7


  • Учителю
  • классный час на тему 'Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышым!'

классный час на тему 'Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышым!'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кіріспе. Құрметті студенттер, оқытушылар мен қонақтар! Бүгінгі біздің «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабағымыз тәуелсіз Отанымыздың ұлттық мақтанышы - мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Олай болса, тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!


Гимн.

Кез келген мемлекеттің айшығы - мемлекеттік рәміздері екені белгілі.Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі - мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?

Рәміз - белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.

Ту - тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.

Елтаңба - мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.

Гимн - өлеңге жазылған салтанатты ән.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.

1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды. Сонымен мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына да 22 жыл толды.


Бейнеролик арқылы Елбасымыздың ұлттық мұражайына саяхат жасайық.

Енді сөзді топтарға берейік.

І топ

1-оқушы. Біз Ту туралы айтамыз.

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді, Ту болмады дегенге?!

2-оқушы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұзындығы 2 метр, ені 1 метр көгілдір түсті мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс, сол жақ сабының тұсынан ұлттық өнер нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Алтын күн молшылықтың, байлықтың белгісі болса, қыран құс халықтың арман - мақсатының биік екенін көрсетеді. Ою ұлттық нақыштарымызды білдіреді.

3-оқушы. Мемлекеттік Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков.

4-оқушы.

Шәкен Ниязбеков 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. 1958 жылы Ленинград көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітіргеннен кейін 1960 жылы Ленинградтағы Суретшілер және дизайнерлер академиясын оқып бітірді. КСРО суретшілер одағының мүшесі.

5-оқушы. «Қазақстан Жалауы»

Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан Жалауы.

Көк емес ол тектен тек.

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті алтын күн,

Асқақ арман қыраны.

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі, Ту ары.

Бұлт баспасын күнімді,

Тартылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды

Қасиетті борышым.

С.Қалиев

6-оқушы. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тізесін бүгіп, ұлттық туымызды сүйіп тағзым етті. Содан кейін барып Ту өзінің құтты орнына қондырылды.

ІІ топ

1-оқушы. Біздің топ Мемлекеттік Елтаңба туралы айтады.

«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды» дейді қазақ халқы. Кейбір мемлекеттер өзінің елтаңбасын өсімдіктер немесе жануарлар суретімен бейнелейді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бесбұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

2-оқушы. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының реңдік бейнесін екі түсті - алтын түс және көгілдір түс. Елтаңба 1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

3-оқушы. Елтаңбаның авторлары Шот-Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков.

Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі, профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі.

4-оқушы.

Жандарбек Мәлібеков Мәлібекұлы 1942 жылы Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. қаласындағы ғылыми-зерттеу жобалау институтының қала құрлысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетші болған. КСРО сәулет саласы бойынша конкурстың лауреаты.

5-оқушы «Елтаңба»

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жар күші.

Қара шаңырақ ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

Т.Молдағалиев


ІІІ топ.

1-оқушы. Біздің топ Мемлекеттік Гимн туралы айтып береміз.

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған,-деп,-Әнұран?!


2-оқушы. Гимн - мемлекеттік ресми нышан - айбары болып табылатын, елдің арман-аңсарын білдіретін, бағдарламалық мәні бар салтанатты саз.


3-оқушы. Отан Гимні - еліміздің ұлы ұраны, мемлекетіміздің дауылпаз дабылы, бүкіл мердианды тік көтерген даңқты дабысы елдіктің, ерліктің символы. Өткен жылдар өткелдерінің өлеңі, келер күндер керуенінің аршынды адымының арыны, мәңгілік сарқылмайтын, жарық пен шаттықтың шарқ ұрған сарыны.


4-оқушы. Қазақстан Республикасының Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда бекітілді. Гимннің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.


5-оқушы. Жас ақын Ж.Нәжімеденов пен жас сазгер Ш.Қалдаяқов «Менің Қазақстаным» әнін 1950 жылдары жазды. Бұл ән бірден халықтың сүйікті әніне айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Менің Қазақстаным» зор мақтанышпен, ерекше көңілмен шырқалды. 2006 жылы 7 қаңтарда жарты ғасыр өткен соң, Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынуымен бұл ән Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне айналды.


6-оқушы.

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов Атырау облысының Құрманғазы ауданында Қошалақ ауылында 1935 жылы дүние келген. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде және Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстарында оқыған. «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Баспа істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте, «Мектеп» баспасында жұмыс істеген.

7-оқушы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылыми академиясының академигі, «Алтын қыран» орденінің иегері 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесінде, Қарағанды металлургиялық зауытының жанындағы Жоғарғы техникалық оқу орнында оқып, инженер-металлург мамандығын алған. Еңбек жолын Теміртауда болат балқытушы болып бастап, кәсіпорын, қала және облыс деңгейінде басшылық жұмыстар істеді. Қазақ КСР-нің Үкімет басшысы және Елбасы жоғары лауызымды қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Қазақстан Республикасының Президенті.


8-оқушы.

Шәмші (Жәмшид) Қалдаяқұлы 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Қапыланбек мал дәрігерлік техникумында, Низами атындағы Ташкент музыкалық училищесінде және Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясында оқыған. 1950 жылдан шығармашылық жұмыспен айналысты. 300-ге жуық ән шығарды, «Қазақ вальсінің королі» атанды.

Мұғалім. Балалар, сіздерге көп рахмет! Өте жақсы дайындықпен келіпсіздер.

Бекіту. «Білгірлер жарысы» (интерактивті тақтадан сұрақтар шығады)

  1. 16-желтоқсан қандай күн? (Тәуелсіздік күні)

  2. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 жылы 4-маусым)

  3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қашан қабылданды? (1995 жылы 30-тамыз)

  4. Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)

  5. Елтаңбаның авторлары кімдер? (Жандарбек Мәлібеков,

Шота-Аман Уәлиханов)

  1. Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

  2. «Желтоқсан оқиғасына» кімдер қатысты? (Қазақ жастары)

  3. Қазақстан Республикасы өз егемендігін қашан алды? (1991 жылы 16-желтоқсан)

  4. Тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз? (1- желтоқсан)

  5. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

  6. Бұл суретте көрсетілген қай оқиғаның көрінісі? (1986 жылғы 16-желтоқсан Желтоқсан көтерілісі)

  7. Қазақтың төл теңгесі қашан айналымға шықты? (1993 жылы 15-қараша)

Қорытынды.

Отан деген ұлы ұғым. Сол Отанда мекендеп жатқан барша халықтың бойында отансүйгіштік қасиетпен елге, жерге, мемлекеттік рәміздеріне деген мақтаныш әрдайым есіп тұрмақ. Мемлекеттік рәміздер әр уақытта татулық, бірлік, достықтың белгісі болып қала береді. Рәміздерді құрмет тұту - әрбір оқушының абыройлы міндеті, оны қастерлеудің маңызы зор болмақ. Мемлекеттік рәміздер - біздің еліміз бен егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екенін әрқашан есте ұстайық.


«Досқа сүйеніш, дұшпанға айбар Туымыз асқақтап, Гимніміз жанымызды тербеп айтыла берсін әрдайым»,- деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

«Бекітемін»

«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК

директордың оқу-тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

____________ Н. Свинарева


Тақырыбы: «Мемлекеттің есімхаты»


Мақсаты:

а) Мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру арқылы ұлттық мақтанышымыз екенін ұғындыру;

ә) Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу;

б) Рәміздерді құрметтеу арқылы Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу.


Эпиграф: «Өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін».

Н.Ә.Назарбаев


Сабақтың түрі: ауызша журнал


Сабақтың көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті, «ҚР-ның рәміздері» бүктемесі, интерактивті тақта, слайд, «Ту, Елтаңба,Әнұран. Қазақстанның көрікті жерлері» бейнеролигі

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Оқытушының кіріспе сөзі.

3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.

4. Қорытынды.


Сынып жетекшісі: Б.Мукашева



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал