7


  • Учителю
  • Вне классная работа на тему «Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке» 6 класс

Вне классная работа на тему «Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке» 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке»


МАҚСАТТАРЫ:

1)Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, соның ішінде Қайрат Рысқұлбековтың өмірін, ерлігі жайында түсіндіріп, оның ақындығын насихаттау, оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.


2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕРІ: Желтоқсан туралы жалынды сөздер жазылған плакаттар ("16 желтоқсан бүкілхалықтық мереке", "Лаула, Лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы!")


СЫНЫПТЫ БЕЗЕНДІРУ:

Жоғарыдағы плакаттар және түрлі түсті шарлар ілінеді.

Сот залы

Түрме

Тәрбие сағатының барысы:

Музыка ойналып, залдың екі жағынан екі жүргізуші шығады.


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 24 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын.


2-жүргізуші: Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.


1-жүргізуші:Бүгінгі «Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке» деп аталатын тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Бұл тәрбие сағаты 1986ж 16-17 желтоқсан күндері болған желтоқсан оқиғасына, онда бейбіт ереуілге шыққан, сонымен тарихта аты қалған желтоқсан көтерілісіне қатысушыларға, онда қаза болғандардың рухына арналады.

1- жүргізуші: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көге түскендер өте көп, солардың бірі - Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.


2-жүргізуші: Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

КӨРІНІС


Темір тордың ішінде Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.


Қайрат:

Қайнама қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда.

Сөйлесем даусым жетпейді,

Кез болдық мынау заманға.

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.


Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.


Хатшы: Сот келеді, тұрыңдар!

Хатшы: Отырыңдар!

Сот үкімді оқиды.

Сот: -Алдындағы сот нәтижесі бойынша:

Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың айыптау ісін қарай келіп, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 баптарына сәйкес соталқасы Үкім етеді.

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмыстық жазаға тартылсын.

Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына , атуға кесілсін.


Апасы: -Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.


Хатшы: -Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.


Сот: Қайрат Рысқұлбеков ақтық сөзің бар ма?


Қайрат: Бар.


"Ақтық сөз" өлеңін оқиды.


Қайрат:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

"Еркек тоқты - құрбандық",

Атам десең атыңдар!


Сот: -Бүгінгі сот жабық.


Екі жендет Қайратты залдан жетеледі.


-жүргізуші: Алматы сәулет құрылыс институтының студенті Қайрат қазақ елінің 21-ші басшысы зобалаңына ұшырып, 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.

1-жүргізуші: Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді.Ол үміттері ақталмады. Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды.Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.


"Желтоқсан желі" - ән.


2-жүргізуші:


Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула,лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиіс емес жалауы.


Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.


Желтоқсанда шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.


Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.


1-жүргізуші: Қазақстан өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізді. Осы күресте 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының алатын орыны ерекше. Ол қазақтың қаншалықты қажыр-қайратты, төзімділігі бар екенін көрсетті.


Мұхтар Шахановтың "Төрт жыл кешіккен шындық " -өлеңі.


Тәуелсіздік шежіресі

  1. 1991 жыл 1 желтоқсан - Тұңғыш президент сайлауы өтіп, көпшілік дауыспен Н.Назарбаев президент болып сайланды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

  2. 1992 жыл маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы мен елтаңбасы қабылданды. Желтоқсан айында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны қабылданды.

  3. 1993 жыл 15 қараша - Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізді. Қазақстан жастарын шетелге оқытуға арналған «Болашақ» стипендиясы белгіленді.

  4. 1995 жыл наурыз - Қазақстан Халықтар ассамблеясы құрылды. 30 тамыз - Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

  5. 1997 жыл - «Қазақстан-2030» стратегиясы қабылданды.

  6. 1998 жыл - Астана қаласының тұсаукесер рәсімі өтті.

  7. 1999 жыл - «Отан» партиясы құрылды.


  1. 2003 жыл - Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының І съезі болып өтті.

  2. 2004 жыл -. Білім беру жүйесінде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу енгізілді.

  3. 2006 жыл 6 қаңтар - Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік әнұраны қабылданды. Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының ІІ съезі болып өтті. «Отан» партиясы «Нұротан» атауға ие болды.

  4. 2009 жыл - Астанада Тұңғыш Президенттің бірінші интеллектуалдық мектебі ашылды.

  5. 2006 жыл - Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының ІІІ съезі болып өтті.

  6. 2010 жыл- Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ны тарағалық қызметті атқарды. Астанада Назарбаев Университеті ашылды.


2011 жыл

-2011 жылдың басты оқиғасы - бұл әрине сәуір айының басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.


-Осы жылы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толды.


-«Дін туралы» жаңа заң қабылданды.


-Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді. Қазақстандықтар келесі жылдан бастап, 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күнін атап өтетін болды.


-Алматы қаласындағы метроның ашылды.

2012 жыл

- Астанада әлемдік және дәстүрлі дінбасыларының IV съезі болып өтті.


-2012 жыл Қазақстан үшін спорт саласында үлкен жетістіктерге толы болды. Лондон Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.


- Қазақстан астанасының EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты конкурсты жеңіп алуы.


-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы.


2013 жыл

-ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды.


- әйелдердің зейнетке шығу жасының көтерілу мәселесі. 10 жылдан соң әйелдер мен ерлердің зейнетке шығу жасы теңесіп, 63 жасты құрайтын болады.


2014 жыл

-2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент халыққа жолдады.


2015 жыл

  • Қазақ хандығының 550 жылдығы

  • қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші

  • қазақтың ұлы ақыны .

  • 20 жылдығы

  • ҚР Конституциясының 20 жылдығы

  • Қазақстан Республикасының президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жаңа аһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар,даму» Қазақстан халқына жолдауы


Әр оқушыда параққа жылдар жызылып, тәуелсіздік шежіресі айтылған соң, парақтың екінші жағында ТЕК ҚАНА АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН ! деген ұранды сөз шығады.

1-оқушы. Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті,

Еркін жүріп көксемеген кеңдікті.

24 жыл тәуелсіздік алдық біз,

Жалғастырып баба жолын елдікті.


2-оқушы. Әнұран бар ұрпаққа өсиет шашқандай,

Теңгеміз бар тайға таңба басқандай.

Көк байрағым көкте биік желбіреп,

Бірлікке шақырып бізді жатқандай.


3-оқушы. Халқым айтқан: жер көтерер ер даңқын,

Елім айтқан: ер көтерер жер даңқын.

Президентім аман болғай Елбасы

Мәңгі жаса, мәңгі жаса өр халқым.


4-оқушы. Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.


5-оқушы. Елорданы көшіріп Ақмолаға,

Астана деп ат қойды жас қалаға.

17 жыл толған бүгінгі Елордаға

Еңселі екен алыстан қарағанда.


6-оқушы. Туындай қанат керген желді күнгі,

Танытты кең әлемге кеңдігіңді.

Тұрғанда «Бәйтерегің» көкке шырқап,

Ұстай біл асқақтатып елдігіңді.

"Атамекен"- ән.


1-жүргізуші: Өзіңдікі елің де,

Өзіңдікі жерің де.

Өзіңді өзің еткен бақ,

Тәуелсіздік төріңде.

2-жүргізуші: Мінеки құрметті көрермендер "Желтоқсан жаңғырығы" атты тәрбие сағаты өз мәресіне жетті.

1-жүргізуші: Қазақ халқы мұндай қасіретке жолықпасын дей отырып, өздеріңізбен қоштасамыз.

Бірге: Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

7




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал