7


  • Учителю
  • Ашық тәрбие сағат 'Менің Отаным - Қазақстан'

Ашық тәрбие сағат 'Менің Отаным - Қазақстан'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала




Бекітемін:

Ұлықбек атындағы №29 жалпы

Орта мектеп директоры :

..............................А.С.Айтбаева

«...........».........................2015 ж.


1 қыркүйек Білім күніне арналған республикалық Бейбітшілік және келісім сабағы

Тақырыбы: «Менің Отаным - Қазақстан»

Сыныбы: 6 «ә»-сынып

Сынып жетекшісі: Абилова Г.С.

Сабақтың мақсаты: Білім алушылардың рухани-адамгершілік, патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым-қатынас жасау біліктілігін дамыту.

Қазақстандық патриотизм идеясы, Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы және Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы маңыздылығын түсіндіру


Күтілетін нәтиже: Қазақстандық патриотизм идеясы, Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы және Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы маңыздылығы түсінеді

Сабақ кезеңдері, қолданылатын стратегиялар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

5 мин

Оқушыларды өлең шумақтары арқылы топқа бөліп отырғызамын.

Оқушылар өлең шумақтарын құрастыру арқылы 3 топқа бөлініп отырады, топ атын қояды, топтың өкілін сайлайды, құрастырған өлең шумақтарын оқиды, авторын табады. «Ата Заң» , «Достық», «Қазақ хандары»

формативті

Өлең шумақтары

ІІ. Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

І. Қызығушылықты ояту

5 мин

Балалар, жаңа оқу жылы да басталып, сендердің жастарың да бір жасқа ұйғайып, бір сыныпқа жоғарыладыңдар. Жазғы демалысты жақсы өткізіп, оқуға деген құштарлықтарың артып келгеніне қуаныштымын. Ал енді өткен оқу жылына біршама шолу жасап өтсек.

  1. Өткен оқу жылы қандай ерекшеліктерімен есте қалды?

  2. Өткен оқу жылында мемлекетімізде қандай атаулы даталар тойланды?

  3. Тамыз айында қандай мереке аталып өтті?


Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, мемлекетімізде аталып жатқан атаулы даталарды естеріне түсіріп айтады.

-Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы;

-Қазақ хандығының 550 жылдығы;

-Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығы;

-қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойы; -Ата Заңымыз Конституцияның 20 жылдық мерекесі;

формативті

Сұрақ-жауаптар

ІІ. Мағынаны тану

10 мин

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» контексінен осы заманғы Қазақстанның жетістіктері мен табыстары туралы үзінділер көрсетемін

-Қазақ хандығының 550 жылдығы;

-Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 20 жылдығы;

- Конституция туралы мәліметтермен слайд арқылы таныстырамын.

Осы заманғы Қазақстанның жетістіктері мен табыстары туралы мәліметтермен танысады


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» контексінен үзінді

«Жылжымалы хаттар» стратегиясы

12 мин

«Жылжымалы хаттар» стратегиясы арқылы оқушылар тапсырма беремін

Оқушылар топта бірлесе отырып тапсырмаларды орындайды, көрші топтың хаттарына жауап жазады. Соңында өз хаттарын ортада таныстырады.

Формативті

Өзін-өзі бағалау

«Жылжымалы хаттар» стратегиясы

Ата Заң, Қазақ хандығы, Ассамблея туралы сұрақтар

Сергіту сәті

3 мин

Әр топқа патриоттық әндердің бір шумағы мен қайырмасын айтқызу

Әндерді айта отырып оқушылардың көңіл-күйлері сергиді.

Формативті бағалау

Патриоттық әндер

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау

10 мин

  1. Топтастыру стратегиясы «Ата Заң», «Қазақ хандығы», «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы» тақтада орындатамын

  2. «Кір жаю» стратегиясы

«Мен - елімнің болашағымын» тақырыбында эссе

«Кір жаю» стратегиясы

«Ата Заң», «Қазақ хандығы», «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы» туралы мәліметтерді топтастырып жазады.



Эссе жаза отырып өз ойларын, өз пікірлерін, өз түйгендерін еркін жазады.

Формативті бағалау

«Кір жаю» стратегиясына арналған жабдықтар





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал