- Учителю
- Ә. Тәжібаевтің Сырдария өлеңі
Ә. Тәжібаевтің Сырдария өлеңі
Практикалық жұмыс
1-тапсырма
1. Word мәтіндік редакторын ашыңыз.
2. Маркерлеу тәртібінде апта күндерінің атауларын қазақ тілінде және
қасына ағылшынша нұсқасын жазыңыз.
3. Екі тілде жазылған әр апта күндерінің қаріппін өзгертіңіз және әр жол
үшін әріптер өлшемі- 14 , Arial, К қаріпі, Жоларалық интервал - 1,5.
4. Менің құжаттарым бумасында «Апта» деген атпен сақтаңыз.
2- тапсырма
1. Өлеңді теріп, екі бағанға бөліңіз. Әр шумақты түрлі түстерге бояңыз
Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой -
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.