7


5 сыныпқа сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

(VIII сынып)

Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларды құрмалас сөйлеммен таныстыра отырып, оның құрылысы мен құрылымының ерекшелігін ұғындыру; тәрбиелік - оқушылар бойына адамгершілік, достық сезімдерін ұялату; дамытушылығы - ой-өрісін, таным деңгейін кеңейте отырып, еріктілік, өз күшіне сенуін қалыптастыру, өткен тақырып пен жаңа тақырыпты өздігінен іздене отырып байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, сын түрғысынан ойлау.

Сабақтың көрнекілігі: Венн диаграммасы, мысал жазылған плакат, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

* Оқушылармен амандасу.

* Кезекшімен сұхбаттасу.

* Сабаққа әзірлік, сыныпты үш топқа бөлу.

* Сабақ жоспарымен таныстыру.

II. Үй жұмысын тексеру.

"Бізге мәлім деректер" бойынша 3 топқа сұрақтар беру.

I топқа: Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?

Жақты және жақсыз сөйлемнің айырмашылығы неде?

II топқа: Жалаң және жайылма сөйлемнің айырмашылығы неден көрінеді?

III топқа: Атаулы сөйлем дегеніміз не?

Қазан айы. Тунерген кеш. Баяу ескен қоңыр жел. Бұл қандай сөйлем?

III. Жаңа сабақ.

"Мұны білген жөн"

* Диагностика сәті.

- Құрмалас сөйлем жайында не білеміз? /Оқушылар "миға шабуыл" әдісі арқылы білетіндерін ортаға салады./

* "Ізденіс тенденциясы" сәті.

Берілген сөйлемдерді "миға шабуыл" әдісі арқылы кеңейтіп түсіндіру үшін өз беттерінше жұмыс жүргізеді.

1. Шіміркентіп ашуландырмайды, көңіл жайлауына қонып тербетеді.

2. Әрі тайымнан айырылып, әрі бөдіктен қалғаныма ыза болып, жасымды тыя алмай үйге бардым.

3. Жас бір қыз, үстінде жұқа ақ көйлек, өрілмеген қою қара шашы екіге айырылып, кеудесіне түскен.

* "Тұсау кесер" сәті.

Әрбір топ өздеріне сөйлемдерді түсіндіріп, мәліметін қорғайды. Осыдан кейін барып жаңа сабақ түсіндіріледі.

- Дұрыс, балалар, құрмалас сөйлем екі не одан да көп сөзден тұратынын, сөйтіп күрделі ойды білдіретінін сендер білесіндер. Білімімізді толықтыру мақсатында қазір мен сендерге әлі де жеткіліксіз жайдан ақпарат беремін. Ол үшін мына Венн диаграммасына назар аударайық.

Мысалы: Зұлқия келген жұмысын баяндап отпыр. Оның алдында бірнеше хаттар жатыр. Басқарма мәжілісінен шығып, Мамыт пәтеріне қарай беттеп келе жатты.

Екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді құрмалас сөйлем деп атайды.

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласа және сабақтаса байланысады.

Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып келіп, бір-біріне тәуелді болмай, тең дәрежеде байланысады.

Мысалы: Қоңырау соғылды, сабақ басталды.

Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді, бірақ бұл сөзді ол кек тұтқан жоқ.

Сабақтаса байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сейлемдердің баяндауыштары тиянақсыз болып келіп, бірі екіншісіне бағына, сабақтаса байланысады.

Мысалы: Біреу қағаз жазып, біреу іс тігіп отырса, біреу темір соғып, біреу машина жүргізіп тұр.

Пышақ қанша өткір болғанмен, өз сабын жона алмайды.

Құрамындағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса байланысуына орай құрмалас сөйлем салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, аралас құрмалас болып үшке бөлінеді.

Мысалы: Қарт әкенің қайсысын естіп, асыл перзентін жоқтаған ащы зарын тыңдағанда, біздің төбе құйқамыз шымырлады, көзімізден жас парлады.

"Жеңілден күрделіге қарай" (Меңгерту жаттығулары)

I деңгей. "Жас лингвистер" 93-жаттығу.

1. Оқып шығып, мәтіңці құрайтын сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін ажыратыңдар.

2. Тұрлаулы мүшелерін тауып, құрамына қарай талдаңдар.

3. Даналық сөздердің мағынасынан не түйгендерінді топ ішінде анықтаңдар.

II деңгей. "Талдау - табыс кілті"

Берілген сөйлемге морфологиялық талдау, бір сөзге фонологиялық, математикалық тәсілмен мінездеме бер. Шөпті қалың жайып, атам арбаға жайғасты.

III деңгей. "Ойлан!"

1. Берілген жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдыр. Айжан ән салды. Мен қалаға бардым. Қыстың ызгары әлі қайтқан жоқ.

2. Психологиялық жаттығу. Мазмұны жағынан байланысы жоқ берілген сөздерді қатыстырып, қызықты әңгіме ытырып көріндер. Мәтінде құрмаластың қандай түрін қолдандың?

Доп, үстел, от, сақал, су, шал, алма, кілем, күлкі, акқала.

(Мысал үшін мен бір мәтіннің үлгісін көрсетемін. Берілген сөздер: маса, қылыш, мысық, сабан, шалбар, дақ, аю, алаша, сарай, күйсандық.)

Бірінші сөз - маса. Мен оның қылыш суйретіп бара жатқанын көремін. Қылыш - бул екінші сөз. Келесі сөз -мысық. Қылышқа қараймын, сабы мысықтың басы бейнелес, мысықтың мұрты сабан іспеттес. Сабаннан шалбар тоқыдым, шалбарға дақ жұқты. Даққа қараймын - аюға ұқсайтын сияқты. Аю алашаның үстіне отырды. Ол шиені ұнататын сияқты, шие сүйегінен өзіме сарай жасадым. Сарайдың ішінде күйсандық көремін.)

IV деңгей. "Өзіндік ізденіс - білім негізі"

Әдебиеттен өгілген М.Әуезовтың "Қараш-Қараш оқиғасын" еске түсіріп, жаза отырып, құрмалас сөйлемді жене оның түрлерін анықтау.

IV. "Қайталау - оқу анасы" /Сабақты қорыту/

Құрмалас сөйлемнің құрамы неше сөзден түрады? Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ұқсастығы. Қандай ойды білдіреді?

Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Құрмалас сөйлем түрлері.

V. Үйге тапсырма. 95-жаттығу.

Көркем әдебиеттен құрмалас сөйлемнің түрлеріне мысал жазып келу.

VI. Бағалау.

Оқушылар өзін-өзі бағалау, топтық бағалау парағымен бағаланады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал