7


  • Учителю
  • «Жақсылыққа толы жүрекпен» сыныптан тыс жұмыс

«Жақсылыққа толы жүрекпен» сыныптан тыс жұмыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жумыкбаева Бекзат Жекебаевна

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы білім бөлімі ММ -нің «Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп -кешені» КММ -нің бастауыш сынып және өзін -өзім тану мұғалімі



Тақырыбы: «Жақсылыққа толы жүрекпен»

Мақсаты:Балаларды өзін-өзі тани білуге ,адами қарым-қатынастарын жетілдіруге,жақсы қасиеттерді бойларына сіңіре білуге,адамгершілік құндылықтар арқылы рухани жан дүниені байыту және жақсылық жасай отырып достыққа ,адалдыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар,оқушылар!Бүгінгі «Шаттыққа толы жүрекпен»атты шаттық шеңберіне хош келдіңіздер!

Адамның бойындағы ең жақсы қасиеттер адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық . Сол қасиеттердін бәрі осы жанның бойынан табылатын сонымен қатар жас жеткіншектерге рухани тәрбие беріп, олардың бойындағы жақсы қасиеттерді дамытуға және жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен үлес қосқан «Бөбек» қайырымдылық қорының презитенті- Сара Алпысқызы! Сара Алпысқызына еңбегіне жеміс,көңіліне шаттық,ұзақ ғұмыр тілейміз!

Шаттық шеңбері

Ерғанат Назым:

Қуанамыз арайлаған ақ таңға

Қуанамыз жақсылық болып жатқанға

Қош кепсіздер салтанатты бұл кешке

Сәлем беріп бас иеміз сіздерге.

Күннен шуақ аламыз

Жерден қуат аламыз

Бейбіт күнде шат күлген

Біз бақытты баламыз.

Ән: « Болайықшы бақытты»

Жүргізуші:

Осы Сара апаларына өз тілектерін білдіруге келген кішкентай бүлдіршіндерді қарсы алайық

Асия:

Қамқор болған біздерге

Сара апа біздің панамыз

Нұрсұлтан ата-данамыз

Атамыздай ақылды

Біз кемеңгер боламыз

Арай:

Сәбилердің жүзінен

Арайлы таң көрінер

Сара апаның сөзінен

Шуақ көрген бүгін ел

Марал:

Туған жер алтын бесігім

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Мәңгі бақи есімде

Елдос:

Сүйемін туған елімді

Отаным,өскен жерімді

Маржандай асыл қасиетің

Жүрекке жыр боп төгілді

Алуа:

Өмір сәні достықта

Көңіл нәрі достықта

Жүрекке мәңгі жалғадық

Сырға сырды қостықта

Таңшебер:

Жақсылықтан үйреніп

Боламыз біз жақсы адам

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан

Айдана:

Салақ болсаң жасыңнан

Шыбын кетпес қасыңнан

Таза болсаң жасыңнан

Сабын қалмас қасыңнан

Несібелі:

Екі көзің не үшін керек ?

Жақсыларды көру үшін. .......

Барлығы бірге

Жақсылық-біздің сиқырлы шеңберіміз

Жақсылық-біздің достарға сенгеніміз

Жақсылық-таңнан бірумен достасуың

Жақсылық-кеште достармен қоштасуың

Жақсылық-жасаған қандай бақыт.

Жүргізуші:

«Жақсылық»көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла

«Жамандық »көрсең біреуден

Мен қандаймын деп ойла

Жақсылық дегеніміз не? Жақсылықты қалай іздеп табуға болатынын көріністен тамашалаңыздар.

Көрініс: «Жақсылық пен жамандық»

Автор:Нұрайым

Бала:Айшуақ

Ана: Толайым

Бұлақ: Айым

Апа: Нұргүл

Ата: Алмас

Жол: Шалқар

Бәйтерек:Аружан

Жүргізуші:

Бүгінгі шаттық шеңберімізді мына ақын -жазушылардың өлең шумақтармен аяқтағымыз келіп отыр.

Назым : «Жақсы адам көңілі-күн»

Жақсы адам көңілі - күн,

Жанға сәуле түсірген.

Нашар адам көңілі - түн,

Кеудеден отты өшірген.

Талпын жақсы болуға,

Күндей сәуле шашатын,

Білім іздеп, өнер тап.

Түнді күндей ашаты.

Толған айдай жан болсаң,

Толсын ақыл ішіңе,

Күн көзіндей жан болсаң,

Ел сүйетін ісіне.

Ақыл қуған адаспас,

Ақылда дос бар тетік.

Қапта жатқан таза алма,

Шығар бір күн жарық етіп,

Өркен: «Жақсылықтың төрт түрі»

Нұрайым : Рудаки 169 бет 7-сынып

Жүргізуші: Жүрегіміз жақсылыққа толы болсын !













































































2012-2013 оқу жылы

«Келісемін» «Бекітемін»

тәрбие ісінің меңгерушісі: мектеп директоры:

Л.Н.Алимбаева Р.О.Бектыбаева

«__»______________2012ж. «__»________2012ж











Ашық сабақ









Дайындаған:Такебаева А.Ж.























2011-2012 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал