айтады)

  1. Сәлеметсіз бе?

  2. Аман- есеңсіз бе?

  3. Қайырлы күн !

  4. Қалыңыз қалай?

  5. Кеш жарық.


Күмісбек: Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып айтады.

Гүлім: Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып басын изейді.

Аяна: Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш келген адамға үлкен адамдар өзі келіп сәлем береді.

Меруерт: Үлкен адамға сәлем беру- кіші адамның міндеті. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал, кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермесе - ол әдепсіздік.

Гүлім: Қазақ халқында егер үлкен кісі кездесе, оны таныса да танымасада кіші адам оған сәлем беруге міндетті, ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалыптасқан дәстүр.

Айгенім : Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үстінде келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда аттан түсіп, айрықша құрметпен сәлем беретін болған.

Атакелді: Сәлемдесуші не сәлем беруші қол алысып амандасады, ұзақ уақыт көріспегенде қауышып, құшақтасып амандасады.

Меруерт:Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қанша мейірім, қамқорлақ, әдемі жарастық бар. Сәлем беру- амандық, инабаттылық, сыйластық және мәдениеттілік белгісі

Саят: Кездескен кезде кіші алам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болып саналады.

Күмісбек: Дұрыс сәлемдесу: «Мен сені аман- есен кезіктіріп тұрамын. Өз басым саған амандық, саулық, бақыт тілеймін» деген ойды білдіреді.

Мұғалім: Балалар сендердің айтқан сөзерінен амандасудың адамгершілік екенің байқап отырмыз. Сонымен қатар сәлемдесу екі адам арасында ғана емес қазақта сәлемдесудің келіннің сәлем беруі, құдалардың сәлемдесуі, құрдастың сәлемдесуі

Төс қағысып сәлемдесу. Әдетте қос қолдап амандасады. Сонан соң құшақтарын жайып, бір- біріне төс түйістіріп, оңға, солға кеуде соғыстырады.

















түрлерін сызбадан қарастырып кетейікКелесі кезекте көріністер:

І. «Оқымысты кісі және бай»

Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі, екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрады. Қасынан жарлы кісі өтіп бара жатып, оқымыстыға иіліп сәлем береді. Оған оқымысы одан да төменірек басын иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай:

-Тақсыр сонша біліміңіз бар ғалымсыз, сөйте тұра осындай бір бейшараға соншама бас иіп, неге сәлем бердіңіз? - деп сұрапты. Сонда ғалым тұрып:

-Ешбір ғылым - білім үйренбеген кісі сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, сенің оған әдепсіз болып көрінгенің лайықсыз болған болар еді, - депті.

ІІ. Атасы мен немересі:

Балтабек атай немересі Батаймен көшеде өтіп бара жатып, Өтен құрдасымен кездесіп қалады.
- Ассалаумағалейкум!- деп, ол Өтеннің қолын алды.
- Сәлем!- деп, Батай күлімдеп, иек қақты.
Былай шыға бере, немересіне қарап, ашуын төкті:
- Балам, мимырт болма!...
- Неге мимырт боламын, ата?
- Өтекеңмен жөндеп амандаспайсың ба? Иек қағып, танау көтере салатын кісі емес ол.
- Сәлем! - дедім. Сәлемімді қабылдап, күле сөйлеп еді ғой.
- Кісінің қадір- қасиетін білмей барасың ... Кесірленіп, кердең қағып, кейкие сәлем беру анайылық екнін білесің бе, сірә?
- Ол кісі жайраңдап, жақсы амандасып кетті ғой... Мен кесірленгем жоқ..
- Балам, ондай үлкен кісіге «сәлем»деп, иек қаға салмай, адамша амандасу қажет. Амандасу адамның адамдығына қуанып, ақ ниетін білдіру.Амандасудың да мән- мағыналары болады. Жәй «сәлем» дей салу - өз қатарыңа асығыс кезінде айта салатын сөз.
- Онда тұрған не бар? Сіз де қызық екенсіз, ата.
- Өтекеңдей үлкен кісіге- «ассалаумағалейкум» деп немесе «амансыз ба?» «сау- сәлеметсіз бе», «аман- есенсіз бе?» деген сөздердің бірі аузыңа түспеді ме?
- Сол сөздің бәрі де «сәлем» деген бір сөзбен мәндес емес пе?
- Олай емес «Сәлем» деген- жай ғана амандасу. «Амансыз ба?» деп, амандасушы сәлем берген адамның амандығына қуанышын, тілектес екендігін білдіреді.
- Ал аман-есенсіз бе? деген сөздің не қажеті бар?
- «Сау-сәлеметсіз бе?», «Аман- есенсіз бе?»- деп, амандасушы тілектестік қуанышын кеңейте айтып, жақындық жақсы ниетін жария етеді.
- Мен де ол кісімен жақсы ниетпен амандастым ғой, ата.
- Жетесіздей, жеңіл- желпі жай бас изей салдың... Ал бұл дегенің - әдепсіздік. Сәлем бергенде де инабаттылық пен әдептілік, сыпайылық пен сыйласым керек. Қария кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасады.
- Сөзіңіздің төркініне түсіндік, ата.
Есіңде болсын:
Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруін тиіс.
Көршілеріңмен жылы сәлемдес.
Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе.


