- Учителю
 - Сабақ жоспары 'Жаныңда жүр жақсы адам
 
Сабақ жоспары 'Жаныңда жүр жақсы адам
 
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
 
Мектеп: Бірік орта жалпы білім беретін мектебі
Күні:17.04.2015ж. №28 сабақ
Тақырып: Жаныңда жүр жақсы адам
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: Дұрыс тыныс алу, өзін -өзі алдамау, шыдамдылық.
Мұғалiм: Батырханова Гулбану Зинетқызы
Орта буын
Сыныбы: 6
Оқушылар саны: 20
 
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды жақын адамдардың өзара қарым -қатынастағы , ынта -ықылас, жан -жылуымен, қадір -қасиетін ұғындыра отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнінін ашу.
Міндеттері:
-  
Оқушылардың адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерін үйрету.
 -  
Оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу іскерліктерін дамытып және өзін -өзі алдамауға дамыту.
 -  
Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
 
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)оқулық, үнтаспа, оқушы дәптері, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылардың құрал -жабдықтарын түгендеу 5 «Т» ұстанымын еске түсіру.
1.Тәртіп. 2.Талап. 3.Тыныштық 4.Тазалық. 5.Татулық.
-  
Тыныштық сәтi.
 
Нұрға бөлену(баяу әуен)
Сабақ барысын талқылау:
-  
Үй тапсырмасын тексеру.28- сабақ. (мәтінмен жұмыс)
 
Үй тапсырмасына «Менің әкем» повестен үзінді О.Бөкей
Мәтін бойынша сұрақтар:
-  
Баланың әкесі жайында толғануы?
 -  
Туған жердің бала сезіміне әсер етуі?
 -  
Ұрпақ жалғастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
 
 
-  
Дәйексөз.
 
«Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзіңді өзің зертте».
(Конфуций)
- Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
- Өзіңді жақсы адамдардың қатарындамын деп ойлайсың ба?
- Жақсы адамдардың қасында болғанда өзіңді қалай сезінесің?
 
-  
Әңгiмелеу (мұғалім сыйы).
 
Боз орамал.(П.Джон)
Сұрақтар:
-  
Бала туғандарынан не себеппен қол үзді деп ойлайсыңдар?
 -  
Жасөспірімнің ар азабын кешу себебі неде?
 -  
Жасөспірімнің жаны жай тапты ма?
 
 
-  
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
 
Эссе жазу «Маған қымбат жандар». Жұмыс нәтижесін қорытындылау.
 
-  
Топпен ән айту.
 
«Анаға сәлем»
Сөзі О.Иманәлиевтікі
Ән Е.Хасанғалиевтікі
Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді
Көргенше алаңмын
Аңсаймын толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
 
-  
Үй тапсырмасы. 29- сабақ
 
Т. Айбергеновтың «Адамдар» өлеңін жаттау. Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі №1 тапсырманы орындап келу
-  
Соңғы тыныштық сәтi.
 
Баяу әуен қосылады.
-  
Көзімізді жұмып, тыныштықта өзіміздің жақын адамдарымызды көз алдымызға елестетейік. Жақын адамдарымызды жүрегімізге сақтайық.