- Учителю
- Қазақ тілі Матасу меңгеру
Қазақ тілі Матасу меңгеру
Ms Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Жарияланды 1-03-2014, 02:47 Категориясы: Информатика</<font color="#000000">
6 сынып информатика
Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік процессорында практикалық
жұмыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы
бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау
ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау
Дамытушылық: тақырып бойынша алған білімдерін тапсырмаларды орындау
барысында пайдалана білу, қойған мақсатына жете білуге
дағдыландыру,
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: сабақ барысында оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық
Сабақтың әдісі: жарыс сабақ, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, карточкалар
Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, қазақ тілі. математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын
сабаққа
аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сыныпты екі топқа бөлемін де, жарыс түрінде өткіземін. Сабақ
бірнеше турдан тұрады. Әр топта топ басшылары сайланады. І - ші топ
«Word», ІІ топ «WordPad»
І тур. «Кім жылдам» Қай топ бірінші болып сұраққа жауап береді, Сол
топ 1 ұпай ие болады.
Сұрақтар:
1. Microsoft Word мәтіндік редакторының қызметі?
2. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы?
3. Мәтіндік құжатты пішімдеу дегеніміз не?
4. Microsoft Word мәтіндік редакторының жасалған жұмысты қалай
сақтаймыз?
5. Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құру
командасы?
6. Baskspace, Delete пернелері не үшін керек?
ІІ тур « Мен білімдімін». Microsoft Word терезе элементтерін жазу.
Әр топқа бірі бетке жазып шығып. нәтижесін тақтадағы дұрыс жауаппен
салыстырып, ұпайларын қою.
Әр дұрыс элемент 1 ұпайға тең.
ІІІ тур. «Артық сөзді тап» Мәтіндік редакторға байланысты емес
сөзді табу керек
Сөздер; операциялық жүйе, мәтіндік процессор, абзац, пішімдеу, қиып
алу, графикалық редактор, ж/е т. б.
ІV тур. Мақалдар сайысы. Әр топқа мақалдың жартысын беріп, ал
оқушылар жартысын тауып Word - та тездетіп жазу керек. Қай топ
бірінші мақалдың жартысын тауып қатесіз жазса сол топ өздеріне балл
қосқаны.
І топ ІІ топ
1. Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас
2. Өнер алды - қызыл тіл
3. Ырыс алды - ынтымақ
4. Көз қорқақ - қол батыр.
5. Ұрлық түбі - қорлық
6. Денсаулық - зор байлық.
7. Көз қорқақ - қол батыр
8. Еңбектің наны тәтті,
Қорқақтың жаны - тәтті
Практикалық бөлім
Деңгейлік тапсырмалар орындау
1 - деңгей
Менің Отаным - Қазақстан деген мәтінді теріп.
Отан деген атпен сақтау
Қазақстан - ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда
ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз - егеменді,
тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын
осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі
керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт
түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір
адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді
мақтаныш тұтады!
2 - деңгей
А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа жазу
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көрсеңіз.
Жамандық көрсең нәфритлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
3 - деңгей
«Менің Отаным», «Менің сыныбым», «Менің ең жақсы көретін пәнім»,
«Менің досым» тақырыптарының бірінде шағын әңгіме жазу.
Сергіту сәті 2 минуттық дене, көз жаттығуларын жасау /видеоролик/
қолдану
Жедел тест
1. Word қандай редактор
А. Операциялық жүйе
В. Графикалық редактор
С. Мәтіндік редактор
2. Қай перне арқылы бос орын ашылады?
А. Enter b. Shift C. Бос орын пернесі
3. Enter пернесінің атқаратын қызметі?
А. Жаңа жолдан бастайды. В. Жаңа беттен бастайды. С. Жолдың соңына
апарады.
4. Бас әріп теру үшін...
А. Ctrl B. Delete C. Shift
5. Сандарды теру үшін қай пернені аламыз
А. Ctrl B. Num Lock C. Shift
6. Word құжатының кеңейтілуі
A. Txt B. Doc C. Bmp
Осы тапсырмалардың қорытындысы бойынша жеңген топ
анықталады.
Қосымша тапсырмалар
«Информатика» сөзінің әрібір әріптерінен басталатын информатика
пәнімен байланысты сөздер немесе терминдерді тез айтып өту.
М/ы
Мысалы:
«И»- информатика, информация, иілгіш диск, интернет, интерфейс.
«Н»- ноутбук, номер, надпись.
«Ф»- формат, файл, флешка, фигура, формула.
«О»- орналастыру, орау.
«Р»- реттеу, редактор, рисунок.
«М»- меню, монитор, маус, маркер, модем.
«А»- ақпарат, архивтеу, антивирус, абзац.
«Т»- тақырыптық жол, тізім, термин, түс.
«И»- информатика сабағының мұғалімі.
«К»- компьютер, көшіру, клавиша, клавиатура.
«А»- ақпараттандыру, айналдыру жолағы, адаптер, ашу, алмастыру.
Сөзжұмбақ шешкізу.
W I N D O W S
C A P S L
O C K
E N T E
R
D
E L E T E
1. Қазіргі кездегі компьютерде кең тараған ОЖ
2. Үлкен кіші әріптерді ұзақ уақыт орналастыратын перне.
3. Енгізу пернесін растайтын перне.
4. Меңзердің оң жағын өшіретін перне.
Ү. Үйге тапсырма: Word бойынша ребус құрып келу.
ҮІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
Сабақтың басында оқушыларға бағалау бетшесі таратылып беріледі.
Сондағы ұпай сандары арқылы бағалау
4.2 Мәтіндік редактор және мәтіндік процессор А деңгейі 4.2.1-тапсырма. Әртүрлі қаріптер түрлерін пайдаланып, үлгі бойынша «Информатика» деген сөзді бейнелеңіз
Информатика Информатика Информатика Информатика Информатика Информатика Информатика
4.2.2-тапсырма. 1. Word Pad мәтіндік редакторын жүктеңіз. 2. Маркерлеу тәртібінде апта күндерінің атауларын қазақ тілінде және қасына ағылшынша нұсқасын жазыңыз. 3. Екі тілде жазылған әр апта күндерінің қаріппін өзгертіңіз және әр жол үшін 10 пункттен бастап бір қадамға өсіре отырып, әріп өлшемін орнатыңыз. 4. Апта күндерінің атаулар қасына ағымдағы аптаның күнің жазыңыз, құжатты Менің құжаттарым бумасында «Апта» деген атпен сақтаңыз. 5. Мәтіннің жиектерін өз қалауыңыз бойынша параметрлер қойып, оларды жолдын ортасынан орнатыңыз және сол атпен құжатты сақтаңыз. 4.2.3 -тапсырма. 1) Үш абзацтан тұратын мәтін теріңіз, мәтінді екі бағанға бөліңіз. 2) Төмендегі параметрлерді бетке орнатыңыз: - бет бағдары: кітап беті түрі; өрісі: барлығы 1,5 см; парақ түсі: ақшыл көк; 3) Мәтін қаріппін өзгертіңіз: бірінші абзац: әріптер өлшемі 14, Arial, К қаріпі, мәтін ені бойымен орналасады; екінші абзац: әріптер өлшемі 16, Comic Sans, қаріп, мәтін беттің ортасында орналасады 4) Жоларалық интервал - 1,5 5) Абзацтан кейін аралық - 0
Теңге алу.
Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып 14 жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.
«Қыз қуу».
Ол - ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл - жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл - қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз- мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.
В деңгейі 4.2.4-тапсырма. 4.2.3 тапсырмаға төмендегідей пішімдеу параметрлерін енгізіңіз 1. «Қыз қуу» деген сөзді ерекшелеп, қаріппін жартылай қалың қаріпке ауыстырыңыз 2. «Көкпар» сөзін ерекшелеп, қаріппін курсивке ауыстырыңыз. 3. «Ұлттық» деген сөзді ерекшелеп, қаріпті жартылай қалың қаріпке ауыстырыңыз (кегль - 14 пункт). 4. Мәтін бойынша «спорт» деген сөзді тауып, қаріпті жартылай қалың курсивке ауыстырыңыз және биіктігін (16 пункт) жасаңыз. 5. Әр абзацты өз қалауыңыз бойынша маркерден бастаңыз. 6. Беттің өрістерін 2 см қылдырыңыз. 7. Соңғы абзацты ерекшелеп, оның қаріппін жартылай қалың сызылған курсивті қаріпке ауыстырыңыз. 8. Екінші абзацтың қаріп түсін өзгертіңіз. 4.2.5-тапсырма.
Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, бөлуді орнатыңыз. Беттің параметрлерін өзгертіңіз: - бет бағдары: кітап сияқты; өрістері: барлығы 1,5 см; беттің түсі: жасыл; Мәтін қаріппін өзгертіңіз: бірінші абзац: 14, қаріп - Arial, туралануы ені бойынша - тақырып: әріптерінің өлшемі 16, қаріпі -ComicSans, жартылай қалың, ортада орналасады. Жоларалық интервал - 1,5 Абзацтан кейінгі интервал - 0 15 4.2.6-тапсырма. Келесі коман
4.2.2-тапсырма.
1. Word Pad мәтіндік редакторын жүктеңіз.
2. Маркерлеу тәртібінде апта күндерінің атауларын қазақ тілінде және
қасына ағылшынша нұсқасын жазыңыз.
3. Екі тілде жазылған әр апта күндерінің қаріппін өзгертіңіз және әр жол
үшін 10 пункттен бастап бір қадамға өсіре отырып, әріп өлшемін орнатыңыз.
4. Апта күндерінің атаулар қасына ағымдағы аптаның күнің жазыңыз,
құжатты Менің құжаттарым бумасында «Апта» деген атпен сақтаңыз.
5. Мәтіннің жиектерін өз қалауыңыз бойынша параметрлер қойып, оларды
жолдын ортасынан орнатыңыз және сол атпен құжатты сақтаңыз.
4.2.3 -тапсырма.
1) Үш абзацтан тұратын мәтін теріңіз, мәтінді екі бағанға бөліңіз.
2) Төмендегі параметрлерді бетке орнатыңыз:
- бет бағдары: кітап беті түрі; өрісі: барлығы 1,5 см; парақ түсі: ақшыл
көк;
3) Мәтін қаріппін өзгертіңіз: бірінші абзац: әріптер өлшемі 14, Arial, К
қаріпі, мәтін ені бойымен орналасады; екінші абзац: әріптер өлшемі 16, Comic
Sans, қаріп, мәтін беттің ортасында орналасады
4) Жоларалық интервал - 1,5
5) Абзацтан кейін аралық - 0
Теңге алу.
Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат
құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп
алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып
қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып
14
жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін. «Қыз қуу».
Ол - ұлттық ат спорты ойыны.
Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда
қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері
мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт
айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып
жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл - жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса,
қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл -
қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі
атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк
бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-
мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған.
Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс
және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының
жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр
команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100
метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам
болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.
В деңгейі
4.2.4-тапсырма.
4.2.3 тапсырмаға төмендегідей пішімдеу параметрлерін енгізіңіз
1. «Қыз қуу» деген сөзді ерекшелеп, қаріппін жартылай қалың қаріпке
ауыстырыңыз
2. «Көкпар» сөзін ерекшелеп, қаріппін курсивке ауыстырыңыз.
3. «Ұлттық» деген сөзді ерекшелеп, қаріпті жартылай қалың қаріпке
ауыстырыңыз (кегль - 14 пункт).
4. Мәтін бойынша «спорт» деген сөзді тауып, қаріпті жартылай қалың
курсивке ауыстырыңыз және биіктігін (16 пункт) жасаңыз.
5. Әр абзацты өз қалауыңыз бойынша маркерден бастаңыз.
6. Беттің өрістерін 2 см қылдырыңыз.
7. Соңғы абзацты ерекшелеп, оның қаріппін жартылай қалың сызылған
курсивті қаріпке ауыстырыңыз.
8. Екінші абзацтың қаріп түсін өзгертіңіз.
4.2.5-тапсырма. Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, бөлуді орнатыңыз.
Беттің параметрлерін өзгертіңіз: - бет бағдары: кітап сияқты; өрістері:
барлығы 1,5 см; беттің түсі: жасыл;
Мәтін қаріппін өзгертіңіз: бірінші абзац: 14, қаріп - Arial, туралануы ені
бойынша - тақырып: әріптерінің өлшемі 16, қаріпі -ComicSans, жартылай
қалың, ортада орналасады.
Жоларалық интервал - 1,5
Абзацтан кейінгі интервал - 0__
Сәйкестендіру тесті:
1. MS Word редакторын іске қосу жолы
А. Мәтінді курсивпен жазады
2. Құжатты сақтау командасы
В. Файл - Создать (Құру)
3. Мәтінді пішімдеу деген не?
С. Пуск - Все программы - Microsoft Office - Microsoft Word
4. Жаңа құжат құру командасы
D. пернесі
5. Мәтінді редакциялау деген не?
E. Файл - Сохранить как.. (Сақтау)
6. MS Word-та абзац қай пернені басумен аяқталады?
F. Мәтіннің пішімін оның параметрлері арқылы қою
7. - батырмасының қызметі қандай?
G. Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру, құжаттың мазмұнын түзету
Оқушыларға жауап парақтарын тарату, оқушылар тесттің жауаптарын бір-біріне беру арқылы өздері тексереді.
Жауабы:
1 - С
2 - Е
3 - Ғ
4 - В
5 - G
6 - D
7 -А
ІІІ. «Білімді мыңды жығар» аялдамасы(жаңа сабақ)
Нөмірленген және маркерленген тізімдер,
бағандар, беттердің параметрлері. Жиек
Бірнеше бөлімдерден, тараулардан тұратын құжаттарды көркемдеу барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу қажеттігі туады.
Маркерлер мен нөмірлерді Главная менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер, Көпдеңгейлі батырмасын немесе құжаттың жанама менюіндегі Маркерлер, Нөмірлер командасын таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің көмегімен қоюға болады.
Көпдеңгейлі астарлы беті құрылымы күрделірек құжатпен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Нөмірленген астарлы бетінде нөмірлеу форматын таңдау және өзгерту мүмкіндігі бар.
Мәтінді бағандарға бөлу - сөздік, өлеңдер жазғанда қолдануға болады. Мәтінді бағаналарға бөлу үшін алдын ала тұтас құжатты немесе оның кез келген бөлігін белгілеп аламыз. Разметка страницы (Бетбелгі) режиміне көшеміз. Саймандар тақтасында орналасқан
Бағаналар батырмасын шертеміз де, ашылған сұхбат терезеден қажетті баған санын көрсетеміз. Бағаналар сұхбат терезесінде мәтіндегі бағандар санын, енін, олардың бір-бірінен ара қашықтық мәнін бере аламыз. Егер бағандар арасынан сызықпен бөлгіміз келсе, Разделитель (Бөлгіш) жалаушасын көтереміз.
Разметка страницы (Бетбелгі) режимінде Ориентация (Бағдарлау) батырмасын шерту арқылы қағаз бетінің кітаптық немесе альбомдық түрін таңдауға болады.
Мәтіннің беттерін және абзацтарын рәсімдеу кезінде өрнектеу, түсін өзгерту т.б. түрлі әдістер қолданылады. Бұл жағдайда абзацты белгілеп, Разметка страницы - Границы страниц командасын таңдау керек. Экранда Границы и заливка (Шекаралар және құю) сұхбат терезесі ашылады. Граница (Шекера) астарлы бетінде мәтінді жиек, көлеңке, көлемді, басқа жиектемелердің бірін және сызықтың түрін, түсін, енін таңдай отырып, оның үлгісінен көріп, қажет емес шекараны үлгіде немесе сәйкес батырмада шерту арқылы іске қосып, немесе қайта алып тастау әрекеттерін орындап болған соң, ОК батырмасын шертеміз. Страница (Бет) астарлы бетінде дәл осы әрекеттерді орындауға және бір немесе бірнеше бетті Рисунок (Сурет) батырмасын шерткенде шығатын тізімнен таңдап алынған суретпен жиек қойып қоршау мүмкіндігі бар. Заливка (Бояу) астарлы бетінде мәтіннің белгіленген аймағына бояу параметрлерін бергеннен кейін ОК батырмасын шерткенде, таңдаған түске боялады.
Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тізімдерді нөмірлеу және маркерлеу, бағандар туралы түсінік беру, практикалық тапсырмалар арқылы компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, компьютерде жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақ барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Жаңа тақырып түсіндіру.
-
Сабақты бекіту. Компьютерде практикалық жұмыс орындау.
-
Үйге тапсырма.
-
Бағалау.
-
Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
(Практикум жұмыстарын талқылау )
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?
3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?
4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?
5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?
-
Жаңа тақырып түсіндіру.
Жаңа сабаққа дайындық жасау. Сөзжұмбақ шешу(
тізім, баған)
1. қандай құрал ?
2. Мәтінмен жүргізілетін әрекет?
3. Экранның тік төртбұрышты аймағы?
4. Delete пернесінің қызметі?
5. Интернет желісіне қосатын құрылғы?
№1.
Мына сөзжұмбақты шешу арқылы қандай сөздерді оқи
аласыңдар?
Тізім
Міне, бүгін біз мәтіндік редакторда тізім қоюды, бағанға бөлуді
үйренетін боламыз. Бұл тақырыпты меңгеру үшін маған оқушылар
көмектеседі.
- нөмірленген тізім
- маркерленген тізім
- баған
Нөмірленген тізім
Microsoft Word тізім жасуашылардың барлығын қолдайды және
тізімдерді тез және оңай жасауға мүмкіндік береді.Тізім - бұл
нөмірленген абзацтар қатары.Сонымен қатар көпсатылы тізімдер де
құруға болады.
Нөмірленген тізімді құру үшін менюдегі негізгі бөлімнің Абзац
тобындағы нөмірленген батырмасын басу керек.Тізімді ашу және
нөмірлеудің берілген жеті түрінің бірін таңдау керек.Нөмірлеудегі
«Нөмірдің жаңа пішімін анықтау» терезесінде өзгертуге болады оны
нөмірлеудің жаңа пішімін анықтау.. бөлігі арқылы шақырамыз.Мысалы
оны мына мәтінге орындап көрсетейін. Дәл осылай көпсатылы
тізімдерді де құруға болады.
Маркерленген тізім
Азат жолында белгілі таңбалар тұратын абзацтар маркерленген тізім
деп аталады. Маркерленген тізім құру үшін менюдегі негізі бөлімнің
Абзац тобындағы, макер батырмасын басып, берілген маркердің бірін
таңдау керек. Маркерді жаңа маркерді анықтау терезесінде өзгертуге
болады. Оны мәтінге қолданғанда былай орындаймыз.
Бағандар
Бағандар- мәтінді бірнеше бағандар түрінде ерекше орналастыру, бір
бағанды аяқтайтын мәтін, келесі бағаннан бастап жалғастырылады
Көпбағанды өңдеу- мәтінді бірнеше бағандарға орналастыру дегенді
білдіреді.
Мәтінді бірден бағаналарға бөліп жазуға да және алдын ала терілген
мәтінді бағандарға бөлуге де болады.
Ол үшін мындай дайын мәтін аламын мысалы мен Абайдың Ғылым таппай
мақтанба өлеңін алдым, енді оны бағандарға бөлу үшін негізгі
менюден парақ белгісі немесе разметка страницы бөлігін басып баған
/колонки батырмасын басамын. Шыққан терезеден неше бағанға бөлу
керек соны таңдаймын. Дәл осылай қажетті бағанға бөлудің түрлерін
таңдауға болады.
Жаңа сабақты түсіндіңдер ме? Жақсы! Онда компьютерде тапсырмалар
орындаймыз.
4. а) Сабақты бекіту. Тапсырмалар орындау.
Компьютерде 6 сынып деген қапшықтағы тапсымаларды орындату
Тапсырма №1.
Мына сөзді септеңдер : информатика және нөмірлеу тізім командасын
қолданып жазындар.
Мысал:
Атау септік: компьютер
Ілік септік: компьютердің
Барыс септік: компьютерге
Табыс септік: компьютерді
Жатыс септік: компьютерде
Шығыс септік: компьютерден
Көмектес септік: компьютермен
Информатика сөзін өзің септе: және маркерлеу тізім командасын
қолданып жазындар.
Атау септік: информатика
Ілік септік: информатиканың
Барыс септік: информатикаға
Табыс септік: информатиканы
Жатыс септік. информатикада
Шығыс септік: информатикадан
Көмектес септік: информатикамен
Тапсырма № 2.
1. Мәтінді белгілеп алып Разметка страницы- Колонки командасын
орындап, екі бағанға бөліңдер.
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты -
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл - мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, хаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл -
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл.
ә) Сергіту сәті. Көзге жаттығу
5.Үйге тапсырма: Нөмірленген және маркерленген тізім. Бағандар
тақырыбын оқу. MS Word редакторына ребус құрастыру.
6. Сабақты қорытындылау.
7. Оқушыларды бағалау.