- Учителю
- Менің Отаным-Қазақстан тәрбие сабағы 5 сынып
Менің Отаным-Қазақстан тәрбие сабағы 5 сынып
Менің Отаным - Қазақстан!
Тәрбие сағаты</<font face="Times New Roman, serif">
Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала
отырып, Отанымыз -
Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған
мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы
түсініктерін
кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге,
туған
еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге,
байлығын қорғауға, өз елінің
патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас
Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Хор: Әнұран.
- Кәне балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын
атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп
аталады.
ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату.
Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)
1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен
(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп
текше жинаған топ жеңіске жетеді.)
Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ
өзінің қоржынына ұпай жинайды.
20 - ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
20 - Еліміздің бас қаласы
20 - ҚР президенті
50 - ҚР туының авторы
50 - ҚР елтаңбасының авторлары
50 - Әнұранымыздың авторлары
100 - Еліміздің көрікті жерлері
100 - Отан туралы өлең айт
100 - Отан туралы ән шырқа
Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау
бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
1 - оқушы: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.
2 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.
3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
4 - оқушы: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
5 - оқушы: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған.
6 - оқушы: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
7 - оқушы: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар
8 - оқушы: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.
- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
1 - оқушы: Отан от басынан басталады.
2 - оқушы: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3 - оқушы: Отансыз - адам, ормансыз - бұлбұл.
4 - оқушы: Отан оттан да ыстық.
5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.
Тілек.
(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек.
Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)
- Балалар! Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы екен. Отансыз
адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп
еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті
болуымыз.
Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып
сермейді)
Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
- дей отырып, осымен «Менің отаным- Қазақстан» атты тәрбие
сағатымызды аяқтаймыз.