7


  • Учителю
  • ХХІ ғасырдың оқушыларын қалай дайындауға болады?

ХХІ ғасырдың оқушыларын қалай дайындауға болады?

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекмурзаева Айнұр Даниярқызы

Арыс қаласы

</ № 4бастауыш мектеп мұғалімі





ХХІғасырдың оқушыларын қалай дайындауға болады?





Мен Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының үшінші негізгі деңгей бағдарламасын меңгеру мақсатында Шымкент қаласындағы Өрлеу мұғалімдердің біліктілігін арттыру институтына оқуға келдім.Қазір әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер арқасында әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігі белгілі болды.Бұл өзгеріс білім саласындағы саясаткерлер үшін де,жалпы мектептер үшін де,соның ішінде мұғалімдер үшін ең басты мәселе болып отыр. Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды.Міне біздің оқып келген деңгейіміз осы мәселені шешуге бағытталған.Білім беру саласында оқушылар үшін білім де ,дағдылар да кең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда.Заманауи тәсілдің ең ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару.ХХІғасырда оқушыдан талап етілетін дағдылар жаңа деп айтуға болмайды.Осы дағдылардың болу ұжымдық және жеке табысқа ықпал ететін сол арқылы әлемдік экономиканың өзгеруі қарқынына ықпал ететіндігіне көзім жетті.Осыған байланысты оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретуде әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде өте мұқият болғанымыз дұрыс.Мұндай өзгерістерді іске асыру үшін барлық мүдделі жақтар , мектеп басшылығы ұстаздар өздеріне міндеттеме алып сондай - ақ анағұрлым тәжірибелі және дарынды мұғалімдердің белсенді атсалысқаны құба құп болар еді деп ойлаймын.Осы жаңалықтан ХХІ ғасырдың оқушылары ойлы ,саналы ғылым білімді игерген өткенді екшеп ,болашақты болжай білетін тұлға болады деп сенемін.Сол үшін мүмкіндік болып жатса деңгейлік біліктілікті арттыру курстарына барлық мұғалімдеріміз түгелдей барып өз білімдерін одан әрі көтеріп шыңдап отырса ХХІғасырдың оқушысын дайындауға лайықты мұғалім шығар еді деген өз ойым бар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал