7


  • Учителю
  • Жағымды қасиеттер тақырыбында тренинг

Жағымды қасиеттер тақырыбында тренинг

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Б. Майлин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектеп, Қостанай облысы, Арқалық қаласы



Куликова Сауле Кенесбаевна



Тақырыбы: Оқушылардың бойында жағымды қасиеттерді дамыту жаттығулары

Мақсаты:Оқушылардың жақсы құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу

  • жақсылықты түсіну, жақсылық жасауға үйрету

Көрнекілігі : қанатты сөздер, бояу карандаш, плакат.

Тренинг барысы:

Оқушылар, қоғамның әрбір азаматы өзін-өзі көпшілік алдында жақсы, ұнамды жағынан көрсете білуге ұмтылуы керек.Адамның бойындағы жақсы қасиеттер, адамның жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен және ортадағы қарым-қатынас кезде де байқалады.Өзің қанша бір нәрсеге ренжіп тұрсаң да, өзіңді сабырлыққа шақырып, ұстамды болған жөн.Бүгінгі тренингте өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді анықтайтын боламыз.

Танысу. «Моншақ» жаттығуы Мына менің қолымдағы моншақты алыңыздар, неше моншақ алдыңыздар сонша рет өз есіміңізді атай отырып жақсы қасиеттеріңізді айтасыз.Мысалы:Айгүл-ақылды, Серік-салмақты... Олай болса, енді мына сіздердің қолдарыңыздағы жақсы қасиеттеріңізді мына жіпке тізіп көрейікші. Көрдіңіздер ме,осы жақсы қасиеттерді біріктіре отырып, сіздер әлі талай шындардан көретіндеріңізге мен де, сіздер де сенімдісіздер деп ойлаймын. Бір-бірімізге қол соғып қояйық.

«Мейірімділік алаңы» жаттығуы Өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығару. Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзінің жақсы-жаман қасиеттерін біледі. Қатысушылар жақсы қасиеттерін жазып, оқиды да, тақтадағы гүлдің суретіне жапсырады. Ал жаман қасиеттерін жазады да,кактусқа жапсырады. (жаман қасиеттерін өз бойларынан алып тастағанын білдіреді )

Жағымды қасиеттер тақырыбында тренингЖағымды қасиеттер тақырыбында тренинг











Құрметті оқушылар, бүгін сіздер жаман қасиеттеріңізден арылып, жақсы қасиеттеріңізбен табиғатты одан сайын гүлдендіріңіздер.

Әрине өздеріңді көрдіңдер өйткені, сендер әрқайсың қайталанбас тұлғасыңдар сендер үшін ешкім дәл сен сияқты қайырымды, мейірімді, жомарт, ақылды, кішіпейіл бола алмайды.

Құрметті балалар өмір адамға бір рет беріледі, оны мәнді өткізу өздеріңнің қолдарыңда. Менің мақсатым-осы тренинг арқылы сіздерге адам бойындағы асыл қасиеттер туралы, өмірдің маңызды сәттерін сіздерге айқындау.

Қорытынды:

  1. Бұл тренингтен қандай әсер алдыңдар?

  2. Сендерге не ұнады, не ұнамады?



«Менің көңіл-күйім қандай?» (Смайлик)

Оқушылар бүгінгі сабақтан кейіні, өздерінің көңіл-күйлерін баяндайды.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал