7


  • Учителю
  • 'ҰСтаздық еткен жалықпас' 10 сыныпқа өткізілген тәрбие сағаты

'ҰСтаздық еткен жалықпас' 10 сыныпқа өткізілген тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Жалпы білім беретін Абай орта мектеп - балабақша кешені


Бекітемін ________

Тәрбие ісінің меңгерушісі

Бержанова Т.М

«__»____2015ж.

/10 сынып/


Өткізген: Мадиева Г.Д


2015- 2016 оқу жылы



Тақырыбы: "Ұстаздық еткен жалықпас"

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.Оқушыларды берілген тақырып бойынша өз пікірін айтуға, тәдеби тілмен сөйлеуге үйрету; сөздік қорын байыту.

Әнұран орындалады.


Барысы:

1. Сергіту ойыны

«Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз.

Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып қойыңыз.

Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сіл болса да ұқсайды?»

Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған

2. Кіріспе

Абай: «Адам адамнан тек білімі мен ақыл-ойы арқылы ғана озады», - деген екен. Ұлы ойшылдың осы бір даналық сөзі әлі күнге өз мәнін жоғалтқан жоқ. Білім - әрбір азаматтың әлеуметтік хал-ахуалының жақсаруының, мемлекетіміздің жан-жақты дамуының кепілі.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы - мұғалім. «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы… Мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім», - деген А. Байтұрсынұлы. Осы орайда «Мұғалім тұлғасын қалай сипаттауға болады?» деген сұрақ туандайды.
Теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын ұстаз - мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық.
Адам Ата-Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе - шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл - қиынның қиыны. Себебі әр адам - қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та - ұстаздық мамандық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі.

Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол - ұстазым Аристотель», - десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.
Әрине, бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру аясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

« Таяқтың екі ұшы бар » дегендей ұстаз мамандығының жақсы -жаман жақтары бар.Біз осы жайында өз ой пікірімізді таразыға салып көрейік.

3. Постер қорғау

1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.

2. Ұстаз мамандығы - білімділіктің негізі.Ұстаз мамандығын заманға сай дайындау керек.Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт- бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
3. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға.

Осы тақырыпты ашу үшін әр топқа флипчарт,бояулар беріледі, әр топ мүшесінің ойын осы қағазға түсіруін сұраймын және постерлеріңіз эстетикалық жағынан да, мазмұны, көркемделуі жағынан да жақсы болуы тиіс.
1. Менің сүйікті ұстазым шағын шығарма

2. Менің ойымдағы эссе

3. Ұстазға арнау


Рефлексия

Ұстазға тілек

Ұстаз деген - шәкірттердің айнасы. Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жаудырап алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе!


Жүргізуші: Қарсы жақ -даттаушы «Ақиқат» тобы фракция мүшелері кезек сіздерде.

Қарсы- даттаушы фракциясы;
Біздің резалюциямыз( яғни қарарымыз): Ұстаз мамандығының қиын жақтары бар.
Дефинициямыз(яғни анықтауымыз бойынша): Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар,соның ішінде ұстаз мамандығы -өте қиын.

Критерийіміз(яғни дұрыс белгісі): Бүгінгі күні қоғамда ұстаз маманның маңыздылығын арттыру қажет.

Жүргізуіш: Дәлелдеңіз.

Біз дәлелді үш түрде қарастырамыз:
1. Саяси - әлеуметтік қарым - қатынас дамып , дүние жүзіндегі мемлекет аралық интегра-ция күшейген сайын ,ұстаздың қызметі қиындай түседі.
2. Бүгінгі ұстаз міндеті - шәкірттеріне мәлімет беріп қана қоймай , оны дүниежүзілік білім,ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға ықпал ету керек.
3. Ұстаздардың мәртебесі қазіргі кезде төмен..

Жүргізуші: Екі фракция спикерлері өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз -3 минут

Қарсы жақ:Ұсынысы -Қабақ Г. :
Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …

Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Қиындығы да, қызығы да жетерлік,ең бастысы жауапкершілігі жоғары

мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің

мойнына ешнәрседен хабары жоқ,мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.

Сапалы білім негізі - жан - жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.

Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін: біріншіден, ұстаздың жан - жақты академиялық білімінің болуы, екіншіден, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт.

Мен қазір біздің елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қабылдап, олардан орташа маман дайындап, оларды білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып, ұстаз мамандығы ең жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп армандаймын. Өйткені, жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін жүйелі дамытуды талап етіп отыр, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек.

Иә, қазір жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы жүзеге асу үстінде. Жастарды шетелдерде оқытуға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқулықтар білім беру ісіне ене бастады.

Осындай жаңа даму үрдісі алға басып отырғанда Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген еді.

Жүргізуші: «Парасат тобы» жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма?

Жақтаушы жақ уақытыңыз - 3минут. Ыбырай Қ.: . Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі - шәкіртке де, ата-анаға да, жалпы жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
«Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады», - дейді.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен батылдықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер кейінгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педагогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын.
Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Француздың ұлы ойшыл-философы Ж.Руссо «Ұстаздық ету - өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген екен. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

Қазіргі заман - ақпарат технология заманы. Сондықтан ,менің ойымша , ұстаз мамандығы өңай және қызықты. Себебі , қазір кез келген тақырып бойынша мәліметті интернеттен алуға болады.Қазіргі мектептерде интерактивті тақта арқылы сабақ жүргізуге болады. Бұл өте қызық ұстаз үшін де, оқушылар үшін де. Қазіргі кезде қашықтан оқыту деген бар.Ұс-таздар қашықтан оқыта алады. Бұл оңай және қызық.
Егер де мұғалімді маман, қызметкер адам ретінде қарастыратын болсақ, XXI ғасыр ұстазының моделі былай болуы керек:
Ұлағатты, ұстамды,
Сабырлы да салмақты,
Тапқыр да талантты,
Адал да ақылшы,
Зергек те зейінді.
Қорыта айтқанда, ХХІ ғасыр мұғалімінің моделіне сай болу үшін жоғарыда келтірілген қасиеттер барша ұстаз қауымының бойынан табылып отыруы тиіс. Бұл - заман талабы.

Жүргізуші: Енді қосымша айтарларыңыз бар ма? Қарсы- даттаушы жақ

Қосымша айтар болса уақыты -2 минут. Серікбай Н.

Біздің мемелекетіміздің мектептерінде ер мұғалімдер аз. Бұл, менің ойымша , осы мамандықтың қиын жақтары болғандықтан ер адамдар мұғалім болып жұмыс істегісі келмейді.Мәселен , жалақысының аздығы, үнемі қағаз жазу, ұстаз мамандығының беделі-нің жоқтығы сияқты себептер бар.

Мектептерде ер мұғалімнің тапшылығы кейбір мемлекеттерде болған. Оларда мектепке ер адамдарды тарту үшін үстемақы төленді. Ал, бізде бұл мәселе қашан шешілетіні белгісіз. Себебі, мұғалімнің жалақысын көтеру мақсатында қолға алынған бастапқы әрекет айтарлықтай ықпал ете алмайды. Өткен жылдың қыркүйек айында қосылған үстемақы қомақты өсім болмады. Базалық еңбекақы ғана өсті. Мұғалім жалақысының аздығы, беделінің төмендігі салдарынан мектепте ұрпақты әйел адамдар тәрбиелеп отыр. Сондықтан жастардың арасында ер мінезді, турашыл, өзіне жауапкершілік алатын адамдар сирек. Осыдан келіп, тағы да отбасылық тәрбиеге үлкен зиян келіп жатыр.

Жүргізуші: Келесі «Парасат тобы» Қосымшаны хабарлайтын -Құрмет Н., уақыты -2 минут: Бүгінде жұмыс істейтін мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша жаңа жүйе енгізілмек. Ол үшін екі жаңа құрылым іске қосылады: алғашқысы - Назарбаевтың интеллектуалды мектептерінің қасындағы педагогикалық шеберлік Орталықтары болса, екіншісі - педагогтардың біліктілігін көтеру бойынша Ұлттық орталық. Мұғалімдер осы мекемелерде әлемдік тәжірибеге сай арнайы үш айлық қайта дайындаудан өтуі тиіс. Яғни бес жылда 120 мыңнан артық мұғалім, яғни елдегі мұғалімдік корпустың тең жартысына жуығы қайта даярланады. Осындай оқыту нәтижесі бойынша мұғалімдер біліктілігінің жаңа деңгейлері (бірінші, екінші, үшінші) белгіленеді. Бұл деңгейлер арқылы мұғалімдер жалақысына тағы қомақты үстемеақы алады. Ал бұрынғы категориялар мен оларға берілетін үстемеақы қосымша сақталады.
Жаңа заман талаптарына сай, әлемдік деңгейде білім алған жас педагог мамандар әзірлеу де қолға алынуда. «Болашақ» бағдарламасы аясында биыл осы мамандықтар бойынша 85 орынға квота бөлініпті. Осының барлығы мұғалім кәсібіне деген қызығушылықты арттырып, талантты әрі жігерлі жастарды педагог мамандығына тартуға мүмкіндік береді деп сенеді министр. Ол Шығыста бағзы заманнан ұстазға деген құрмет жоғары екендігін айта келе ғасырлар бойы жалғасқан дәстүрді қайта жаңғыртып, мұғалім кәсібін қоғамда мәртебелі етуге шақырды.

Жүргізуші: Екі фракция мүшелері ойларын толық жеткізді деп ойлаймын. Сұрақтарыңыз бар ма? Сұрақтарыңыз бар болса, уақыттарыңыз 2 минут.

«Парасат тобы» Жақтаушы жақ Ыбырай Қ.:Сіз ұстаздардың жұмысы қиын дедіңіз. Ұстазадардың мәртебесін қалай көтеруге болады?-

Бұл мәселе қазірі кезде өте маңызды. Себебі ұстаздардың мәртебесі төмен. Ұстаздардың мәртебесін көтеру үшін алдымен олардың жалақысын көтеру керек деп ойлаймын.

«Ақиқат» тобы Қарсы жақ: Серікбай Н.:Сіздің ойыңызша қашықтан оқыту оңай деп айттыңыз?Ал егерде компьютер болмаса қалай оқытады? Мысалы ауылдық жерлерде барлық балада компьютер жоқ делік.-

Оқимын деген бала бір мүмкіндігін табады. Тек білім алуға шын ынтасы болса. Қазіргі кезде оқимын деген адамға барлық мүмкіндік бар.Тек оны пайдалану керек.

Жүргізуші: Екі фракцияда сұрақтарына жауаптарын алған сыңайлы, енді біз келесі кезеңдегі сараптама бөліміне келіп жеткен секілдіміз.Олай болса Жақтаушы жақтың«Парасат» тобының сарапшысы мектебіміздің тіл пәндер бірлестігінің жетекшісі Э.Қадыроваға өз ойыңызды ортаға салсаңыз, уақытыңыз -3 минут

Қарсы- даттаушы жақтың «Ақиқат» тобының сарапшысы мектебіміздің бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі А. Бердеева сөз кезегі өзіңізде, уақытыңыз -3 минут.

Жүргізуші: Ертеде Батыр бабаларымыз Әйтеке бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Төле бидің тоқсан ауыздың тобықтай түйінін шешер төрелік сөздерге тоқтаған, ендеше қорытынды бөлімде түйінді шешер төрелік сөзді төрешіміз тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Максимоваға сөз береміз.

Жүргізуші:Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу - бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз" деген.

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам - Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Ұстаз деген - шәкірттердің айнасы. Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жаудырап алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал