7


  • Учителю
  • Тарихи танымдық сабақ жоспары 'Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл'

Тарихи танымдық сабақ жоспары 'Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Апта

Күні:11.09.2015 жыл

Сабақ: 45 минут

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ хандығына 550 жыл

Сілтеме:

Интернет, газет ,журналдар материалдары

Мақсаты:

Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Отаншылдыққа, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

Қазақ хандығының құрылу тарихын біледі.

Түйінді идея:

Қазақ хандығының негізін Керей мен Жәнібек құрған.

Ресурстар (дерек көздері)

А4, үлестірмелі материалдар , стикер.

Тапсырмалар:

Тапсырманың түрлері

Тапсырманы орындаудағы қолданылатын тәсілдер

уақыты

Кіріспе

Мемлекеттік әнұранды орындау

Санақ бойынша топтарға бөлу;

Сабақ тың мақсаты

Орындарынан тұрып әнұранды айтады. Санақ бойынша топқа бөлінеді.

Топ мүшелері қызметтерін бөліседі.

5 мин

1-тапсырма

Слаид көрсету, тақырып туралы түсінік беру

Слаид көріп, қазақ хандығының құрылу тарихымен танысады.

10мин

2-тапсырма


Толықтыру тесті

Тестті толтырады

5 мин


Бағалау

Өзара топтық бағалау

Бір-біріне тапсырманы ауыстырып тексереді.

3 мин





3-тапсырма

Қазақ хандығының негізі

Қазақ үйдің көрінісі түрінде құрастыру

7 мин

Тренинг

«Кімнің қандай екендігін тап»

Топ болып сұраққа жауап береді.

10мин

Кері байланыс

Екі жұлдыз, бір тілек

Стикерге пікірін білдіреді.

5 мин


  1. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті - қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты.

Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті - Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің "Тарихи -Рашиди" атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. 1465 - 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.

Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі -ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады» . Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды.

  1. Қазақ хандығының саясаты: Қазақ хандығының саяси -экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды:


1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті - Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.


2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалаларын қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын.


3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет - Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал