- Учителю
- 'К дыбысы мен әрпі' (1 класс)
'К дыбысы мен әрпі' (1 класс)
Қарағанды облысы
Сәтбаев қаласы
«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Мұқан Аяжан Абдуллақызы
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды К әрпінің таңбасымен, жазба түрімен таныстыру. Сөздерді буындап оқыту. Дыбыстық талдау жасау.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды сауатты жазуға тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ-жауап ойын
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер.
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Психологиялық дайындық
Бүгінгі күн бізге,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
Сабаққа күнде келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
Сабағымызды 5-ке оқып,
Білімді оқушы боламыз дегенбіз.
ІІ. Үй тапсырмасы
-Өткен сабақта қай әріппен таныстық?
-Е дыбысы мен әрпі
-Қане барлығымыз сол Е дыбысынан келетін сөздер ойлайықшы?
Е е
Кеме
шебер
бес
емен
-Е дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
-Е дауысты дыбыс
ІІІ. Жаңа сабақ
Мақсаты: жаңа әріппен танысып, оған сөз, сөйлемдер құрап оқу, жаза білу.
«Кім жылдам?» ойынын ойнау. Ойынды ойнай отырып, жұмбақтың шешуін табу
Жұмбақ шешу
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)
-Бүгін күн қандай?
Қабат-қабат қатталған
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін. (кітап)
-Алдымызда қандай кітап жатыр?
-Әліппе
-Күн, кітап сөздерінен қандай дыбысты естіп тұрсыңдар? (К дыбысын)
-Ендеше, біз бүгін К әрпімен танысамыз.
-Барлығымыз К деп айтып көрейікші.
-Қалай айтылып тұр?
-Ендеше К дыбысы дауыссыз дыбыс.
-К дыбысын көк текшемен белгілейміз.
-К дыбысынан айтылатын сөздер айтып көрейікші, (ортасында, аяғында) кесе, кілт, мереке, көкшіл, береке, шелек, көк.
-Сонда К дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі екен.
ІV. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Кітаппен жұмыс.
-Ненің суреттерін көріп тұрмыз?
-Кеме (көлік, суда жүзеді).
-Кит (жануар, суда жүзеді).
-Буынға бөлейік.
-Ке-ме 2 буын, к дыбысы қай жерде естіліп тұр?
Кит-1 буын
Кө-бе-лек-3 буын
-Көбелек сөзіне сөйлем құрайықшы.
Мысалы: Мен көбелек көрдім.
-Неше сөзден құралып тұр? Неше сөйлем?
Кітаптағы сурет: кебеже-3 дауыссыз, 3 дауысты дыбыс бар.
Кесе-2 дауыссыз, 2 дауысты дыбыс
Шелек-3 дауыссыз, 2 дауысты дыбыс бар (ауызша)
Дәптермен жұмыс.
К әрпінің баспа түрімен, жазбаша түрімен таныстыру.
К әрпін тақтаға жазып көрсету, ауада жазу.
Дәптердегі К әрпін толтыру.
Әріп кассасымен жұмыс.
Кеспе әріптерден сөз құрау: кеме, кесе, шелек.
V. Қорытындылау.
«Жоғалған әріп» ойыны
Ә...е, ...есе, е...і, мере...е
-Біз қандай әріппен таныстық?
-Дауысты ма, дауыссыз ба?
-Қандай текшемен белгіленеді?
VI. Үйге тапсырма беріледі. «Кеме» мәтінін оқып, дәптердегі жазуды аяқтау.