Ата- ана сөзі: Барлық халықта да қарым-қатынас сәлемдесуден басталатыны белгілі. Қазақ халқындағы сәлемдесу күрделі, өзіндік жүйесі бар құбылыс десе де болады. Қазақ халқында сәлемдесу міндетті түрде жасы кішіден басталады. Кіші үлкенге сәлем бермесе, оны әдепсіз деп санаған. Қазақтың сәлемдесу жоралғысы - кішіден үлкенге қарай, ал жауап сәлем үлкеннен кішіге қарай жүреді. Бетпе-бет келіп қалғанда бір-бірінің үлкен кішілігін ажырата алмаған кезде жолы кіші адам жолы үлкенге бұрын сәлем берген. Үлкенге кіші, әйелге ер адам, аттыға жаяу, отырғанға тұрған кісі, алыстан келгенге ауыл адамы, жатқан адамға тұрған адам, ауру адамға сау адам, көп адамға аз адам бұрын амандық білдіреді. Алайда, отырған, жатқан, ауырған адам мүмкіндік болса тез арада орнынан тұрып, не болмаса басын көтеріп өзіне сәлем берген адамның сәлемін алуы керек.118

Қазақ халқы сәлемдесу - адамдардың адамгершілігі мен моральдық бет-бейнесін көрсететін, адамдарды татулық пен достыққа, береке-бірлікке жетелейтін дәнекер деп қарап, ұрпақтарына амандасудың жөн-жосығы мен тәртібін егжей-тегжейлі ұғындырып, сәлем беру, амандық сұрасу тәрбиесін мұқият жүргізіп отырған. Қазақ халқында көп жасаған, көпті көрген адамдарға арнайы барып сәлем беру , олардың батасы мен ақыл-кеңесін алу салты, таныстармен сәлемдесу, жүзтаныстармен сәлемдесу рәсімдері бар. Бұл сәлемдесу реттері ауызша да, онымен қатар жүретін қимыл ізетімен де қоса атқарылады. Сондай қимыл ізеттерге қол алысу, қол қусыру, бас изеу, иілу, төс қағыстыру жатады.

Адамдар арасындағы сәлемдесуге қатысты амал-тәсілдерді орынды қолдана білудің де өзіндік мәдениеті бар. Ол амалдарды қай жерде қалай қолдану адамдардың әдеп-тәрбиесінен, мәдениетінен, тіпті білімі мен мінезінен, сол сәттегі көңіл-күйі мен екінші жаққа деген эмоциясынан да хабар бере алады. Мәселен, амандасқан кезде қолды ұзақ ұстап, қатты қысу - ұзақ уақыт көріспеген дос-жаран, құда-жекжат адамдардың ыстық ықыласы мен сағынышын білдіргендік болып есептеледі. Қазақ дәстүрі бойынша ер-азаматтар, балалар өзінен жасы үлкен ер адамға «Ассалаумағалейкум, ата!» немесе «Ассалаумағалейкум, аға!» деп екі қолын бірдей ұсынады. Ал сәлем алушы: «Уағалейкумассалам!» деп екі қолын созады. Сәлем беруші адамның екі қолын бірдей ұсынуы - бар ықыласыммен, үлкен құрметпен сәлем беріп тұрмын дегенді білдіреді. Сәлемдескенде қолының ұшын ғана беріп, селсоқ амандасу жақтырмағандықты, менсінбеушілікті білдірумен қатар, сәлем иесінің мәдениетсіздігін де көрсетеді.

Қол алып сәлемдесу, осы қимыл арқылы өзінің ниеті мен тілегін білдіру салты әлем халықтарының көпшілігінде таралған.

ІІІ. Оқушының адамгершілігі.

Екі-үш адам сыртта отырады. Бір бала кетіп бара жатып , бұрылып келіп барлығына қол алып амандасып. Арасындағы мұғалімге ерекше сәлемдеседі. Мен сіздің оқушыңыз болғам, қалыңыз қалай апай деп. Риза болған апай ой , көп жаса, саған аланың нұры жаусын, неше жылдан кейін мені танып амандасқанына ,ал мен сені танымап едім, рахмет балам деді. Қасындағыларға міне адамгершілігі бар, әдепті бала деген осы. Неше жыл өтседе өзі келіп мені танып амандасты, -«Сәлем берген саулық береді,

Сәлем алған қызығын көреді» деп Жүсіп Баласұғын бабамыз айтқандай сәлемдесу -шынайы бақыт пен тыныштық тілегінің көрінісі. Құран сөзіне тоқталсақ: Егер де сендермен амандасса, сендер одан да жақсы немесе солайша қайтарыңдар.» қасиетті діңіміз бұл құбылысқа ерекше мән берген. Біреудің сәлеміне жақсы күйде сәлем қайтару, мұсылмандық әдеп. Ал өзіне бағытталған сәлемді дәл солай қайтару міндет.

(Көріністен кейін оқушылар өз ойларын ортаға салады).


Басқа халықтардағы сәлемдесу түрлерін қарастырып көрейікші.

Басқа халықтардың сәлемдесу түрлері:

І. а) Дүние жүзіндегі сан алуан халықтардың да сәлемдесуі әр түрлі болып келеді. Мысалы: Жапондықтар таныстарын көрген жерде қалшиып сәл тұрғаннан кейін, қолын алдымен беліне, одан кейін иіліп тізесіне дейін апарып, сол еңкейген қалпы мүләйім жүзбен көзін сүзіп қарайды.

І ә) Ал ауғандар қолын маңдайларына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Олары «басымыз аман болсын» дегендері.

ІІ.а.) Тибеттіктерде тіптен қызық; бір-бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол құлағының артына ұстап, тілдерін шығарады екен.

ІІ ә.) Ерте кезде Қытай дос-жаранмен сәлемдесудің түрі өз қолын өзі қысу болыпты. Сәлемдесуден кейін хал-ахуал сұрасу да әр халықта қалыптасқан жора-салттары бар. Мысалы: ертедегі болған мысырлықтар: «Қалайсыз, терлейсіз бе?» - дейтін болған. Гректер «қуаныңыз» сөзін айтса, қытайлықтар «бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?» -деп сұрайды екен.


Сәлемдесу жөніндегі нақыл сөздер мен мақал мәтелдерге кезек берейік:

  1. Үлкен кісіні көрсең таңысан да , танымасаң да сәлем бер.

  2. Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді.

  3. Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені.

  4. Сәлем беру де парыз,
    Сәлем алу да парыз.

  5. Әдепті елдің баласы
    Алыстан сәлем береді.

  6. Адам сөйлескенше,
    Жылқы кісінескенше.

  7. Әдептілік сөзден білінер.

  8. Кішіден ізет, үлкенге парасат.

  9. Жақсы сөз - жарым ырыс.

  10. Білер қазақ баласы:
    «Сәлем - сөздің анасы»
    Есіңе сақта!

  1. Үлкен кісімен сәлемдескенде ізетті, әдепті бол!

  2. Кішімен кішіпейіл, ақжарқын сәлемдес.

  3. Қол берерде қолғабыңды шеш.

  4. Бір-біріңмен сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім - махаббат орнайды

  5. Өзіңе кезіккен жасы үлкендерге сәлем беріп амандас. Оны тану-танымауың шарт емес.

  6. Ол достықты арттырады әрі адамдығыңды анықтайды.

  7. Ұл балалар үйге кіргенде, сәлем берумен қатар бас киімдерін шешіп, қолына алғаны жөн

  8. Аз адам көп адамға, атты кісінің жаяуға, жасы кішінің жасы үлкенге, ұлдың қызға танысын танымасын сәлем беруі адамгершілік белгісі.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Әдептілік- әдемілік болған егіз,

Тегінен ата- салтын біз білеміз.

Үлкендерді, ұстаздарды сыйлау үшін,

Иіліп сәлем беріп тұралық біз. - деп сәлем сөздің анасы екенің естен шығармайық балалар.

Тегінде, әдеп, адамшылық - амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі - сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда - адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір- біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуге аса зор маңызға ие. Адам баласы қашанда тыныш - бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап армандаған. Сәлемдесу о заманнан құдайшылық, имандылық, кісілік нышаны ретінде түсініліп, қабылданған.Сәлем беру- өткінші міндет емес, өмірлік міндет. Бұдан былай кездескендердің бәрімен сәлемдесіп жүрейік.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал