- Учителю
- Я - патриот своей Родины
Я - патриот своей Родины
Шакенова Жайдарман Исполовна тәрбие сағаты 8-сынып
Мен - өз Отанымның патриотымын
Спорт саңлақтары
Мақсаты: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. «Мәңгілік Ел» ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары етіп таныту, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, Конституция күні мерекесін дәріптеу. Отан сүюшілікке, ерлікке, ұлтын сүюшілікке, батылдыққа, табандылыққа - толеранттылыққа, өжеттілік, қайсарлыққа баулу.
Көрнекілікер: газет қиықшалары, нақыл сөздер, шарлар, ноотбук
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан» Н.Назарбаев
Барысы:
Ұйымдастыру: ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.
Сергіту сәтін өткізу.
Топқа бөліну.
І - Барыс тобы.
ІІ - Алау тобы
Мұғалім: - Қадірлі Ұстаздар! Қымбатты оқушылар! «Мен - өз Отанымның патриотымын» тақырыптағы «Спорт саңлақтары» атты тәрбие сағатына хош келдіңіздер!
Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстан - 2030 » жолдауында «Біздің балаларымызбен немерелеріміз бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы,нарықтық экономика өркендеу үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары болады» - деп нақты көрсетілген.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті. Енді басты міндет осы мемлекеттің өркендеп өсуі. Қазақстанды - «Отаным» деп таныған әрбір адам - осы мақсатқа өз үлесін қосуы тиіс. Отанның бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымдықпен күрес ішкі, сыртқы күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай «патриоттық тәрбие» мәселесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, оның патриоттық санасын дамытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек ұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармалырының алатын орны ерекше.
Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның қоғаммен мемлекет қауіпсіздігіне тікелей байланыстылығын сезіну. Патриотизм мемлекетті жеке адаммен оның өткені, бүгінгі және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді.
Патриотизм - туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат.
Патриотизм - қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу.
Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық.
Бүгінгі шарамыз сайыс түрінде өтеді.
І кезең - интелектуалды марафон
ІІ кезең - спорт саңлақтары
ІІІ кезең - мен - өз Отанымның патриотымын
І кезең: Интеллектуалды марафон
І топ
ҚР жаңа соңғы Конституциясы қай күні, қай жылы қабылданды ? (30 тамыз 1995)
ҚР Тәуелсіздік күні деп қай күні аталған? (16 желтоқсан)
2011 жылы қысқы Азия ойындары қайда өтті? (Қазақстанда)
Қазақстанда тұңғыш рет өткен Азияда ойындарында қанша спорт түрлерінен спортшылар бәсекеге түсті? (14 спорт түрінен)
Азияда ойындарына қанша спортшы қатысты? (800 спортшы)
Қысқы Азия ойындары 2011 жылы қай уақыт аралығында өтті? (Қаңтардың 30-ы мен ақпанның 6-сы)
Қысқы Азия ойындары қай мемлекеттерде өтті?(Жапония,Қытай,Корея)
Азия ойындарына алғашқы кезде неше мемлекет қатысқан?(4 мемлекет)
Азияда ойындарында алтын, күміс және қола медаль саны қанша? (32 алтын,21 күміс, 17 қола)
2011 жылғы Азияда ойындарының бойтұмарына айналған жануар(Ирбис)
ІІ топ
Конституция бойынша халық атынан билік жүргізу құқығы кімдерде? (Президент пен Парламентте)
Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қай қала еді? (Теміртау)
Қазіргі кезеңде Қазақстанда неше облыс бар? (14 облыс)
Олимпиада ойындарының негізгі белгісі не? ( негізгі белгісі - бес шығыршық )
Қысқы Азия ойындарында қанша медаль сарапқа салынды?(59 медаль)
Алғашқы Азия ойындары қай қалада өтті?(Жапонияның Саппоро қаласында)
Азияда 2007 жылы қай елде болды? (Чан-чун)
Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? (олимпиада)
1980 жылы олимпиада қай қалада өтті?(Мәскеу)
Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы? (футбол)
Екінші кезеңге көшпес бұрын мына сұрақтарға жауап беріңдер:
-Неге бүгін біз спортшылар туралы айтып отырмыз?
-Оларды өз елінің патриоты деп санауға бола ма?
-Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
ІІ кезең Спорт саңлақтары
Міне, күллі әлем көз тіккен Рио-де-Жанейро қаласындағы ХХХІ жазғы олимпиада ойындары мәреге жетіп қалды деуге болады. Бұл олимпиада Қазақстан құрамасы үшін сәтті болды деуге толық негіз бар. Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алып, ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Алтыны аздау демесек, төрт жылда бір келетін дүниежүзілік додада ел қоржынына түскен бұл жүлделердің бәсі жоғары. Ендеше, қазақстандық саңлақтардың жүлде алған сәттерін және кейбір опық жеген тұстарын тағы бір еске түсірейік.
І топ
А)Спорт - деген сөзге ассосация құрып, «Рио 2016» олимпиадасында болған боксшы спортшылар туралы айтады.
Ә)Мақал-мәтелдің жалғасын тап:
Денсаулық - ………. (зор байлық.)
Ауырып ем іздегенше,………… (ауырмайтын жол ізде.)
Шыңықсан - ......................(шымыр боласын)
ІІ топ
А)Денсаулық - деген сөзді ұғындырады. «Рио 2016» олимпиадасында болған күреске қатысқан спортшылар туралы айтады.
Ә)Мақал-мәтелдің жалғасын тап:
Тәні саудың - …….. (жаны сау.)
Еңбек пен бақыт -……. ( егіз.)
Спорт - денсаулық ………. (кепілі.)
ІІІ кезең - мен - өз Отанымның патриотымын
І топ - өлең шығару
ІІ топ - үгіт-насихат жүргізу
Рефлексия өткізу. Стикерлерге «Мен - өз Отанымның патриоты» болу үшін не істеймін дегенді жазып ұғындыру.
Қорытынды: «Көк тудың желбірегені» әнін орындау.
Еркін алға басатын
Ертеңге жол ашатын
Ұрпақтардың бақыты.
Қазақ елі жасасын!
Сүйемін байлығымды, тілімді.
Киелім, айбынымды, күнімді.
Орнаймын көгіне жұлдыз боп.
Қорғаймын Отанымды - Туымды - деп бүгінгі сабағымыз аяқталды. Хош келдіңіздер.