7


Қазақ тілі және әдебиет

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың мақсаты: оқушыларды Отан сүйгіштікке халықтың өткен тарихына құрметпен қарауға баулу.Оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: киіз үй кейіпіне ұқсатып безендірілген сахна, интерактивті тақта т.б.

Мұғалім: Құрметті қонақтар,ұлағатты ұстаздар, аяулы шәкірттер! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған,сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен,ерлердің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген «Желтоқсан» оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын«Тәуелсіздік»күні мерекесіне арналған қазақ тілт және қазақ әдебиеті пәнінен «Менің Отаным- Тәуелсіздік Қазақстан!» атты әдеби сахналандырылған кешімізді назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

1-оқушы Қазақстан,Қазақстан-алтын күн

Жанымызды жарылқайтын жарқын күн.

Атандың сен барлық әлем тілінді

Атың менен«Қазақ»деген халқыңның.

2-оқушы Қазақстан-Алатауым,атағым,

Қазақстан-таңдағы әнім,шапағым.

Қазақстан-Есіл,Нұрам,Ертісім

Қазақстан-гүл жайнаған мекенім!

3-оқушы:Қазақстан

Көк туым шалқып төремде,елімнің бағы тамайсын

Жас болып ару Астанам, құлпырып күндей жайнайсын.

Тәуелсіздігім-тәтті сый Тәңірден келген, ағайын,

Бар қазағым бақытым,тәуелсіздік тойын тойласын.





</<font face="Times New Roman, serif">4-оқушы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да,қайғылы күн еді.Ұзак жылдар бойы тәуелсіздік жолында кан да,жас та,тер де төгілді.Тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі,тәуелсіздік ата-баба рухын көтереді,мемлекетіміздің сөнген отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға енгізді.Осы оқиғадан кейін арада 5 жыл өткенде 1991 жылдын желтоксанайынын 16-сы күні казак елі шынайы тәуелсіздік алып, КазакстанРеспубли-касынынЖоғарғы кеңесі Тәуелсіз- Демократиялық және мемлекет деп, біздің елеміздің Тәуелсіздігі жарияланады.Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет-Казакстан Республикасы пайда болды.Міне,содан бері егемен елміз,өзгелермен тереземіз тең.

5.Окушы.Тәуелсіздік

Тәуелсіздік-баға жетпес бағымыз,

Қымбаттан да ең қымбатты барымыз.

Тәуелсіздік-білектегі әліміз,

Тәуелсіздік-жүректегі әніміз.(«Қазақстан Тәуелсіздігіне-25 жыл» атты интерактивті тақтада слайд)

Желтоқсан оқиғасына курбандары туралы бейне көрініс көрсетіледі

.

(Желтоқсан оқиғасына арналған слайдтар көрсетіледі

Жай музыка қойылып тұрады «Желтоқсан желі»)

6.Окушы.Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Бұны бізге ешкім аяп бермеді.

Тәуелсіздік-Қайрат,Ләззат,Ерболдың

Таскөшеде тас-талқан боп өлгені.

Ақталады боздақтардың ақ талабы,

Әділ іс әрқашан да ақталады.

Елі үшін жанын қиған асыл жандар,

Ел есінде мәңгілікке сақталады.

Хор «Желтоқсан желі»

7-оқушы 1991жылы 1 желтоқсанда Республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ елінің Тұңғыш Президенти болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихын да халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып,өз басшысын сайлады.Қазақстан өз ПрезидентінҰлы тұлға деп мақтана алады.

8-оқушы:Президент

…Еліміздің тыныштығын ойлайтын,

Халкым менің,Елбасын қолдайық.

Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған ,

Жасай бер сен,Нұрсұлтан Назарбаев!

(ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың суретін слайд арқылы көрсетіледі)

9.Оқушы 1924 маусымдаТәуелсіздігіміздің Мемлекеттік жаңа рәміздері-Ту,Елтаңба және Әнұран бекітілді.Ту-елдіктің белгісі.Авторы-Ш.Ниязбеков.ҚРтуында көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі,астында қияға қанат қаққан қыран бейнеленген.Қыран тыныштықтың белгісі, берекелі өмірдің бейнесі .Ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Бұл күн жаңа мемлекеттік рәміздерінің туған күні ретінде елеміздің тарихында мәңгі қалады.

(Ту,Елтаңба, Әнұран слайд арқылы көрсетіледі)

10-окушы.Ту

Желбіре туым,желбіре,

Көргенде сені қуанам.

Мақтан қып сенің сәніңді

Арманмен алыс аттанам

Желбіре туым,желбіре

Әлемге жетсін шуағың.

Өзіңді ұстап қолыма

Қасқайып төрде тұрамын.

Ән «Көк тудың желбірегені»

11-оқушы ҚР-ның Елтаңбасында көгілдір ту саясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтың айналасы күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.Оны аңыз әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр.Жоғарыда дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген.Қазақтан деген жазу бар. Елтаңба авторлары Шотаман Уәлиханов, Жандарбек Малібеков.Елтаңба көгілдір ту саясында шаңырағым шарықтап,жүйрік пырақ қанаты тұр.Күн сәулесіндей алтын уықтар шаншылып тұр.(интерактивті тақтада ҚР Елтаңбасы көрсетіледі)

12-оқушы Мемлекеттік Әнұран- еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты.Ол халық жүрегінен, лүпілінен тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.Әнұранның сөзін жазған Н.Ә. Назарбаев пен Ж. Нажімеденов, әнін жазған Ш. Қалдаяқов

Әнұраным

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім,

Мәңгі-бақи шырқалады,

Республика Әнұраным.

(ҚР Әнұраны)

13.оқушы 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.

Бұл күн көп ұлтты Республикамыздың барлық халқына тәуелсіздік пен еркіндік әкелді.

Ата Заң

Ата Заңым-мемлекет айбыны

Ата Заңым-ақыл-ойдың айдыны

Туған жерден-Қазақстан елінен

Ата Заңым қорғалады байлығы.(интерактивті тақтада Ата Заңымыздың суреті)

14.оқушы 1997жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қабылданды.

.Ана тілі

Тілім менің-колымдағы қаруым

Тілім менің-бойымдағы дарыным

Биіктікке тілмен ғана өрлеймін

Тілім менің енші болмас бауырым. ( слайд)

15.оқушы Астана қаласы 1998 жылғы 20 мамырдан бастап Қазақстан мемлекетінің Астанасы болды.Елордамызда Астананы әлемге паш ететін монументтер көрініс тапты. Соның бірі -«Қазақ елі» монументі,биіктігі-91 м.Ұшарбасындағы салмағы-2,5 тонна алтын жалатылған самұрық құс орнатылған. 1990 шаршы метр кеңістекке созылған мәрмәр тастан жасалған. Бас сәулетші-Саматбек Бөкебай.Ал ,«Бәйтерек» монументінеің биіктігі -97 метр.Шаршының диаметрі-22 метр. «Аялы алақан» композициясы 2 кг алтыннан, 6 кг күмістен құйылған.(слайдтар)

( «Қазыбек бидің елшілігі» сахналық көрініс)

Астана

Жағасында Есілдің

Жарқырайды бір кала

Қамын ойлап елінің

Ел басқарған Нұр аға

Болса біздің Нұр аға

Халқымыздың тірегі

Еліміздің жүрегі. (Астана қаласы туралы слайдтар)

16.Окушы.Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке.Ол солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытаймен, ал батысында Азербайжан Республикасымен шектеседі. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Халқының саны 16 млн 9600.Негізгі ұлт өкілі-қазақ. Жалпы халықтың 63%-ын қазақтар құрайды.Міне, осындай Республикамыздың егінді даласы, күмісін шашқан көлдері, кең байтақ даласы, малға толы өрісі Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек азаматтары, сіздерге мұра болып қалады.( ҚР-ның картасы,табиғат суреттері слайд).о Казакстан-туған Отан алтын бақ

Ұлы жолға түсте келіп жаркылдап

Қазақстан-көптен көрген қария

Казакстан-мейірлі ана, дос кымбат...-. Тәуелсізбін, егеменмен,азатпын,

Туды міне, ел аңсаған азат күн!

Елден туын биік ұстар әрқашан,

Болашағы сендерсіңдер қараңдар

.17 оқушы .

.2011 жылдын акпан айында 7- қысқы Азия ойындарының Қазақстанда өтті.Бізден спротшылардың көрсеткіштері жоғары болып, жалпы командалық есепте беренше орын алды.

2012 жылгы тамыз айы. Лондонда -өткен ХХХ жазгы Олимпияда ойындарында бізден спортшыларымыз бар ынта жігерлерін салып,аянбай сынға түсті.Жеңімпаздар биік тұғырға көтеріліп, Қазақстан Туы желбіреп, Әнұранымыз шырқалғанда елімізде толкымаган жан болмаған шығар. Спортшыларымыздың ерен еңбегіне бас иіп, мақтан тұтамыз. Еліміздің коржынында 7 алтын,1 күміс,5 қола медаль. Жалпы жүлде корында 13 медаль бар Қазақстан 12-ші орында.Бұл да зор жетістік.

2012 жылғы қараша айы.Халқаралық көрмелер бюросының 152 -Бас Ассамблеясының жабық дауыс берудін нәтижесінде Қазақстанның елордасы көп дауыс иеленіп, Белгияның Льеж каласың басып озды және « ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетін қала болып жарияланды.Көрменнің басты мақсаты- жаңа ғылыми техникалық жетістіктер даму келешегі.Осының бәрі тәуелсіздігіміздің баға жетпес табысы.

18 оқушы.2014 жылы қарашаның 11 жұлдызында ҚР Президенті Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына « Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» атты жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекет қатарына қосылуы-ол « Мәнгілік Қазақстан» жобасы. Ел тарихында біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті екенін айтты.













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал