- Учителю
- Тәрбие сағаты: 'Баланың ойыны, қасіреттің себебі'
Тәрбие сағаты: 'Баланың ойыны, қасіреттің себебі'
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Баланын ойыны, қасіреттің себебі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: балаларға өмірлеріне қауіпті үшкір, өткір заттардан, электр приборларынан, тұрмыстық химиялық заттардан, дәрілік заттардан сақтану жолдары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріп, білімдерін кеңейту. Өрттің алдын алуға балаларды ынталандыру. Білім, білік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Спорттық эстафета, көрініс және сұрақ-жауап арқылы қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты.
Сабақтың көрнекілігі: дәрілік заттар, кір жуатын заттар, ұшы өткір заттар суреттері, от, майшам, газ суреттері, слайд.
Сабақтың барысы:
Балаларды шаттық шеңберге шақыру.
1. - Балалар, жан - жақтарыңа қараңдаршы, қандай әдемі! Терезеге қараңдаршы, күн алтын сәулелерін шашып тұр. Ендеше қане шеңбер жасап тұра қалып қоршаған ортамен амандасып жіберейік.
- Армысыз, қайырлы күн!
- Армысыз, қайырымды Аспан ата!
- Армысыз, мейірімді жер-ана!
- Армысыз, шұғылалы Алтын-күн!
- Қуанайық, шаттанайық бәріміз!
- Күліп шықты күн бүгін!
- Бәріміз күндей жарқырайық!
- Бәтіміз тату болайық!
- Бәріміз дос болайық!
Балаларды орындарына отырғызу.
2. Ғажайып сәт. Шырпы, майшам, газ.
Мұғалім: Осы суреттерді көре отырып, сіздерге қандай ой келді?
- Шырпы күнделікті өмірде қажет. Шырпы арқылы майшамды,газды т.б. нәрселерді тұтату үшін іске асырады. Шырпыны үлкендердің рұқсатынсыз алмау керек. Себебі, өрт-тілсіз жау. Шырпының адам өмірінде пайдасымен бірге зияны да болады.
3. Слайд көрсету. Өрт сөндірушілер туралы фото материал көрсету, әңгімелеу.
Мұғалім: Әр адам өз отбасын түрлі қауіптен сақтауға тиіс. Қауіптің түрлері көп. Мысалы: газдан сақтан. Ол тез тұтанғыш, жарылғыш зат. Тіпті түссіз, көзге көрінбейді. Газ өте улы. Сондықтан газдан аулақ бол!
Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата - ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.
Міне балалар, ата - аналардың көмегімен ғана газды пайдалануға болады.
Слайдтар көрсетіледі. Балалар үйде тұрмыстық заттарды аналарымыз қолданады. Тұрмыстық заттарды атайықшы. Нелер жатады? Ыдыс, кір жуатын ұнтақтар, жуынатын сабындарымыз бен сусабындар т. б. Слайд көрсетіледі. Балалар тіпті біздің ауырған кезде ішетін дәрілеріміз шектен тыс қолдансақ, ол өте қауіпті болады. Балалар денсаулық туралы тақпақтар айтады.
«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен болады бақытты өмір»- демекші сергіту жаттығуларын жасасақ.
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір,
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай - ақ.
Келесі өмірімізге қауіпті нәрсе - электр құралдары. Үйдегі үлкендердің көмегімен ғана ол құралдарды пайдалануымызға болады. Балалар осы сақтық шараларын орындамасақ, тіпті өрт шығу қаупі орын алады. Балаларға бейне - ролик көрсетіледі. Ал енді жұмбақ жасырайын.
5.Үйде тұр бір жұлдыз,
Ол барда түн - күндіз.
(электр лампасы)
Енді тақпақтар тыңдасақ.
Электрсыз,
Шырағым,
Болмай - ақ қой шүбәлі,
Теледидар,
Үтік те -
Барлығы істен шығады.
Тату өскен баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Нанға кетсе анамыз,
Үйде өзіміз қаламыз.
Қане кім тапқыр екен? Слайд көрсетіледі. Артығын тап. Неге?
Ал балалар бүгінгі сабақтан өздеріңе қандай пайдалы кеңестер алдыңдар?
Өрт қауіпсіздігі бойынша тест
Өрт шығып жатқанын көрсен қандай іс-әрекет жасайсын?
А) «101» нөміріне қоңырау соғамын -1
Б) Көмекке шақырамын- 2
В) Ешкімге айтпай, қашып кетемін- 1
Егер бөлменін іші ащы түтін болса ?
А) Есікті жаппай, терезені ашамын -0
Б) Шығып кетемін -0
В) Аузымды және мұрнымды суланған орамалмен жауып, еденге жабыса есікке қарай жылжып шығамын- 3
Электр сымы өртенсе ше?
А) Су құямын -0
Б) Үлкендерді көмекке шақырамын- 3
Үстіңдегі киім өртенсе ше?
А) Жүгірем, үстімдегі киімді шешуге тырысамын - 0
Б) Тоқтаймын, жерге домалаймын өртті сөндіру үшін -3
В) Көрпеге оранамын -2
Егер, тамақ әзірлеген уақытта тападағы май жанса?
А) Суланған орамалды жабамын -3
Б) Су құямын -0
В) Тапаны далаға шығаруға тырысамын -0
Егер, өрт басталған кезде сен 5-ші қабатта болсан не істейсің ,телефон жоқ?
А) Су шүберектермен есіктің тесіктерін бекітіп, терезеден көмекке шақырамын -3
Б) Шүберектерден арқан жасап терезеден төмен түсемін -1
В) Көмекке шақырамын -1
Өте қызық бағдарлама көріп отырғанда, теледидардың артынан түтін шықса, не істеуін керек?
А) Бағдарламаны көремін- 0
Б) Үлкендерді көмекке шақырамын -2
В) Телидидарды сөндіріп, өрт сөндірушілерге хабарлаймын -3
5. Қорытындылау
Баспалдақтан далақтап.
Ұшып- қонып Қалтақбай.
Сырғанап кеп Қанаттан
Қшып түсті қалпақтай.
Келеді әркез сендіргім-
Қауіпсіздік керек бұл:
Шығарда үйден сөндіргін,
Құралдарын электр.
Қауіпсіз деп ойлама,
Отпен оқыс ойнама.
Қорытынды:
-
Сонымен бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Назарларына рахмет!
№ 25 жалпы орта білім беру мектебі
Тақырыбы: «Баланын ойыны, қасіреттің себебі»
Сынып жетекші: Жумалинова З.А.
1 «Ж» сыныбы
2014 - 2015 оқу жылы